Бұл әдіс NPV әдісі есептеулерінің жалғасы болып табылады. Рентабельділік индексі (PI) келесі формуламен есептелінеді:
IR=PV / CI (6)
PV –келтірілген түсімдер
CI - келтірілген шығындар
PV=
Егер IR>1, онда жоба рентабельді
Егер IR<1, онда жоба тиімсіз
Егер IR=1, онда басқа көрсеткіштерге назар салу керек.
Таза келтірілген тиімділікке қарағанда рентабельділік индексі шағын көрсеткіш: ол шығынның бір бірлігіне келетін табыс деңгейін сипаттайды, яғни салымдар тиімділігін-бұл көрсеткіш неғұрлым үлкен болса, онда осы жобаға инвестицияланған әрбір теңгенің қайту деңгейі жоғары.
Осыған байланысты PI критериі NPV нәтижелері бірдей, ұқсас жобалардың арасынан біреуін таңдауда (әсіресе, егер екі жобаның NPV нәтижелері бірдей, бірақ қажетті инвестиция көлемдері әртүрлі, онда көріп тұрғанымыздай, олардың қайсысының салымдар тиімділігі жоғары болса, сол тиімдірек болып келеді), немесеNPVжиынтық нәтижесін максималдау мақсатымен инвестициялар портфелін жинақтау кезінде, өте тиімді.
4. Инвестиция табыстылығының ішкі нормасын есептеу әдісі
Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы ретінде (синонимі: ішкі табыстылық) дисконттау ставкасының r мәнін түсінеді, бұл жағдайда
бұл жағдайда
Бұл функция бірнеше ерекшелігімен ерекшелінеді: кейбіреулері жай сипатқа ие, яғни ақша ағынының түріне байланыссыз болады, ал басқалары белгілі бір жағдайлар туындағанда ғана келеді, яғги ағындарға байланысты болады.
Біріншіден, у=f(r) – түзу сызықты функция емес, төменде байқайтынымыздай, бұл ерекшелік IRR критериін есептегенде үлкен қиындыққа әкеледі.
Екіншіден, егер r=0 болса, онда (8) формуланың оң жағындағы мән бастапқы ақша ағынының элеменнтерінің сомасына айналады, басқа сөзбен айтқанда, NPV графигі дисконтталмайтын ақша ағынының барлық элементтерінің сомасына, сонымен қатар бастапқы инвестициялар көлеміне тең болатын, ордината осіндегі нүктемен қиылысады.