Инклюзивті білім беру жағдайындағЫ Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері қаби Қ. Н 4курс 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі20 Kb.
#84272
1   2   3
Инклюзивті білім беру - бұл барлық балалардың әр түрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан барлығына білімнің болуын болжайтын жалпы білім берудің даму процесі, бұл ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл оқыту түрі оқу жоспары және білім беру жүйесінің әдіснамасын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруге бағытталған. [5.8б]
Инклюзивтік білім берудің негізгі ұстанымдары мыналар:
• Адамының құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес.
• Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті.
• Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асады.
• Әртүрлілік адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
• Әрбір оқушы үшін жетістікке жету, өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Мүмкіндіктері шектелген барлық балалар мәселелеріне сай мамандармен жеке сабақтарда қосымша көмек алу қажет. Ол үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзетім қолданудың қосымша құрылымдары жасақталуы тиіс.
• қалалық және аудандық психологиялық-педагогикалық және түзетім орталықтары( кабинеттер);
• мектеп аралық логопедиялық бөлімше;
• арнаулы (түзетім)білім мекемелерінің оқу- әдістемелік нұсқау беру бөлімшелері.
Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы және арнайы білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін бейімделген білім беру ортасын құруда маңызды рөл атқарады.Даму, әлеуметтік тәжірибе, жеке және отбасылық ресурстардың бұзылуының ерекшелігі мен ауырлығын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балаға жеке педагогикалық көзқарасты қамтамасыз ету; Оқытуды ерекше түрде құру - арнайы міндеттерді, оқыту мазмұнының бөлімдерін, сондай-ақ норма жағдайында дәстүрлі әдістермен қол жеткізілетін білім беру міндеттеріне қол жеткізудің әдістерін, тәсілдері мен құралдарын бөлу арқылы; білім мен оқу дағдыларын игеру процесін және әлеуметтік тәжірибені, өмірлік құзыреттерді дамыту процесін интеграциялау;
Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» деген мағынаны береді. Мұның басты мақсаты- бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне:1)сенім; 2)көз жеткізу;3)кеңес беру;4) психо-анализ 5)логотерапия 6)аутотренинг сияқты әдістемелерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиалының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тестерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барасында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыру қажет. Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін арттырып отырған. Мектеп педагог-психологының жүргізуіне ұсынылатын жұмыс түрлері: Жекелеген кеңестер өткізу; «Адамтану» курстары; «Рухани әуендер» сағаты; «Менің ішкі байлықтарым» сағаты; «Жетістіктер психологиясы» сағаты; Ұжымдық және топтық ойындар; Шағын жобалар қорғау; Арт-терапия. [6,37б]
Қорыта айтқанда, Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет