Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет48/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
БЕССЕЛЬ ӘДІСІ
Ж
инағыш линзаның бір жағына жарық көзін, ал екінші жағына нақты кескінді алу үшін экранды орналастырамыз. Жарық көзі мен экранның L қашықтығын анықтаймыз. Егер арақашықтық үлкен болса, линза арқылы экранда нәрсенің үлкейтілген және кішірейтілген екі анық кескінін алуға болады (6-сурет).
6-сурет. Бессель әдісімен кескін алу.
Бұл күйлерді (1а) теңдеуден және (2) шарттан табамыз:
(1а)
(2)
(2) формулада линзаның бас жазықтықтарының арақашықтығын L-мен салыстырғанда ескермеуге болады. s′ қашықтықты (2) шарттан және L арқылы өрнектеп, оны (1а) формулаға қойсақ, квадраттық теңдеу аламыз:
(3)
Егер бұл теңдеудің дискриминанты нольден үлкен болса,
(4)
онда s қашықтығының екі мәнін аламыз:
(5)
(4) шарт экранда анық кескінді тек нәрседен экранға дейінгі қашықтық линзаның фокустық қашықтығынан төрт еседен көп болғанда алынатынын көрсетеді. Нәрсенің үлкейтілген және кішірейтілген кескініне сәйкес келетін линзаның екі күйінің арасындағы А қашықтығы және қашықтықтарының айырмасына тең:
(6)
(6) теңдеуден фокустық қашықтықты былай табамыз:
(7)
Алынған формула Бессель әдісінің фокустық қашықтықты анықтау формуласы болып табылады.
Б
ессель әдісімен шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығын анықтау мүмкін емес, себебі бұл линза нәрсенің тек жалған кескінін береді. Егер шашыратқыш линзаны жинағыш линзамен беттестірсе, онда жинағыш оптикалық жүйе пайда болады (7-сурет).
7-сурет. Линзаларды қосу.
Бессель әдісімен жинағыш линзаның және пайда болған жүйенің фокустық қашықтығын анықтауға болады, ал шашыратқаш линзаның фокустық қашықтығын солар арқылы табуға болады. Линзаларды тығыздап қосқан кезде олардың оптикалық күштері қосылады:
(8)
Бұл формуладан екінші линзаның фокустық қашықтығын табуға болады:
(8а)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет