Инновациялық технология мұҒалімнің КӘсіби шеберлігін дамытудың негізі



бет6/11
Дата27.11.2023
өлшемі66,11 Kb.
#130371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Проблемалық оқтудың ерекшелігі-мұнда мұғалім білімді дайын түрле баяандап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояады. Шешімді және шешу құралдырын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе- жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі.Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дтистервег, Ушинский т.б.) есімдермен байланысты .
Іскерлік ойындар технологиясы.
Ісекерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрәкеттілі мынадай қызметтерді орындайды:

  • Көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ляззат алу, қызығушылық ояту);

  • Коммуникативтік : қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;

  • Өзіндік жүзеге асыру;

  • Ойын-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;

  • Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);

  • Коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;

  • Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

  • Әлеуметтендіруші: адамдардың қолдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту

  • Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.

  • Ойынды ойлана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.

  • Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.

Баланың танымдық белсенділігін, интелектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
бірінші топ- заттық ойындар- ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым- қатынастарды т.б. зеріттеп таниды.
екінші топ шығармашылық, сюжеттік рольдік ойындар.
Мұнда сюжет- интелектуалдық іс- әрекеттің формасы.
Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлке танушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жасады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
Үшінші топ- дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар,әдете, оушыдан
жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең – бастысы пәнді білуді талап етеді.
Төртінші топ–еңбек,техникалық,конструктролық, құрылыс ойындар.Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспралауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дүрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
Бесінші- баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жатығу деңгейін аңғарып, одан әрі детілдіру жолдарын көрсетеді.
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқтудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет