Байланысты: 2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1
№ 10 дәріс тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағылардың жеке басының дамуы
Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін игеру. Баланы моральдық жағынан
тәрбиелеу мектепке дейін көп бұрын басталады. Алайда ол мектепте ғана орындалуы
үнемі де бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да кең жүйесіне кездеседі.
Бастауыш мектеп оқушыларына мінез-құлық нормалары мен ережелерінің аса кең
жиынтығы ретіледі, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым-
қатынас жасаудың әр түрлі жағдайларында, сабақтарды үзілісте жолдастарымен
араласқанда, қоғамдық орындарда жиі не көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Жеті-
сегіз жастағы балалар бұл нормалар мен ережелердің мәнін айқын түсіндіреді және оны
күнделікті орындауға психологиялық жағынан даяр. Бірақ мұғалім және басқа үлкендер
бұл даярлықты дер кезін пайдаланбайды. Балаға талап қоя отырып, кейде оны ұзақ
«миына құя» отырып, тәрбиешілер өздерінің тапсырмаларының шын мәнінде
орындалумен барлық уақытта бірдей жүйелі түрде және қатал тексеріп отырмайды.
Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесс үлкендердің көңіл
күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады.
Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуыныа ең қауіпті жауы — мінез-құлық
нормалары мен еріжелері жалған сипатта және ішкі қажеттер үшін емес қандай да бір
сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан
орындалуы керек деген ұғым пайда болады.
Балалардың мінез-құлық нормалары мен ережелерің шын мәнінде және негізінен
игеруі алдымен педагогтың олардың әрі орындалуын тексерудің жақсы жетілгсн әдістер
мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережслерді айқын
тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтау және ұқыпсыздық пен
тәртіпсіздікке бұдан кем емес мәнде және тиісті шаралар қолдану — кіші мектеп
окушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары, Балада
осы жаста қалыптасқан осындай моральдық қасиеттері жеке адамның ішкі және табиғи
жетістігі болады.
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара және мұғаліммен арақатынасы. Біріккен оқу
процесінде балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен
бірнеше аптадан соң бірінші класс оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы
жойылады. Балалар бір партада отыратын көршлерінің мінез-құлқына байыппен қарай
бастайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір кластас балаларымен қарым-
қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезендерінде балалардың бір бөлігінде оларға
тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде —
әдепсіздік). Бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушы
өзінің шың мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.
Бастауыш мектеп окушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі олардың
достығы, әдетте, өмірдің сыртқы мақсаттары мен кезйейсоқ мүдделер ортақтақығына
(балалар бір партада отырады бір үйде тұрады, шытырман оқиғалы әдебиеттерге
қызығады және т.б.) негізделеді. Бастауыш мектеп оқушысының әзірше құрдастарының
пікірі өзін-өзі шын бағалаудың критерийі болатындай деңгейге жетпейді. Әрине тоғыз-он
жастағы балалар оларға бірге оқитын балалары ептілігі, зеректілігі, батылдығы үшін
берген бағаға өте ынталы және егер бұл баға қалағанынан басқаша болса, қатты
қынжылады. Бірақ мұндай қынжылыстар ұзаққа бармайды, және бастысы, оларды
мұғлімнің немесе басқа үлкендердің тарапынан берілген бағалаумен алмастыру оңай.
Бастауыш мектеп оқушысы үшін мұғалімнің пікірі мейлінше елеулі және үзілді-кесілді
болып табылады. Бастауыш мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды.
Олар мұғаліммен әр түрлі: кездейсоқ та карапайымнан бастап өте маңызды да дара
себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қаракетін, қынжылыстарын, үйдегі
оқиғаларын мұнымен ашық бөліседі. Ренжіген жағдайда кіші мектеп оқуы мұғалімге
айтады (ренжіткен адам мұны кебіне тиісті деп қабылдайды), өйткені мұғалім
барлығының адамгершілік төрешісі ретінде көрінеді.