Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет38/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

«Раббыңның  есімін  ертелі-кеш  зікір  ет  Түнде 
сәждеге  жығыл.  Жаратушы  Иеңді  ұзақ  пәкте»
165
 
делінгендіктен,  түнде  тұрып  таһажжуд  намазын 
оқуды  әдетке  айналдырған.  «Мүззәммил»  сүресінің 
алғашқы  он  аяты  да  түнгі  уақытты  жүйелеуді 
165
  «Инсан» сүресі, 25-26-аят.


115
Адами мінез – арға сын
меңзейді. Пайғамбарымыз түнгі уақытын үшке бөлген: 
жанұясына, демалуға және құлшылыққа. Ең көп хадис 
риуаят  еткен  Әбу  Хұрайра  да  түнді  үшке  бөліп,  бір 
бөлігінде демалған, екінші бөлігінде ғибадат жасаған, 
үшінші бөлігінде жинақтаған ілімін қорытқан. Күндіз 
Пайғамбарымыздан  естіген  хадистерін  түнге  қарай 
асықпай зерделейтін. 
(Түнгі уақытқа кешкі намаз да кіреді). Күн бата са-
лысымен  түн  басталып,  Пайғамбарымыз  жанұясымен 
бірге  кешкі  асқа  отырған.  Қалған  уақытын  тынығуға 
және құлшылыққа арнаған. 
«Ерте  тұрған  еркектің  ырысы  артық,  ерте  тұрған 
әйелдің  бір  ісі  артық»  демекші,  дінімізде  таң  на-
мазын  оқу  үшін  ерте  тұру  −  әр  мұсылманға  парыз 
екені  белгілі.  Бір  күннің  бес  уақытқа  бөлінуі  де  24 
сағаттық  тәулікті  жүйелеп,  ұтымды  пайдалану  үшін 
берілген  үлкен  мүмкіндік.  Уақытты  ұтымды  пайдала-
ну  үшін,  Пайғамбарымыз  намазды  да  ертерек  оқуға 
шақыруда.  «Ең  ізгі  амал  қандай?»
166
  –  деп  сұраған 
кісіге, «Уақтында оқылған намаз», – деп жауап бергені 
мәлім. Осы себепті бір мұсылман үшін уақытты тиімді 
пайдалану  намазды  ертерек  оқудан  басталатынын 
ескерген жөн. Тіпті құрбан шалуда да уақыт мәселесі 
маңызды  рөл  атқарады.  Пайғамбарымыз  Минада  айт 
намазын  оқытып,  құрбанды  намаздан  кейін  шалу 
керектігін ескерткен. Жамағаттың біреуі құрбанын на-
маздан  бұрын  шалғанын  айтқанда,  Ардақты  елші  ол 
еттің құрбанға жатпайтындығын білдірген. Бұл Ислам 
дінінде әрбір құлшылықты орындауда уақыттың басты 
негізге алынатынын аңғартады. Уақыт кірмейінше, на-
166
  Табарани, Мұғжамул-кәбир, 18/259; Байхақи, 1/457.


116
Ислам және өнеге
маз оқылмайды. Уақытында үлгермесе, қазасы өтеледі 
т.с.с. 
«Қарыны  тоқтық,  жұмысы  жоқтық  аздырар  адам 
баласын»  деп  Абай  атамыз  айтпақшы,  адамның  бос 
отыруы  −  шайтан  үшін  таптырмайтын  мүмкіндік.  Ол 
дереу  бос  отырған  адамның  ойына  түрлі  жамандық 
салып,  азғыра  бастайды.  Күнәға  итермелейді.  Сол 
себепті бір мұсылманның өмірінде бос уақыт болмауы 
тиіс. «Кітабын үңілген бала, егінін егумен айналысқан 
егінші, қолы істегі тігінші, асүйде тамақ пісірген әйел 
жамандық ойлауға уақыт таппайды», – деп Ахмет Ясса-
уи бабамыз айтқандай, жұмысы көп адамның жамандық 
ойлауға да мұршасы келмейді. 
Байқасаңыз, Исламда ұзақ уақыт демалыс жариялау 
кездеспейді. Тіпті мейрамдардың өзі санаулы. Мереке 
күндері де бос қарап жату жоқ. Таң атысымен, мешітке 
барып,  айт  намазын  оқу  міндетті.  Айттасып,  туған-
туыс, көрші-қолаңның қал-жағдайын білу, құттықтасу 
–  мерекенің  нышаны.  Құрбан  шалу  керек  болса,  мал 
сою,  етін  тарату  жұмыстары  күтіп  тұрады.  Шындап 
келгенде, ақыретке сенетін, ертең осы дүниедегі әр күн, 
әр  сағат,  әр  минуттың  есебін  берем  деген  уайыммен 
жүрген  мұсылман  үшін  уақытқа  деген  жауапсыздық 
бей-жай қарайтын мәселе емес. Сүйікті елші (с.а.с.) бір 
хадисінде о дүниеге барғанда, әрбір адамнан мына бес 
сұрақ міндетті түрде сұралатындығын ескерткен: 
1. Өмірін қайда өткізгендігі;
2. Жастық шағын қалай өткізгендігі;
3. Дүниесін қандай жолмен тапқандығы;
4. Дүниесін қайда жұмсағандығы;
5. Білгендерімен амал етіп-етпегендігі
167
.
167
  Тирмизи, Қиямат, 1/2416 хадис


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет