191
Тәрбиенің негізі – имандылық
Ораза,
намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде
Құдай барлығы
327
.
Иә, көңілінде Құдай бар пенде қасиетті Құранды
парақтағанда, Жаратушы иенің
«Мен жындар мен
адамзатты өзіме құлшылық қылсын деп жараттым»
328
деген жарлығын білмеуі мүмкін емес. Ал, бұны білген
ақылы толысқан, парасатты адамның құлшылыққа көңіл
бөлмей жүруі тағы қисынсыз жайт. Өйткені, Абайша
айтқанда, «ақылдығы
– иман, имандыға
– құлшылық
парыз» емес пе?!
Рас, мұсылман адам – рухани тазалыққа көңіл
бөлуімен, дінді таза ұстануымен, татулық пен
ағайынгершілікті күзетуімен ерекшеленеді. Ол ең әуелі
Хақты тануға, өзіне жүктелген бес парызды орындауға
талпынып, ыждаһаттылық көрсетуі тиіс. Әбубәкір
Кердері бабамыз бұны былай деп ұқтырған:
Мұсылман болсаң
– іждәт қыл,
Иман, руза, намазға.
Ағайын болсаң,
тату бол,
Әуес болма аразға!
Құлшылық
– Хақтың разылығына бөлену және
сауап үшін жасалады. Ақыретте амалдар таразыға
тартылғанда, сауабым көбірек басса екен, күнәларыма
кіпарат кешірім болса екен деген үмітпен атқарылады.
Ешкім-ешкімге ақша ұстатып, дүние беріп есептесе
алмайтын, ешкімнің-ешкімге көмегі тимейтін, әркім
өз басын қайғы етіп, қиналған сәтте пайдасы тиіп,
шапағаты жете ме деген зор тілекпен атқарады. Па-
рызды уақтылы орындамағанның есебін қайтіп берем,
327
Он ғасыр жырлайды. Алматы,-2006. Б.202.
328
«Зариғат» сүресі, 56-аят
192
Ислам және өнеге
жазаға ұшырамайын деген қорқыныштан да арыл-
майды. Әбубәкір Кердері бабамыз келесі бір өлең
шумақтарында осыған тоқталған:
Пайдасын
өзің көресің,
Ғибадат қылып Аллаһға.
Бір жаныңды нұрласаң.
Жаныңа
ғазап хақ болар
Ораза, намаз, зекет, хаж
Атқарып уақыт тұрмасаң.
Қазақ халқы құлшылық жасау пендешіліктеріміз
бен біліп-білмей жасаған күнәларымызды жуып-
шаяды деп түсінген. Ол негізсіз де болмаған. Өйткені
жақсы істердің жамандықтарды жоятындығы қасиетті
Құранда жазылған
329
, хадистерде де жиі ескертіліп:
Достарыңызбен бөлісу: