Мектеп тақырыбындағы суреттерде мұндай балалар көбіне мектепті көрсетеді, бірақ оқу
жағдайын салмайды.
4 деңгей 10- 14 бал – төмен мектеп мотивациясы. Бұл балалар мектепке қаламай, еріксіз
барады, сабақ қалдырады.Сабақта басқа істермен, ойындармен айналысады. Оқу үрдісінде
қиыншылықтарды өткереді. Мектепке тұрақсыз бейімделу жағдайында болады.
Суреттерінде мұндай балалар мектепке жанама байланысы болса да,ойын сюжеттерін
бейнелейді.
5 деңгей 10 балдан төмен – мектепке незативті қарым- қатынас, мектепке бейімделмеу.
Мұндай балалар оқуда маңызды қиындықтарды кездестіреді: олар оқуда жоғары
қиыншылықтарды кезіктіреді,ұстазбен қарым- қатынаста, сыныптастарымен қарым-
қатынаста қиындықтарға тап болады. Мектеп олар үшін, төзуге болмайтын, қарама-
қайшылық ортасы болып қабылданады. Кішкене балалар (5 – 6 жас ) жиі жылап, үйлеріне
сұранады. Басқа жағдайларда оқушылар өздерін агрессивті ұстап,тапсырманы
орындаудан, нормалар мен ержелерге бағынудан бас тартады.
Көбіне мұндай
оқушылардан психикалық-жүйке бұзылулары байқалады. Мұндай балалардың суреттері
берілген мектеп тақырыбына сай келмейді, баланың жеке қызығушылығын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: