Имашева турсынай бахытжановна


«Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» атты элективті курс



бет23/34
Дата23.09.2023
өлшемі6,21 Mb.
#110020
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
3.2 «Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» атты элективті курс
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда.
Қазақстан Республикасында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыруда басты орын алатын, білім сапасын арттыруға, жоғары оқу орындары арасындағы (отандық және шетелдік) ынтымақтастық келісімшартты орнатуға мүмкіндік туғызатын академиялық ұтқырлықтың ерекшелігіне назар аударылды. Өйткені, академиялық ұтқырлық кез келген жоғары оқу орнының халықаралық қызметінің маңызды бағыты. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыздандыру және оны жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттері Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нақты белгіленген. Сондықтан болашақ мамандарды даярлауда басшылыққа алынатын нормативті-құқықтық құжаттарға талдау жасалып, зерделенді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2018 жылғы 12-қазандағы №563бұйрығына қосымшада: «академиялық ұтқырлық (academic mobility) – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге (семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) академиялық кредиттер түрінде игерген білім беру бағдарламаларын, пәндерін міндетті түрде қайта сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-да немесе басқа ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру» - деген анықталады.
Әдістемені жасаудың мәні- болашақ әлеуметтік педагог ретінде студенттің ғылым салаларынан алған білімдеріне сүйеніп, дүниетанымдық көзқарастарын, ой-тұжырымдары мен пікірлерін және осылардың негізінде рефлексиясын дамыту. Ұсынылып отырған әдістеме болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуда студенттің қоршаған ортаға, басқа адамға қатынасы бойынша құндылық бағдарды игеруге, кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін рефлексивтік тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады.
Әдістеменің мақсаты: жоғары оқу орнында болашақ әлеуметтік педагогтар ретінде студенттің кәсіби өзін-өзі дамытуда оқу және оқудан тыс іс-әрекет түрлерінің диалектикалық бірлігін саналы түсінуін және кәсіби өзін-өзі дамытуды қамтамасыз ету, практикалық іс-әрекетте кәсіби даму құзыреттілігін, кәсіби өзін-өзі дамуын қалыптастыру.
Бұл тарауда біз «элективті курс» анықтамасы, элективті курсымыздың мақсаты, міндеті, тақырыптары мен олардың мазмұны ұсынылатын болады.
Болашақ мамандардың кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту құрылымында біз мотивациялық-мақсатты, мазмұнды-операциялық және рефлексивті компоненттерді бөлеміз.
Болашақ маманның кәсіби және жеке өзін-өзі дамытуының мотивациялық-мақсатты компоненті – бұл трансформация (өзін-өзі дамыту) мақсаттарына жету үшін қолданылатын күш-жігердің бағыты мен көлемін анықтайтын жағдайлар жиынтығы; оны қамтамасыз етпесе де, кәсіби мінез-құлықтың мақсаттылығын дайындайды.
Дайындықтың мазмұнды-операциялық компоненті болашақ мамандардың дайындық процесінде игеретін көлемін, сондай-ақ олардың қалыптасуы мен дамуы керек, олар не үшін дайындалуы керек екенін көрсетеді. Рефлексивті компонент мақсатты кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту процесінде олардың іс-әрекеттерін объективті бағалаудың болуын болжайды. Компонентті екі бөлікке бөлуге болады: трансформация нәтижелерін бағалау және нәтижелерді түзету.
Зерттеу жұмысында дайындалған әдістеменің бірінші бөліміндегі «Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» элективті курс студенттерге арналады. Ол элективті курс бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі құрастырылып, оқу-тәрбие процесінде болашақ әлеуметтік педагогтарды кәсіби өзін-өзі дамытуға ықпал ететін жүйелі кәсіби іс-әрекеттер белгіленеді.
Біз ұсынып отырғaн «Болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» атты элективті курс оқу үдерісіне енгізілетін және 5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін–өзі тану мамандығының 6 семестрінде оқылуға жоспарланған.
Себебі 1 курста жалпы білім беру пәндері, 2 курста базалық пәндер, ал 3 курста кәсіптендіру пәндері оқылады. Біздің ұсынып отырған элективті курс бағдарламаларымыз кәсіптендіру циклінің таңдау пәндеріне кіреді. Элективті курсты оқытудың мaқсaты – әлеуметтік педaгогикaлық іс-әрекет сaлaсындaғы негізгі білімдері, біліктері мен тәсілдерін игеруімен; тұлғaның шығaрмaшылық, кәсіби шеберлік әлеуетін дaмыту және өздігінен жүзеге aсыру тәсілі ретінде кәсіби өзін-өзі дамытуға бaғыттaлуымен, өзін-өзі жетілдіруге бaғдaрлaнумен aнықтaлады.
Элективті курс бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі құрастырылып, оқу-тәрбие үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби өзін-өзі дамытуға ықпал ететін жүйелі педагогикалық іс-әрекеттер белгіленді (№ кесте).
«Әлеуметтік педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту» элективті курсы студенттерді табысты кәсіби қызметтің маңызды факторы болып табылатын нәтижелі тұлғалық-кәсіби дамуды қамтамасыз ететін механизмдермен, жағдайлармен, техникалармен және тәсілдермен таныстырады.
Бұл элективті курс педагогика оқытушыларын, әлеуметтік педагогтарды, мектеп мұғалімдерін, түзету педагогтарын арнайы курс ретінде дайындау үдерісінде қолданылуы мүмкін.
Бұл курстың мақсаты-болашақ педагогтердің кәсіби өзін-өзі дамыту тәсілдері, олардың мәні, ерекшеліктері және практикалық маңызы туралы, педагогтың тұлғалық кәсіби даму деңгейінің қазіргі заманғы білім беру технологияларын жүзеге асыру тиімділігіне, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениетіне әсері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Берілген мақсаттарға жету пәнаралық байланыстарды сақтау, студенттердің «Педагогика», «Адам психологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Мәдениеттану», «Педагогикалық антропология» сияқты оқу пәндері шеңберінде алған білімі мен іскерлігінің талап етілуі жағдайында неғұрлым тиімді болады. Курстың әдіснамалық негізі жалпы психология, даму психологиясы, педагогикалық антропология ғылым ретінде білім болып табылады.
Сонымен қатар, классик-педагогтардың теориялық мұрасы, қазіргі заманғы психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жетістіктері, қазіргі заманғы жаңашылдықтардың тұжырымдамалық әзірлемелері. Курсты оқу нәтижесінде бітірушінің біліктілік сипаттамасына сәйкес білім мен іскерлікке қойылатын талаптарға сәйкес студент білуге міндетті:

  • әлеуметтік педагогтың тұлғалық-кәсіби даму және өзін-өзі дамыту мәні, кезеңдері;

  • кәсіби өзін-өзі дамыту дағдарыстары, себептері мен жеңу жолдары;

  • өзін-өзі тану және жеке тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары;

  • кәсіби өзін-өзі дамытудың мәнін әлеуметтік педагогтың жалпы жұмыс жүйесіндегі ерекше технология ретінде түсіну;

  • таңдаған кәсіби қызмет аясындағы өз көзқарасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет