Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы
SYLLABUS мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы/элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды «6В01505-физика-информатика», «6В01502-Математика-физика» БББ бойынша элективті пәндер каталогы (2019 – 2023жж.).
Мақсаты: Жалпы физика курсының «Оптика» бөлімінде жарық пен рентген сәулелерінің табиғаты мен қасиеттері және олардың затқа ететін әсерлері туралы теориялық және практикалық білім қалыптастыру. Бұл пән физикалық эксперемент пен практикалық тәжірибе нәтижелеріне негізделген физикалық теория ретінде оқытылады.
Бүгінгі таңда ғылым логикасы мен физиканың даму тарихына сәйкес адамзат өмірінің әр саласында қолданылатын оптикалық процестер мен сипаттамаларды ғылымға енгізе отырып, оларды жарықтың толқындық, электромагниттік, кванттық теориялары арқылы біртіндеп түсіндіру. Сонымен қатар оптикалық процесстердің ғылымдағы, техникадағы және күнделікті өмірдегі алатын орнын айқындау.