Ісіктер. Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)


Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы



бет6/13
Дата29.10.2022
өлшемі32,83 Kb.
#46122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы
эпителий ісіктері (жеке ағзаға тән ісіктер).
Бұл ісіктер жеке ағзалар клеткасынан өсіп тек осы ағзаларға тән құрылым-дар түзеді және сол ағзалардың кейбір қызметін атқарады.
Гипофиз ісіктері. Гипофиз құрамында кездесетін клеткалардың бәрінде де ісіктер өседі. Клиникалық белгілеріне қарап немесе қандағы гормондар мөлшерін анықтау арқылы гипофизде гормондар бөліп шығаратын және гормондар бөліп шығармайтын аденомаларды ажыратады. Гормондар бөліп шығаратын аденома-лар хромофобтық немесе эозинофилдік клеткалардан түзілген. Гормондар бөліп шығармайтын аденомаларды микроскоптық көріністеріне қарап майда клеткалы хромофобты, ірі клеткалы хромофобты және онкоцитома деп бөледі. Майда клеткалы хромофобты аденомалар гиперхромды боялған майда, ядролары домалақтау сопақ клеткалардан түзілген. Олар белгілі бір құрылымдар түзбейді. Ірі клеткалы хромофобты аденомалардың ядролары ірі, полиморфты, кейде екеу. Онкоцитомалар өте ірі, қызғылт түске боялған, цитоплазмасы түйіршікті, ядрола-ры кішкентай клеткалардан құралған.
Бүйрек үсті безінің ісіктері. Бүйрек үсті безінде де түрлі гормон бөліп шығарушы ісіктер кездеседі. Шумақты аймақтан альдостеромалар, талшықты аймақтан кортикостеромалар ме глюкокортикомалар, торлы аймақтан андростеро-малар өсіп шығады және одан басқа аралас ісіктерде кездеседі. Аденоманың өзіне тән клиникалық белгілері болады. Альдостеромалар клиникасы Кон синдромы-мен, кортикостеромалар Кушинг синдромымен, андростеромалар жыныс белгіле-рінің өзгеруімен сипатталады.
Аналық без ісіктері.Аналық без ісіктері негізгі бес топқа бөлінеді: эпителийлік ісіктер; жыныстық жолақ стромасының ісіктері; липидтікклеткалық ісіктер; герминогендік ісіктер; гонадобластома. Эпителийлі ісіктердің ішінде жиі кездесетіні сарысулы және муцинді цистаденомалар. Гранулезаклеткалы ісік эстероген гормондарын бөліп шығаратын ісік. Текома да фолликулома сияқты гормон бөліп шығарушы, негізінен қатерсіз, консистенциясы қатты, сары түсті ісік. Дисгерминома қатерлі ісіктер қатарына жатып, жыныс белгілері толық жетілмеген қыздар мен жас әйелдерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет