Ислам және өнеге



Pdf көрінісі
бет39/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,62 Mb.
#21968
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71
Байланысты:
2 5467766300094762707

Адами мінез – арға сын
Кейбір 
адамдардың 
«уақытымды 
қайтіп 
өткізерімді білмеймін» деуі аса қауіпті жағдай. Өйткені 
зерттеушілердің  айтуынша,  әсіресе,  жастар  арасын-
да  түрлі  бұзақы  топтарға  қосылу,  нашар  қылықтарға 
үйірсектеу, секталарға бару, қылмыс жасау, моралдық 
азғындықтарға  салыну  не  істерін  білмей  бос  жүрген 
кездерде кездеседі екен. Ұзақ мерзімді жазғы демалыс 
кездерінде  жастарға  үлкендер  тарапынан  қадағалау 
күшейтілмесе,  айтарлықтай  зардап  әкелуі  мүмкін 
екенін де ескерген жөн. Осы себепті мұсылман адам бос 
отырудан сақтанғаны дұрыс. Қолы қалт еткен кездерін 
кітап оқып білімін арттыруға, аят, хадис, дұға жаттауға, 
ата-ананың алдындағы міндеттерін орындауға, туыста-
рын  зиярат  етуге,  жетім-жесір,  кедей-кембағалдарға 
қолғабыс  тигізуге,  жақсылық  етуге,  мамандығын 
жақсы игеруге, қазалары мен қарыздарын өтеуге, араз 
адамдардың арасын татуластыруға, т.б. мәнді әрі пай-
далы  істерге  жұмсауға  дағдыланған  дұрыс.  Өйткені, 
мұсылманның  түсінігінде  өмір  −  шектеулі,  уақыт  − 
қысқа. 
Аллаһ елшісі бұл турасында былай деген: 
«Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: 
Өлмей тұрып өмірдің
Ауырмай тұрып денсаулықтың
Қартаймай тұрып жастықтың
Кедейленбей тұрып байлықтың
Көп  жұмысқа  тап  болмай  тұрып  бос  уақыттың 
қадірін біл!»
168
Адамзаттың  ардақты  ұстазы  хазірет  Пайғам-
барымыз (с.а.с.) ешқашан бос қарап отырмаған. Айша 
анамыз (р.а.) бұл жайлы «Үй ішінде ешқашан қолы бос 
168
  Әбу Нуаймнан


118
Ислам және өнеге
отырғанын  көрмедім»,  –  деген.  Пайғамбарымыздың 
қолы босап қалуы мүмкін емес те еді. Өйткені Жарату-
шы Иеміз оған 
«Босағаныңда  дереу  қайта  жұмысқа  кіріс. 
Раббыңа құлшылық жаса»
169
демеп пе еді?! Бұл – бар-
ша мұсылмандарға да қарата айтылған бұйрық. Яғни, 
«Әй, мұсылман! Ешқашан бос отырушы болма! Бір істі 
бітірсең, екіншісін баста. Діннің бір амалын бүтіндесең, 
дүниелік  бір  ісіңмен  айналыс.  Дүниелік  бір  ісіңді 
тамамдасаң, діни бір амалды қайта қолыңа ал. Тәннің бір 
қажеттілігін өтесең, жанның бір азығын қамда. Өз ісің 
бітсе, жақындарыңды еске ал. Содан кейін қоғамның, 
мұсылман үмбетінің қажетіне жарайтын іс қыл. Сонда 
сенде бос уақыт деген болмайды» дегендік.
Уақытты  тиімді  пайдалану  мәселесіне  саха-
балар  мен  кейінгі  мұсылман  ғалымдар  да  үлкен 
жауапкершілікпен қараған. 
Ибн Масғұд (р.а.): «Не дүниеге, не ақыретке пай-
далы ісі жоқ адамды көргім келмейді», – деген. 
Қазы  Шұрәйһ  бос  сандалып  жүрген  кейбір 
көршілерін  көргенде  «Не  істеп  жүрсіңдер?»  –  деп 
сұрайды.  Олар:  «Бүгін  боспыз»,  –  дегенде,  «Бос 
болсаңдар, осылай жүру керек пе екен?!» – деп ренжіген 
екен. 
Қырық бес жасында қайтыс болған Ислам ғұламасы 
Нәуауидің  артқа  тастап  кеткен  қыруар  еңбектерін 
есептесеңіз, 45 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені, ол 
уақытын қалай үнемдеуді жақсы білген. Ғылым-білім 
алуға,  құлшылықтарын  атқаруға  уақыт  жеткізу  үшін 
169
  «Иншираһ» сүресі, 7-8 аят.


119
Адами мінез – арға сын
ол  кісі  тек  қана  сәске  уақыттарында  ғана  бір-ақ  рет 
тамақтанған екен. 
Шейх Фахраддин: «Аллаһқа ант етейін, тамақ же-
ген  уақыттарымда  ғылыммен  айналыса  алмағаныма 
қатты өкінем. Өйткені уақыт қашан да қымбат қой», – 
деген. 
Әл-имам  Әбул-уәфа  Али  ибн  Ақил  былай  де-
ген:  «Мен  тамақ  уақыттарын  қысқарту  үшін  барын-
ша қолымнан келгенді жасаймын. Тіпті көп шайнала-
тын тамақтан гөрі тез жұтылатынын таңдаймын. Неге 
десеңіз, шайнауға да уақыт кетіп қалады. Содан барып 
жазуға, оқуға көп уақыт таба алам». 
Имам Мәлік болса, көбірек ғылым-біліммен айна-
лысу үшін, үш күнде бір-ақ рет әжетханаға баратындай 
тамақ жеуді қысқартқан. 
Ибн  Ақил  ешқандай  бос  уақыт  жібермейтін. 
Тыныққан  уақыттарын  ол  былай  деп  суреттейді: 
«Қолым қалт етіп демалған кездерімде қос аяқты созып 
құр жатқаннан гөрі шекесі шылқыған шаруаларымның 
шешімін ойша саралап отырамын. Жазатындай бірдеңе 
есіме түсе қалса, дереу тұрам да жазам. Сексен жасым-
да  ғылымға  деген  менің  ынтам,  жиырма  жасымдағы 
кезіме  қарағанда  әлдеқайда  жоғары  болатын»... 
Айтқанындай  осыншалықты  ынтасының  арқасында 
Ибн Ақил ғылымның 20 шақты әр түрлі саласында өте 
құнды еңбектер қалдырған. 
Фахраддин Рази дастарқан басында да бір жағынан 
тамақ  жеп,  екінші  жағынан  шұқшия  кітап  оқитын. 
Үйінен  шығып  мешітке  жеткенше,  көлікте  отырып 
шәкірттеріне  сабақ  берумен  болатын  деседі.  Рази 
уақытқа қатты көңіл бөлген. 


120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет