Индек с 75579 Құрметті оқырман! Бар буынның талғамынан шығатын, жас толқынның сырын бірден ұғатын, «Жас өркен-Қостанай» журналына 2016 жылдың екінші жазылуды ұмытпаңыз


-  Балалық  арманыңыз  бен  өмірлік



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата08.01.2017
өлшемі7,18 Mb.
#1402
1   2   3   4   5   6   7

-  Балалық  арманыңыз  бен  өмірлік 

мақсатыңыз  ұштасыпты.  Мақсатқа  жету 

қаншалықты қиын? 

-  Талдықорған  қаласындағы  №  20  орта 

мектепті  алтын  медальмен  бітірген  соң,  Ку-

тахов атындағы Армавир жоғары әскери ави-

ация  училищесіне  оқуға  түстім.  1993  жылы 

«Командалық,  тактикалық  жою  авиациясы» 

мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш-инженер 

маманы атандым. 1993 жылы өзімді ғарыш-

керлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдір дім. 

Оған дейін Талдықорғандағы әуе базасында 

командир болып қызмет еттім. 470 сағат әуеде 

ұшып, парашютпен 360 рет секірдім. Өзіме нық 

сенімді  едім.  Бұйыртып,  2002  жылдың 

9-қа рашасында  Қазақстан  Республикасы 

ғарышкерлерінің қатарына қосылып, 2003 жылы 

медициналық  тексеруден  өтіп,  жаттығу  жұ-

мыс тарына кірістім. Ал, 2009 жылдың 15-жел-

тоқсанында  Мемлекеттік  ант  қабылдап, 

«Қазғарыш» басшысының кеңесшісі  ретінде 

қа былдандым.  Содан  кейінгі  жылдары  осы 

агенттікте  бөлім  басшысы,  департамент 

бас  шы сы  сияқты  бірқатар  лауазымды  қыз-

меттерді атқардым. 2014 жылы ҚР Әскери-әуе 

күштерінің полковнигі атағын алдым. Осылай, 

бала кезгі арманым жүзеге асты.

- Ғарыш әлемінде ас ішу, ұйықтау,  жұ мыс 

істеу секілді  үйреншікті істер қалай жүзеге 

асты? Бос уақытыныз болды ма?

- Ғарыштағы алғашқы күндері ұйықтау мүмкін 

емес еді.  Тартылыс күші болмағандықтан күні-

түні ауада қалықтап тұрасың. Әдетте біздер 

жастық жастанып, басымызды ыңғайымызша 

қисайтып, ұйқыға бас қоямыз ғой. Ал ғарышта 

қалаған жағыңа қисайып, бір бүйірмен ұйық-

тай  алмайсың.  Сондықтан  ғарышта  болған 

сә тімде жерде жатып мызғығанды қатты аң-

садым. Станциядағы тоғыз адам ас ішуге жиы-

ламыз кейде. Ал борттың еніне бес адам ғана 

сияды. Ал қалған төртеуі жоғарыда қалықтап 

тұ рып тамағын жейтін. Басында үйренісе ал-

4


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ғарышкер

мадық.  Кейіннен  орындарымызбен  ауысып, 

ау қаттанып жүрдік.  



-  Осы  сапарда  қандай  ғылыми 

жаңа лықтар  ашылды?  Қанша  қаржы 

жұмсалды?  Адамзат  баласының  аспан 

әлеміндегі  зерттеулері  қаншалықты 

маңызда? 

-  Сапардың  құны  20  миллион  доллар. 

Осын ша  қаржы  кеткен  жұмыс  жемісін  бе-

ре тініне  сенімдімін.  Ғарыш  кеңістігінде  қа-

зақстандық ғалымдардың тапсырысы бойын­

ша физика-техникалық, медико-биологиялық 

20-ға  жуық  ғылыми  тәжірибе  жүргіздім. 

Бұлардың  бәрі  отандық  ғылымды  дамыту 

үшін аса қажет жобалар. Соның ішінде мұз-

дықтар  мен  «Кулон  кристалдарын»  етене 

зерттедім. Менің сапарымның негізгі міндеті 

пси хофизиологиялық тәжірибе: контент және 

өзара  байланыс  деп  аталды.  Бұл  дегені ңіз 

ғарышкерлердің  ұзақ  сапардағы  жұмыс-

тарының  жан-жақты  байланысын  зерттеу. 

Арал  мен  Каспийді  суретке  түсіріп,  мони-

то рингін  жасау  кезінде  Қазақстанды  алғаш 

бақы ладым.  Иллюминаторда  тұрып,  объек-

тивке  керек  аудандарды  сыйғызу  керек  еді, 

ал Халықаралық ғарыш стансасы секундына 

7,8  километрмен  ұшты.  Арал  теңізін  бірден 

бақыладым, мұнайлы өлкені табу сәл ең бек-

тенуді  қажет  етті.  Арал  теңізінен  шаң-тозаң 

тол қыны шығып жатыр. Соның әсерінен жақын 

аудандар  залалдарға  тап  болуы  мүмкін. 

Сондықтан  да  мониторинг  жасау  аса  керек 

болды. ХҒС Жер шарын 92 минутта айналады. 

Керек ауданды түсіре алмай қалсам, тағы да 

сондай  уақыт  күтуге  тура  келеді.  Он  күнге 

со зылатын  сапар  барысында  басқа  да  фи 

­

зикалық-ғарыштық  тәжірибелер  мен  эко-



логияға қатысты мониторинг жүргізіп, шаң ды 

дауылды зерттедім. Таяуда бір ғалым ғарышта 

жүргізілген  тәжірибенің  арқасында  ғылымда 

маңызды төрт ғылыми-зерттеу жұмысы қолға 

алынғанын  айтып,  қуантты.  Сонымен  қатар 

ульт ракүлгін сәулелерді сақтап алатын арнайы 

камерамен  ғарыш  кеңістігіндегі  гамма  сәу-

ле лерін  түсіріп  алдым.  Бұл  зерттеудің  ме-

ди ко-биологиялық  маңызы  зор.  Біздің 

ғалымдарымыз алдағы уақытта осы материал-

дарды  пайдаланып,  радиация  сәулесін  кең 

кө лемде зерттейді. Ал тәжірибе жүргізу бары­

сында ешқандай төтенше оқиға болған жоқ. 

- Аға, сіз аспан әлемінде «Қазақтың дас-

тарханын» жайған бірінші адамсыз. Бұл 

да зерттеудің бір бөлігі болды ма? 

-   Б о й ғ а   қ у а т   б е р е т і н   ұ л т т ы қ 

та ғам   дардың  адам  ағзасына  ғарышта 

қалай  әсер  ететінін  тә жірибе  жүзінде 

тексеріп көруім тиіс болатын. Жос пар бой­

ынша  бұл  тәжірибе  тек  ресейлік  эки паж 

мүшелерінің  қатысуымен  жасалуы  керек 

болған.  Алып  барған  тағамдарымды  ко-

мандирдің кеңесімен ХҒС барлық мүшелерімен 

бөлістім. Мәселен, таңғы асқа көже мен ірімшік, 

түсте  жаңғақтармен  шай  іштік.  Құрамдағы 

аме рикандықтар Скотт Келли, Челл Линдгрен 

және жапон азаматы Кимия Юи қазақ та ғам-

дарын аса жоғары бағалады. Ұлттық та ғам-

дарды Қазақ тағамтану академиясы жа сады. 

Экипаж мүшелеріне қазақ тағамдары жайында 

айтып  бердім.  Мәселен,  құрт.  Ол  біздің  ата 

-бабаларымыздың аса сүйіп жейтін сүттен жа-

сал ған тағамы. Кейбіріне құртты тұз қосылған 

сүз бе  деп  те  түсіндірдім.  Ал  ауылдағы  әже-

ле ріміз жасайтын кәнігі ірімшікке экипаж мү-

шелерінің барлығы қызықты. «Бірінші ас – қа-

зақша  дайындалған  еттің  құрғатылған  түрі. 

Салмақсыздық жағдайында тамақ жеу үйреншікті 

іс  емес.  Ет  дәмді,  бірақ  құрғақтау.  Сорпа 

жетіспейді» деп жаздым желіде. Бие сүтін алып 

барғанымның да өзіндік себебі бар. Бұл сүтте 

жасанды синтезделген май болмайды, ал ол рак 

клеткалары ауруларына таптырмас ем. 



Айдын аға, шыны керек, миллиондаған 



жас үшін сіз үлгі тұтар тұлғасыз. Ғарышқа 

аттанар кезде және одан оралып келген соң 

бойыңызды қандай сезім баурады.  Аспан 

әлемінен оралған соң өміріңізде қандай да 

бір өзгерістер болды ма? 

- Өмірім тіпті қарапайым тұрмыстан бастап 

өзгерді. Мысалы, көшеде адамдар мені танып, 

амандасып жатады. Ғарышкер боламын деп 

жүрген жастар үшін менің сапарым бұл арманды 

орындауға болатындығын көрсетті. Сонымен 

қатар, «Халық қаһарманы» атағы!  Бұл мен 

үшін үлкен абырой, үлкен жауапкершілік!  Бірақ, 

қарапайымдылыққа қашан да сақтағанды жөн 

көремін. 



- Айдын аға, сіз осы сапарыңыз арқылы 

жас тарды  қанаттандырып,  арманы  бар 

адам ды жолдан тайдыру мүмкін емес еке нің 

тағы бір мәрте дәлелдедініз! Сұхбатыңызға 

рахмет!

P.S Кездесу барысында ғарышкер ағамызға  

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры 

атағы  берілді.    Алдағы  уақытта  қара  шаңы-

ра ғымыздың қабырғасында бұл кісімен өтетін 

кездесулер әлі көп болатынына сенеміз! 



Сұхбаттасқан Жұпар ҚОЖАХМЕТОВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс студенті;

Суретте: Халық қаһарманы 

Айдын Айымбетов.

5

C



M

Y

K



Шоқан Уалихановтың 

туған жері қайда?



Биыл Шыңғыс тұқымынан шыққан қазақ ағартушысы Шоқан 

Уәлихановтың туғанына 180 жыл, ал дүниеден өткеніне 150 жыл 

толып отыр. Ол өзінің қысқа ғұмырында көптеген зерттеулер

еңбектер жазды. Оның  өмірі әлі де зерттелуде. Шоқанды  зерттеуде 

көп еңбек сіңірген  тарих ғылымының профессоры, ғалым Аманжол 

Күзембаевтан сұхбат алған болатынбыз.   

- Сіз Шоқан Уәлиханов туралы 

зерттеулер жүргіздіңіз. Тың дерек-

тер табылды ма? 

- Шоқан өмірдерегі, шығармашылығ 

туралы талас тудыратын мәселелер 

бар.  Соның  ең  біріншісі  ғалымның 

қай  жерде  туғандығына  қатысты 

дерек. Бұл туралы екі түрлі пікір бар. 

Біреулер  Көкшетаудағы  Сырым-

бетте  туды  десе,  екінші  біреулері 

Қостанайда  туды  деп  айтып  жүр. 

Шоқан  Қостанайда  туды  деген 

пікірдің өзі екіге жарылады. Біріншісі, 

Ақылбек  Шаяхмет  ағайларыңның 

пікірі Күлтиместе туды дегенге келеді. 

Екіншісі  Құсмұрында  туды.  Осының 

қайсысы  дұрыс  деп  сұрасаң,  мен 

айтайын.  Мен  Омскінің  архивінде 

болдым.  Архивте  Шоқанның  топа-

графия сабағынан жүргізген дәптері 

бар екен. Сол дәптерге карта сызып, араб әрпімен 

«біздің үй» деп жазып қойыпты. Ол карта бойынша 

Күлтимеске келеді. Шоқан 1835 туды, 1834 жылы 

оның әкесі, жап-жас жігіт Құсмұрын округына аға 

сұлтан болды. Ол туған кезде Құсмұрын бекінісі 

болған  жоқ.  Сондықтан  Шоқанның  Құсмұрында 

тууы мүмкін емес. Көкшетауда туды деген пікірге 

келетін  болсам,  Шыңғыстың  келіншегі  қыстыгүні 

жаңа туған нәрестемен Сырымбетке баруы немесе 

сонда босануы мүмкін емес. Ол кезде Сырымбет 

әлі  салынып  біткен  де  жоқ  еді.  Жаңа  үйленген 

жігіт  жүкті  әйелін  үйіне  апарып  тастамайды.  О 

заманда  да  солай,  бұл  заманда  да  солай.  Тағы 

бір айтарым, Потаниннің айтқан сөзі бар: «Шокан 

никогда  не  вспоминал  о  Сырымбете»  -  дейді. 

Яғни ол Сырымбетті ешқашан есіне алған емес. 

Шоқан  Сырымбетке  есейгенде  баруы  мүмкін, 

оған дейін барған емес. Құсмұрынның орталығы 

Қараоба  деген  жерде  болды.  Құсмұрын  бекінісі 

салынып бітеді де,  4-5 жылдан соң ғана ол жерге 

көшеді. Сондықтан Құсмұрында тууы мүмкін емес, 

Көкшетауда тууы тағы да мүмкін емес. Сондықтан 

оның туған жері – Күлтимес.

Қазіргі көтеріліп жатқан тағы бір мәселе бар. Ол 

кім? Шоқанның бізді отарлаушы патша үкіметінің 

офицері екенін жасырмауымыз керек. Сол отар-

лаушы елдің офицері, барлаушы ретінде Қытайға 

барып,  бұрын  Ресей  білмеген  Қытайды  Ресейге 

ашып  береді.  Бірақ  барлаушы  болдың  деп  оны 

кінәлауға болмайды. Оның заманы сондай болды. 

Ол сол заманның ұлы. Сол кездегі билікке қызмет 

істеді. Бірақ билікке немесе халыққа қызмет істеп 

жатырмын деп ойлаған жоқ. Өзінің күнделікті, функ-

ционалды жұмысын атқарды. Бұл – екінші мәселе. 

Үшінші мәселе, әрине, ол – қатарынан артық туған 

талантты жан. Отызға толмай жатып қайтыс болып, 

қаншама еңбегін қалдырып кетті. Қазақтың ішінен 

шығып өз тарихын жазған алғашқы тарихшы. Біз 

оның  жаман  жақтарын  іздемей,  артықшылығын 

айтуымыз керек. Ғылымға не кіргізсе, бізге сонысы 

қымбат. Төртіншіден, Еуропада қазақ оқу-білімнен 

хабары жоқ, көшпелі, жабайы халық деген көзқарас 

қалыптасқан  болатын.  Оның  бәрі  бірдей  емес, 

оқымыстылар қазақтың кім екенін білді. Ал жал-

пы Еуропа халқы қазақ халқынан онша хабардар 

болмады.  Сол  кезде  Шоқан  жарқырап  шығып 

қазақтардың ішінде де ақылдылар бар деген пікір 

Сөнбес сәуле

32


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Белсенді жас

Ахмет Байтұрсынов атындағы 

Қостанай  мемлекеттік  универ­

ситеті  еліміздің  жоғарға  оқу 

орындарының ішінде 6 орында. Бұл 

жолы  сұхбаттасқан  кейіпкеріміз 

заң факультетінің 3 курс студенті 

Лаура  Ахметвалеева.  Бойжеткен 

университетіміздің  биылғы  үздік 

10 студентінің қатарына кірді.

-  Университеттің  үздіктерінің  қа-

тарында болу қандай әсер сыйлай-

ды  және  жетістікке  жетудің  сыры 

неде?

- Біз университетіміздің бетке ұстар 

жастары  болғандықтан,  үздіктердің 

қатарында  болу  үлкен  жауапкершілік 

артады. Өз тарапымнан мен әрі қарай 

университетіміздің  дамуына өз үлесімді 

қоса  беретінімді  айтқым  келеді.  Ал 

үздіктердің  қатарына  қосылу  үшін 

еңбекқор болу керек. 

-  Оқуда  белсенділігіңнмен  көзге 

түсіп  жүрсің.  Ал  мектепте  қандай 

оқушы болдың?

-  Мен  Затоболдағы  гимназияда 

оқыдым.  Мектепте  де  қатарлас-

тарымның  алды  болып,  әртүрлі  іс-

шараларға белсене қатыстым. Кейбір іс-

шараларды ұйымдастыруға қатыстым. 

Қазір соның жемісін көріп жүрмін.

- Жақында университеттің ұйым-

дас тыруымен қысқы бал іс-шарасы 

өтті. Қатысушылардың бірі ретінде 

не айтасың? 

-   Т ой ды ң   б о л ғ а н ы н а н   б о л а-

дысы  қызық.  Қысқы  балда  өнер 

көрсеткенімізден  оған  дайындалған 

уақытымыз  көп  болған  сияқты. 

Дәлірек  айтсам  бір  ай  дайындалдық.  Балға 

қатысқысы  келетіндердің  саны  да  көп  еді. 

Бірақ қатысушылардың саны шектеулі болды. 

Сондықтан іріктеуден өткендердің бағы жан-

ды. Қысқы балда вальстің 3 түрі болды. Мен 

классикалық  вальсті  дайындадым.  28  адам 

бидің  қимылдарын  бірдей  жасау  басында 

қиын  болды.  Бірақ  студенттер  қимылдарды 

тез ұғып, жаттап алды. Бұл іс-шара бәріміздің 

көңілімізден шықты.

-  Қысқы  балды  өткіздік.  Енді  қандай 

жоспар бар?

- Жуырда жыл сайынғы дәстүрге айналған 

«Мисс ҚМУ» байқауы болады. Оған да сту-

денттер  ат  салысады.  Мен  де  өз  үлесімді 

қосамын деп ойлаймын. 

- Әңгімеңізге рахмет!

Бауыржан ҚАСЫМҚАН,

ГӘФ журналистика мамандығының 

2­курс студенті.

31

C



M

Y

K



Біздің түлек

Дархан Әбдуахит, «Хабар» агенттігінің тілшісі: 

«Мен теледидарды, теледидар мені жатырқаған жоқ»

А.Байтұрсынов 

атындағы  Қостанай 

мемлекеттік универ­

ситетінде  білім  ал 

­

ған  студенттер  бү­



гін де  әр  салада 

қызмет  етіп  жүр. 

Біз дің  түлектердің 

алды  республикаға 

танымал азаматтар. 

Олардың  арасынан 

мықты  кәсіпкер,  қа­

рымды  қаламгер, 

шебер  журналист, 

бі лікті  экономист  те 

шықты.  Таңдаған 

ма ман дығының май­

талмандары  біздің 

мақтанышымызға  айналып  отыр.  Солардың  бірі 

белгілі журналист Дархан ӘБДУАХИТ.

- Дархан аға, сұхбатымызды туған жер, өскен 

ортаны таныстырудан бастасақ. 

­  Мен  Науырзым  ауданының  тумасымын. 

Қостанай  қаласынан  250  шақырым  жерде  Қожа 

деп аталатын ауыл бар. Сол ауылда өстім. Мектеп 

табалдырығын аттадым. Атам Әбдуахит пен әжем 

Күбірәнің тәрбиесін көрдім. 



- Журналист болу бала күнгі арманыңыз ба 

еді? 

­  Журналист  болуды  жастайымнан  арманда­

дым  деп  айта  алмаймын.  Мектеп  қабырғасында 

жүргенде адвокат боламын, адамдардың құқығын 

қорғаймын  деп  қиялға  еретінмін.  11­сыныпты 

аяқтауға  шақ  қалғанда,  болашақта  кім  боламын 

деген  сауалмен  бетпе­бет  келгенде  «мамандық» 

жайында шындап ойлана бастадым. Сол уақытта 

«Қостанай таңы» облыстық газетінде тырнақалды 

өлеңдерім жарық көріп жүрді  әрі жазуға икемім бар 

екенін ұқтым. Көп ойланбай  Қостанай мемлекеттік 

университетіне құжат тапсырдым.

Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ­дың  түлегі 

екенімді,  журналистика  факультетінде  оқып 

жүріп    ұлағатты  ұстаздардың  алдын  көргенімді, 

студенттік театрда Ахмет Байтұрсыновтың  ролін 

сомдағанымды әлі күнге мақтан тұтамын.

- Оқуды бітірген соң жұмыс табу қиын болды 

ма? Теледидар саласына қалай тап болдыңыз?

­ Мен үшін өз мамандығым бойынша жұмыс табу 

қиын болмады. Журналистика факультетіне түскен 

күннен бастап оқу мен жұмысты қатар алып жүрдім. 

Әрине,  бұл  оңай  емес  еді.  Ұстаздарым  алған 

бағытыма түсіністікпен қарады, соның арқасында 

теорияға қарағанда практикаға көбірек мән бердім. 

Бес жыл оқыдым – бес жыл жұмыс істедім. «Жас 

қазақ», «Алға» журналдарында, «Қостанай таңы» 

газетінде  тілші  болдым,  «Барыс»  радиосында 

музыкалық  редактор  қызметін  атқардым.  Осы­

лайша  ысылдым.  Студенттік  кезде,  неге  екенін 

білмеймін,  теледидардан  қорқақтайтынмын. 

Менің қолым гезет пен журнал деп ойлайтынмын. 

Оқу  бітіргеннен  кейін  де  тек  баспасөзде  жүремін 

деп  шешкенмін.  Бірақ,  адамның  ойлағаны  бола 

бермейді, университетті тәмамдап, қолыма диплом 

алғаннан кейін жөппелдемеде «Хабар» агенттігінің 

тілшілер  қосынына  жұмысқа  тұрудың  сәті  түсті. 

Сынақтан  сүрінбедім.  Көп  ұзамай  меншікті  тілші 

атандым.  Мен  теледидарды,  теледидар  мені 

жатырқаған жоқ. Міне, осылайша биыл «Хабарда» 

жүргеніме 11 жылдың жүзі болады.  

- Жұмыс бабында қателескен кездеріңіз болды 

ма?

­ Мен жаңалықтың «жауынгерімін». Теледидардағы 

жаңалықтар қызметі жайбасарлықты жақтырмайды. 

Сондықтан, біз көбіне көп «аптығып» жүреміз. «Жұмыс 

бабындағы  қателік  дегенге»  келгенде  белгілі  бір 

ақпаратты  дер  кезінде  көрерменге  жеткізе  алмау 

немесе қате ақпарат айту деп түсініп отырмын. Бұл 

тұрғыдан қарасақ, «сүрінген» тұсым жоқ екен.



- Сіздің ойыңызша журналиске қажетті ең басты 

қасиет?

­ Журналиске тән ең басты  қасиет ол – өз ойын 

қағаз  бетіне  түсіре  алу.  Мені  ұстаздарым  осылай 

оқытқан болатын. Шынында да солай.   Әрине, білім 

керек, дегенмен білімің бола тұра сол білімді қағазға 

түсіре алмасаң, айтып бере алмасаң – бәрі бекер. 



- Сіздің идеалыңыз кім?

­ Менің идеалым Қазақстанның халық ақыны Әсия 

Беркенова. Ол кісі менің өлеңдегі ғана емес, өмірдегі 

ұстазым. 



- Өзіңіз өлең жазып жүрсіз бе?

­  Жазбай  кеттім.  Дұрысы,  жаза  алмай  жүрмін. 

«Жеріне жеткізіп» жазбағасын, құр ұйқастың соңына 

түсудің қажеті жоқ деп санаймын. Әсия апам мұны 

«пауза» деп атайды, мен де солай ойлаймын. Бірақ, 

байырғы  жүрістен  жаңылып,  әбден  «қарайып» 

қалғаннан  кейінгі  өлеңнің  өресі  қандай  боларын 

білмеймін. Түбі жазамын.



-  Егер,  Қостанайда  жұмыс  істеуге  ұсыныс 

түсіп жатса, келер ме едіңіз?

­ Кім білген. «Адамның басы – Алланың добы».  

Астанаға  көшіп  келген  кезде  Қостанайды  қимай 

жүрдім. Енді  Елордаға бауыр бастық. Қос қала да 

мен үшін ыстық. Тобыл талабымды ұштады, Есіл 

есейтті. 



- Соңыңыздан ерген іні-қарындастарыңызға 

қандай кеңес бересіз?

­ «Басқадан кем бол¬мас үшін біз білімді, бай һәм 

күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай 

бо¬луға кә¬сіп керек. Күшті бо¬луға бірлік керек. 

Осы керек¬тердің жолын¬да жұмыс істеу керек». 

Ахмет атамның сөзі. 



Сұхбаттасқан Ботакөз ІЛИЯСОВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 

3-курс студенті.

6


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ұлыстың ұлы күні

Наурыз – думан, тамаша 

Наурыз  –  көктем  мезгілінің  ал­

ғашқы айы, ізгілік пен жақ сы лықтың 

мейрамы. Ұлыстың ұлы күні адам­

дар бір­біріне деген өкпе­реніштерін 

ұмытып,  кешірім  сұрап,  татула­

сып,  табысқан.  Бұл  мереке  бар­

ша  қазақстандықтардың  ортақ 

той­думаны.  Бұл  мейрамды  Ахаң 

атындағы  қара  шаңырақ  та  кең 

көлемде атап өтті. 

Мерекелік  іс-шараға      "Білім  ор-

та лығының"  қызметкерлері  ұлттық 

тағамдар  дайындап  дастарқан 

жайды.  Концерттік  бағдарламаны 

гуманитарлық-әлеуметтік  факультеті 

мен    тіл  және  әдебиет  теория-

сы  кафедраларының  студенттері 

ұйымдастырды.  Іс-шарада  универ-

ситет  басшылығы  оқытушылар  мен 

студенттерді мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Түйе 

атасы-ойсылқараға  мінген  Қыдыр  атаның  ортаға 

шығып, студенттерге ақ батасын берді. Салт-дәстүрді 

насихаттау мақсатында қыз-жігіттеріміз «Бастаңғы» 

деп аталатын көрініс көрсетті. Сонымен қатар «Қыз 

ұзату»  рәсімін  жасады.  Мың  бұралған  бишілеріміз 

«Поппури» биін билеп, барша көрерменге мерекелік 

көңіл-күй сыйлаcа, филология факультетінің студенті 

Жақсыбай  Ерсұлтан  «Балбырауын»  күйін  тартты. 

Журналистика  мамандығының  2-курс  студенттері 

Әбдібаева  Гүлдана  мен  Егізбай  Эльмираның 

орындауындағы  «Тек  алға!»  әнімен  іс-шара 

аяқталғанымен,  22-наурыз  күні    университетіміздің  

ұйымдастыруымен орталық алаңда «Ахмет ауылы» 

деген атаумен киіз үй тігілді. 

Бұл  мерекелік  іс-шара  туралы  Ахмет  Бай-

тұр сынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университеті кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан 

Бекентайұлымен сұхбаттасқан болатынмын.

­ Киіз үйдің «Ахмет ауылы» деп аталу себебі  

неде?

-  Қостанай  мемлекеттік    университеті  Ахмет 

Байтұрсынов  атында  болғандықтан  біздің  өнерлі 

ұжымды «Ахмет ауылы» деп  атауды жөн көрдік. Бұл 

атау он шақты жылдан бері қолданылып келеді. 

­ Киіз үйді қашаннан, қай жылдан бастап құрып 

келесіздер?

- Мен осы университетте жұмыс  істегеніме жиыр-

ма жылдан астам уақыт болды. Сол уақыттан бері 

дәстүрлі  түрде  Наурыз    мейрамында  университет 

жыл сайын киіз үй құрады. 

­  Биылғы  мерекелік  іс­шараның  қандай 

ерекшелігі бар? 

- Бұрынғыға қарағанда биылғы ерекшелік киіз үйдің 

көрмесі  және  былтырғыға  қарағанда  бір  күн    ерте 

болады  21-наурызда  көрме  болады.  Оған  арнайы 

әкімшілік  тарапынан  құрылған  комиссия  киіз  үйдің 

безендірілуіне бағасын беріп, үздіктерді анықтайды. 

Биылғы ерекшелігі осы деп айтуға болады. Қала бой-

ынша тігілетін  киіз үйлер екі күн бойы жұмыс істеп, 

Наурыз мерекесі тойланады. Өткен жылдары әртүрлі 

байқаулар мен ойындар бір-ақ күннің ішінде болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет