Ислам және өнеге
Медицина саласында өте мықты еңбектер
қалдырған, қан айналымын тұңғыш рет ойлап тапқан
ғалым Ибн-Нәфс жазу кезінде қолындағы қаламның
сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау
үшін қасына бірнеше қалам қойып қойып, солардың
кез келгенімен жалғастыра беретін.
Ибнул-Жаузи: «Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың
қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу.
Мен адамдардың уақыттарын текке өлтіретіндіктерін
байқадым. Ондай адамдарды батып бара жатқан кеме-
де алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған жолаушыларға
ұқсатам» дейді. Оның өміріне көз жібергенімізде, расын-
да да, уақытты өте үнемді пайдаланғанын байқаймыз.
Ғылым-білім, жазу, пәтуамен өткізген өмірінің бір
сәтін де бекерге өткізбеген. Ғылымның қай саласында
да еңбек жазып қалдырған. Кейбіреуі 20 томға жететін
340-тан астам еңбек қалдырған. Күн сайын төрт қалың
дәптерлік жазу жазған. Бір жылда жазғаны 50-60 томға
жеткенін байқаймыз. Ибнул-Жаузидің кітап жазу
кезінде ұштаған қалам жаңқалары ол қайтыс болғанда
мәйітін жуатын суды ысытуға жеткен екен
170
.
Байқасақ, «Адам баласы екі нәрсенің қадірін
білмейді: бос уақыт және денсаулық»
171
, – деп ха-
дисте ескертілген, әрі кезінде Ислам ғұламалары
осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін
өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі
күні уақытты өлтіретін нәрселер өте көп. Соның бірі
теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, бұл күнде
көк сандығы жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы
теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі
170
Ибрахим Рафиқ. Заман шууру. Сызынты журналы, 12, Б.151.
171
Байхақи, Шуабул-иман, 4/129
121
Адами мінез – арға сын
көңіл бөле бермейді. Орташа есеппен күніне 3 сағат
теледидар тамашалайтын адамның жылдық осыған
жұмсалатын уақты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл
дегеніңіз күндіз-түні 45 күн деген сөз. Яғни тоқтамай
көрген 45 түн мен 45 күнге тең. Есіл болған қайран
уақыт! Ал теледидарға босқа кеткен осы 1095 сағат
ішінде қандай істер бітіруге болады, соны бір ойға
алып көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа
оқу жылынан да асық. Яғни 1 жыл оқымай қалдыңыз
деген сөз. 1095 сағат ішінде шет тілін өте жақсы
меңгеруге болады. Яғни теледидардың кесірінен біз бір
шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Ал кітап оқығыңыз
келсе, өте баяу оқитын адамның өзі осыншама уақытта
25 мың беттік кітапты оқып тауысады екен. Ал әрбір
әрпі сауапқа батыратын Құран Кәрімді оқимын десеңіз,
1095 сағат ішінде сіз оны 10 рет хатым (бастан-аяқ оқу)
жасайды екенсіз. Осы уақыттың үште бірін ғана қаза
намаздарыңызға бөлетін болсаңыз, онда 3 жылдық
борышыңыздан еркін құтылады екенсіз. Бұны осы-
лай көбейте беруге болады. Міне, теледидар көрудің
адамды қаншама игілікті істерден құр қалдыратынын
осыдан-ақ байқауға болады.
Уақыттың тағы бір аңдушысы – ұйқы. «Ұйқы –
өлімнің бауыры» деген хадисті әрі «Көп білмек болсаң,
аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам
мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының
астарын түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған,
ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап өкініш
білдірген Мұқағали ағамыздың мына бір ғибратты
өлеңінен аңғарғандаймыз:
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
(Ұйықтасын сапарларын тамамдаған).
122
Ислам және өнеге
Алдымда сапар жолы тарам-тарам,
Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.
Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.
Қанша менің өлді екен уақытым,
Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!
Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп.
Уақытты текке өткізу – көп сөз, көп қыдырудың да
еншісінде. Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Адам
мүмкіндікті дер кезінде кәдесіне жаратып қалмаса,
«қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Уақыт адам-
затпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адаспайды»
деп түйген халық нақылы мына бір дәмді оймен үндесе
түскендей:
Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған
оқушыдан сұра.
Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз
айлығында босанған келіншектен сұра.
Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет
шығаратын редактордан сұра.
Бір сағаттың қадірін білем десең, бір-бірін асыға
күткен ғашықтардан сұра.
Бір минуттың қадірін білем десең, пойызынан
қалып қойған жолаушыдан сұра.
Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының
алдын алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
Бір мини секундтың қадірін білем десең, әлемдік
жарыста күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!
Иә, үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің
барлығы да уақыттың қадірін біліп, оны өте тиімді пай-
далана білгендер. Бірде: «Мені жарты сағаттан кейін
оятыңызшы», – деп, көз ілмек болған Эйнштейнді
123
Адами мінез – арға сын
қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін
барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған
ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне
қатты ренжіп: «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз
онда», – деп кейісе керек. «Ұрланған заттың ор-
нын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған
уақыттың орнын еш толтыра алмайсың», – деген Гете
де уақыт мәселесіне бей-жай қарамаған. Абай атамыз
да өз өлеңінде уақыттың қайта айналып келмейтіндігін,
тық-тық еткен сағат уақыттың ұрысы екенін тамаша
бейнелеген:
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Үнемі өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Иә, адам баласы «қайта айналып бұрылмайтын,
бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдаланғаны абзал. Сол
себепті болар, еңбекқор қытай халқы уақыт мәселесіне
келгенде «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала
алмайсың» деп безектейді екен. Осы орайда «Рақат –
рақатты тәрк етуде» деген шығыстық аталы сөз қазақтың
«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер»
дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып,
дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін же-
мек. Ал уақытын бекер ойын-күлкімен, шегірткеше ән
салып, көгалды қуып гөлайттаумен, желікпен өткізген
жан кейін өкініштен бармақ тістейтіні анық. «Рахат
– рахатты тәрк етуде» деген сөзді кең мағынада алар
124
Ислам және өнеге
болсақ, бұл дүниелік уақытын өткінші қызыққа алда-
нып, бекер өткізбей, Аллаһ алдындағы мұсылмандық
парыз, қарыздарын өтеумен бейнеттеніп өткен жан да
о дүниелік шынайы мәңгілік рақатын осы дүниедегі
өткінші жан рақатын тәрк етуден таппақ.
125
Достарыңызбен бөлісу: |