Искакова Ш. Г



Pdf көрінісі
бет43/179
Дата25.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#86881
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   179
Байланысты:
инглиш грамматика

Есімше (The Participle). 
Ағылшын тілінде есімше етістіктің жіктелмеген формасы. Ағылшын 
есімшесі сөйлемде анықтауыштың немесе пысықтауыштың қызметін 
атқарады. 
Есімше формалары. 
Өзінен кейін тура толықтауышты қабылдайтын етістіктердің негізгі 
етісте екі есімше формасы жəне ырықсыз етісте үш есімше формасы бар. 
Present 
asking 
being asked 
Past 

asked 
Perfect 
having asked 
having been asked 


51 
Өзінен кейін тура толықтауышты қабылдамайтын етістіктердің тек 
негізгі етісте үш есімше формасы бар. 
Есімшенің жай формалары. 
Есімшенің жай формаларының жасалуы. 
Present Participle Active. 
Present Participle Active етістіктің инфинпитив формасына (to 
бөлшегінсіз) –ing жалғауын жалғау арқылы жасалады. 
to read оқу reading оқып жатырған
to buy сатып алуbuying сатып алып жатырған
Past Participle Active жəне Passive. 
 
Past Participle Active жəне Passive дұрыс етістіктердің инфинитив 
формасына –ed жалғау арқылы жасалады. 
to ask сұрау asked сұраған, сұралған. 
Past Participle бұрыс етістіктерден əртүрлі жолмен жасалады. 
to give беру given 
to send жіберу sent 
to buy сатып алу bought 
Not болымсыз бөлшегі есімшенің алдына қойылады: 
not asking – сұрамай, not sold - сатылмаған, т.б. 
Есімшенің жай формаларының қолданылуы. 
Present Participle Active:
I. Анықтауыш функциясын атқарады. 
1) Зат есім алдында. 
The rising sun was hidden by the clouds. 
Көтерілген күнді бұлттар жапты. 
2) Зат есімнен кейін. Present Participle сөйлем баяндауышымен қатар 
жүрген істі білдіреді. 
The boy playing in the garden is my sister’s son. 
Бақта ойнап жүрген бала менің апамның баласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет