«Инженерлік геоэкология» пәні бойынша


дәріс Гидросфераның геоэкожүйелері. (2 сағат)



бет13/29
Дата02.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98195
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
5 дәріс
Гидросфераның геоэкожүйелері. (2 сағат)


Әлем мұхиты мезоэкожүйесі. Әлем мұхиты суының орташа тереңдігі 3410м. Жер шары масштабында- бұл небәрі жер бетіндегі жұқа су жарғағы ғана болады. Бірақ оның биосфера мен Жердегі тіршілік үшін алатын орны ерекше. Әлем мұхиты- тамақ және минералдық ресурстардың сарқылмас қазынасы. Оның жылу энергиясы планета климатын қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Әлем мұхиты литосферадан келетін химиялық компоненттермен толығып, жаһандық газ алмасуға қатысады және тіршілік үшін маңызды процестерді реттейді. Ол- планетаның «өкпесі». Оның фитоплакатоны атмосферадағы барлық оттектің жартысына жуығын өндіреді.
Мұхиттағы тіршілік жылына орташа алғанда 126 млрд тоннна СО2 ассимиляциялайды, ал құрлықтағы тіршілік -20 млрд тоннадай ғана. Мұхит «тынысында», яғни көмірқышқыл газбен оттектің өзара алмасу прцесіне, 100 млрд тонна СО2 қатынасады. Әлем мұхиты атмосферадан жылына 104 гигатонна (1 гигатонна=1 млрд т) көмірқышқыл газын жұтып, атмосфераға 100 гигатоннасын қайтарады, ал өзіне 4 гигатоннасын қалдырады.
Әлем мұхиты түбінің құрылысында терең сулық науалардың ролі үлкен, олардың тереңдігі 6-дан 11км-ге дейін. Науалардың басым көпшілігі континенттердің шетіне немесе аралдық доғаларға параллель орналасады. Науалардың ені 100км төңірегінен аспаса, олардың кейбіреулерінің ұзындығы бірнеше километрге жетеді. Тереңдігі 10км-ден асатын науалардың барлығы (Мариан, Филиппин, Тонга және Кермадск) Тынық мұхитта орналасқан.
Мұхит түбінің келесі ерекше сипатына биік таулы қыраттар мен мұхит– орталық жоталар кіреді.
Әлем мұхитының орташа тұздылығы 35% (промилле немесе 1кг суда 35г тұз болады). Ал келіп құятын өзендер сағасына жақындағанда, тұщы су араласуынан мұхиттың беткі қабатының тұздылығы бірнеше промиллеге дейін төмендейді. Экватор маңындағы теңіздерде, буланудың жауын мен өзен сулары мөлшерінен біршама артық болуынан, тұздылық 39%(Жерорта теңізі )-42% (Қызыл теңіз) болады.
Адамдардың шаруашылық әрекеттілігі Әлем мұхиты деңгейінің ауытқуымен тығыз байланысты. Жаһандық салқындау кезеңдерінде судың өте мол массалары мұхиттан шығып, құрлықтарда мұздықтар түрінде қалып қоюына байланысты қазіргі деңгейден төмендеп кеткен. Ал, мұздықтар еріген кезде мұхит суының деңгейі керісінше көтеріліп отырған. Ғалымдардың есебінше, соңғы 100 жылда Әлем мұхитының деңгейі 10-15см-дей көтерідген. Бұл құбылысты материктегі мұздықтардың еріп, жылыну салдарынан теңіздер суының ұлғаюымен байланыстырады. Әлем мұхиты деңгейінің ауытқулары мұхит түбінің көрсетілуімен де байланысты болуы мүмкін. Есептеу бойынша, полюстердегі мұз жабыны толық еріп кеткен жағдайда, Әлем мұхитының деңгейі 70 м-ге көтеріледі екен. Бұл жағдай қоғамның шаруашылық әрекеттілігіне және теңіз жағалауларына салынған табиғи-антропогендік жүйелерге потенциялық қауіп көзі болып табылады.
Әлем мұхиты түбінде темір-марганец тасшемендерінің жаппай таралуы анықталған. Оларда Mn, Fe, сонымен қатар Ni, Cu, Co, Zn, Mn және басқа элементтердің шоғырлануына байланысты, өндірісте кеңінен қолдану мәселесі көтерілуде.
Атлант мұхиты планетамызда Тынық мұхиттан кейінгі екінші орында. Оны теңіздермен қоса есептегенде 91.6 млн км2, суының көлемі 337млн км3, орташа тереңдігі 3926 м, ал тұздылығы 34.0-37.3%.
Геологиялық тұрғыдан қарағанда жер қыртысының қалыңдығы материктерде 30-50км болса, мұхиттарда 5-7 км–ге дейін азаяды. Атлант мұхиты бойымен 17мың км-ге дейін мұхиттық орталық жота созылып жатыр. Оның остік рифт аңғарында базальтті лава тасқындары мен минералдығы жоғары гидротермалдық ерітінділер төгіліп жатады. Осы белдемде саяз фокусты жерсілкінулердің эпицентрі де орналасады. Шөгінділер қалыңдығы материктік беткей етегі алқабында бірнеше км-ден, мұхит орталық жотасының осінен 100-400км-дей жерде 200м-ге, ал мұхит орталық жотасының остік белдемінде бірнеше метрге дейін азайып барып, толығымен жоқ болып кетеді. Атлант мұхиты түбінің 70%-ке жуығын әкті бақалшық - биогендік ұйық жапқан. Мұхиттың қайраң шалғайымен мұнай-газдылық перспективалылығы байланысты. Ең ірі мұнайлы- газды аймақтарға Кариб теңізі мен Мексика шығанағы, ал солтүстік-шығыс шетінде - Солтүстік теңізі жатады. Атлант мұхиты түбінің шоқылы жерінде темірлі-марганецті тасшемендер таралған, бірақ олар Тынық мұхиттағымен салыстырғанда көп аз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет