Искакова Ш. Г


II. Пысықтауыш функциясын атқарады



Pdf көрінісі
бет44/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   179
Байланысты:
инглиш грамматика

II. Пысықтауыш функциясын атқарады. 
1) Мезгіл пысықтауыш. 
Waiting for a tram, I saw Peter. 
Трамвайды күтіп тұрып, мен Петрді көрдім. 
2) Себеп-салдар пысықтауыш. 
Knowing English well, he translated the article without a dictionary. 
Ағылшын тілін жақсы біле отырып ол мақаланы сөздіксіз аударды. 
3) Қимыл-сын пысықтауыш. 
He walked down the road limping. 


52 
Ол ақсақтап жолмен жүрді. 
Past Participle Passive анықтауыш функциясын атқарады. 
А) Зат есім алдында. 
A broken cup lay on the table. 
Сынған кесе үстелде жатты. 
Б) Зат есімнен кейін. 
All books taken from the library must be returned next week. 
Кітапханадан алынған барлық кітаптар келесі жұмада қайтарылуы 
керек. 
Есімшенің күрделі формасы. 
Perfect Participle Active жасалуы жəне қолданылуы. 
Perfect Participle Active Present Participle формасындағы көмекші 
етістік to have жəне Present Participle формасындағы негізгі етістік арқылы 
жасалады (having asked). Perfect Participle Active сөйлем баяндауышы
көрсететін іске дейін аяқталған істі көрсетеді жəне себеп-салдар жəне 
мезгіл пысықтауыш функциясын атқарады. 
Having lost the key, he couldn’t enter the room. 
Кілтін жоғалтып алып ол бөлмеге кіре алмады. 
 «Объектік септік осы шақтың есімшесімен» құрылымы. 
Сезім мүшелері арқылы қабылдауды білдіретін етістіктерінен (to see-
көру, to watch-қарау, to notice -байқау, to hear-есту, to feel-сезу) кейін 
«объектік септік осы шақтың есімшесімен» құрылымы қолданылады. Ол 
объектік септік есімдігі немесе жалпы септіктегі зат есім мен осы шақтың 
есімшесі (Present Participle) байланысын көрсетеді.
I saw him running. Мен оның жүгіргенін көрдім. 
«Объектік септік инфинитивпен» құрылымы аяқталған істі көрсетсе, 
«объектік септік есімшемен» құрылымы істеліп жатырған істі көрсетеді. 
I saw him crossing the street. - Мен оның көшені кесіп өтіп бара 
жатырғанын көрдім. I saw him cross the street. - Мен оның көшені кесіп 
өткенін көрдім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет