Қысқаша дәріс курсі



бет11/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
(формализациялау)
1.Географиялық ақпараттарды нысандандыру деп, оны құрылымдау, жіктеу, иерархиялау, геожүйені кеңістік – уақытта сипаттау және осының бәрін ЭЕМ – нің МБ – сін құруға дайындау. ГАЖ информация құрылымында орталық орынды карталар алады, сондықтанда географиялық мәліметтерді ГАЖ – ға нысандандыру осы карталарға арнап жасалды.
Картографиялық ақпарат 2 тұрпатқа: метрикалық және тематикалық мәліметтер болып бөлінеді. Ландшафтық картаның тақырыптық атрибуты деп компоненттердің және ландшафтың бөліктері аталады. Метрикалық атрибуты нүктелік, сызықтық және көлемдік болып бөлінеді. Қазіргі уақытта метрикалық мәліметтерді нысандандыруда 3 әдіс қолданылады: тұрақты торлар әдісі, растрлық әдіс, векторлық.
2. Тұрақты торлар әдісі – ең ежелгі әдістердің бірі. Ол алғаш рет 1951 жылы ұйымдастырылды. Мұнда мәліметтерді енгізу қолмен істелді, ал карта құру үшін АЦПУ қолданылды. Картографиялық ақпараттарды кодтау белгілі бір өлшемдегі квадраттарға бөлінеді, сонан соң әр тордың квадратында қанша элемент кездесетіндігін санайды; мысалы, жолдың ұзындығын, т.б. Бұл әдіс ГАЖ құрғанда, қорлық карталар құрғанда кеңінен қолданылады, ал топографиялық карталар жасауда, дәлдігінің төмен болғандығын, ол қолданылмайды.
3. Расторлық әдіс – картографиялық ақпараттың автоматтандырылған тәсілінің бір түрі, мұнда ақпаратты кіргізу жолдар мен бағаналардың көмегімен іске асырылады.
Қазіргі кезде осы тәсілді кеңінен қолдануға төмендегідей факторлар әсер етіп отыр.

  • сандалған мәліметтердің ЭЕМ – нің жадында көп орын алуы;

  • сандалған зерзаттарды автоматты түрде идентификациялаудың қиындығы;

  • құралдардың бағасының қымбаттығы;

  • реасторлық кескіндер матрица түрінде өңделеді.

Кескіндерді кіргізгенде, нүктелер мен сызықтарға 1 деген мағына береді, ал фон 0 санымен кодталады. Егер де сканерленетін сызықтың қалыңдығы 1мм болса, ал растордың размері 0,1мм, онда ЭЕМ – нің жадысында осы контурдың линиясын көрсету үшін 10 ұяшық 1 деген кодпен беріледі. Расторды кіргізу келесі этаптардан тұрады:

  • Сканерлеу: графикалық мәліметтерді сандық түрге ауыстыру;

  • Расторлық ақпаратты өңдеу;

  • Қосу және осьтік сызықтарды көрсету;

  • Векторлық форматты түрде мәліметтерді сақтауға көшу;

  • Мәліметтердің МБ – сін жазу.

Бұл – қазір геоинформатикадағы ең жаңа және кең қолданылатын тәсіл. Мұнда картографиялық мәліметтерді формализациялау төмендегідей атребуттардың көмегімен іске асырылады. Ол: нүкте, кесінді - екі нүктені қосатын сызық, сегмент – екі және одан да көп сызықтарды қосады және сегменттер қосындысын контур немесе аудан деп атайды.
5.Тақырыптық мәліметтер ландшафтық картаның легендасында болады. Оны ЭЕМ – де өңдеуде оның легендасын жасау нысандандыру болып табылады. Ландшафтық карталар легендасын классификаторлау этаптары:
- ТТК – ны кешенді сипаттау;

  • Мәтінді легенданы редакциялау;

  • классификатор құру және ТТК – ның сипатын кодтау;

  • ландшафтық картаның кодталған легендасы;

  • кодталған легенданы ЭЕМ – ге кіргізу және классификаторларды МБ – ға кіргізу.

Дәріс 6.
ГАЖ – ды жіктеу: аумақты қамтуы,
мақсаты және тақырыбы бойынша
Ғаламдық деңгейдегі ГАЖ – ға мысал ретінде 1990 жылдан бастап 25 жылға жоспарланған халықаралық “Әлемдік өзгеріс” атты халықаралық геосфера - биосфералық бағдарламаны келтіруге болады. Бұл бағдарламаның мақсаты – жердегі экожүйелерге инвентаризациялау және мониторинг жасау. Оған кіретін халықаралық және ұлттық геоақпараттық жүйелер саны төртеу, олар: GDPP (Global Database Planning Project) “Әлемдік мәліметтер базасы жобасы” және осыған кіретін:
Мәліметтер базасы қоршаған орта туралы (WDDES Project);
әлемдік ақпаратты – қорлық мәліметтер базасы (GRID);
АҚШ – тың Ұлттық геофизикалық орталықтың NOAA әлемдік қоршаған ортаның сандық атласының жобасы.
GDPP жобасының мақсаты - әлемдік сандық МБ – ны жоспарлау, құрылымдау және жағдайды бағалау, мәселелерді шешу жолдарын зерттеу.
WDDES жобасы - әлемдік МБ қоршаған ортаны зерттейтін ғылымдарға арналған. Мақсаты - әлем аумағының 1 : 1000000 масштабтағы сандық картасының негізін жасау. Мұндағы негізгі ақпарат көзі – құрлықтағы “ONC” жедел навигациялық үшу картасының мәліметтері және су акваторияларына арналған GEBCO – картасы. “Әлемдік Мәліметтер Базасы” – бір позициялық, жоғарғы деңгейдегі , және бір – біріне қарамақарсылықсыз болуы қажет. МБ жалпы көлемі 1 Гбайтта CD – ROM дискісіне сақталады. ONC – карталарының беттері “DLG - 3”, АҚШ – тың геологиялық картаға түсіру форматында сандалады. Мәліметтерді басқаруды МББЖ “ORACLE” атқарады. Оның көмегімен МБ басқа да жүйелермен біртектіленеді, мысалы: ARC/INFO, Map/info.
Болашақта WDDES ғаламдық жалпы географиялық ақпараттардың жиынтығын құру бағдарламасының құралдық бөлігі болады. Мұнда ол сандық – тақырыптық карта салудың позициялық негізін және ара қашықтықтан зерделеу мәліметін сандық өңдеуден өткізуді қамтамасыз ететін болады. Д. Райнд ҒМБ құрудағы жалпыгеографиялық ролін зерттенген. Оның , қазіргі уақытта жер бетінің үлкен масштабты 2 әмбебап сандық файлы бар: WDB (әлемдік МБ) және MundoCart.
Қазіргі уақытта әлемнің сандық картасы MundoCart санын жазуда CD – ROM жасалған. Оны Petroconsultant фирмасы таратады. Сандау және редакциялау құралдары карта мазмұнының элементтері жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Мұнда max қате 1 мм – ден аспайды, нүктелердің 90% позициялау шегінен шықпайды.
Дәріс 7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет