Интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,08 Kb.
#14211
1   2   3
 кең мүмкіндіктері бар, олар: экрандағы объектілерді тінтуірдің көмегімен басқару, айналдыру жолағының көмегімен экранда жылжу, анықтамалықтың сұхбаттық қызметі, кері байланыс, құрылымдық өзара әрекет, рефлексивті өзара әрекеттер.

Осы айтылғандардан оқу процесінде белсенді оқыту әдістерін қолдану соңғы кезде өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Ондай белсенді оқыту әдістеріне жататындар:

·                   Іскер ойын-ІО;

·                   Блиц ойын-БО;

·                   Дәріс жағдаят-ДЖ;

·                   Рөлді ойнау-РО;

·                   Миға шабуыл-МШ;

·                   Дөңгелек стол-ДС;

·                   Прессконференция –ПК;

·                   Интервью дәріс-ИД;

·                   Пікір сайыс-ПС;

·                   Визуальды дәріс-ВД;

·                   Дәріс провакация –ДП және т.б. [1]

Белсенді оқыту әдісінің (БОӘ) дәстүрлі оқыту технологиясынан келесідей айырмашылығы бар:

-студенттердің ойлау қабілетін белсендіреді және ол белсенділік ұзақ уақыт сақталып оқу жағдайында өз бетімен шығармашылықпен, мотивациялық дәлелденген шешімді тез қабылдауына мүмкіндік береді;

- серіктестік қатынасты дамытады, студенттердің ұжымда бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай туғызады;

- оқыту нәтижелілігі берілетін ақпарат мөлшерінің көбеюіне байланысты емес, оны өңдеу тереңдігінің және жылдамдығының өсуіне сәйкес артады;

- студент оқу барысында аса көп күш жұмсамай жақсы нәтижеге жетеді.[2]

Белсенді оқыту әдістерінің жоғарғы шегі – интерактивті әдіс. Интерактивтi әдiс - бұл өзара әрекеттесу, бiреумен әңгіме диалог ретінде болу дегендi бiлдiредi. Басқа сөзбен айтқанды, активті әдіске қарағанда интерактивтi әдіс оқытушы мен бiлiм алушылардың өзара әрекеттесуiне ғана емес, сонымен бiрге бiлiм алушылардың бір-бірімен өзара белсендi әрекетте болуына бағдарланған.

Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны оқып- үйренуге бағытталған.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

 - Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

- Алған білімді жүйелеу;

- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

ді.


Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрыңғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан , тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес , қабылдау , есте сақтау жоғары деңгейде болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

  • Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескіндермен салыстыруға болмайды.


  • Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.


  • Слайдтарда, флипчартта кестелер жіберілсе , тез арада түзетуге болады.


  • Сабақта ACTIV ote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады


  • ACTIV wand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.


  • Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.


  • Сабақтың өнімділігі артады.


  • Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.




Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге , дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Оқу процесінде , оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқушылардың жеке тәжірибесіне , шығармашылық ізденісіне байланысты.

Интерактивті тақтада интерактивті оқыту әдістерін пайдаланған өте тиімді болады. (15-слайд)

Интерактивті әдістерге:

  1. Проблемалық шығарма әдістері


  2. Презентациялар


  3. Пікір-таластар


  4. Кейс-стадийлер (оқытудың нақты жағдайы)


  5. Топпен ұмыс


  6. Миға шабуыл әдісі


  7. Сын тұрғысынан ойлау әдісі


  8. Викториналар


  9. Мини зерттеулер


  10. Іскерлік ойындар


  11. Рөлдік ойындар


  12. Блиц-сұрақтар әдісі


  13. Анкета алу әдісі т.б жатады.



  14. , «интерактивтi» деп атаймыз. 

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет