Ислам және өнеге
Пайғамбарымыз балаға «Аллаһ тағаланың бер-
ген сыйы»
305
деп қарағандықтан, ұлды артық көріп,
қызды кемсітуге жол бермеген. Қоғамды қыз бала-
ны жек көрмеуге шақырып: «Егер таңдау еркі маған
берілсе, қайта қыз баланы артық санар едім»
306
, – де-
ген. Өйткені қыз баланың жүрегі жұмсақ, жаны нәзік,
ол ертеңгі біреудің қимас серігі, оң босағадағы қонақ
деп түсіндірген. Өзі сапарға шыға қалса, ең соңынан
қызы Фатимамен қоштасып, оралғанында ең алдымен
соған амандығын сұрап, кіріп шығатын
307
. Қызды қор
көрмеуге шақырып: «Кімде – кімнің үш қызы болып,
ұлды олардан артық санамаса, жақсы тәрбиелесе, Аллаһ
ондай ата-анаға жұмақты нәсіп етеді»
308
, – дейтін. Қыз
балаға мейіріммен қарауға шақырып, оның сауабы зор
екенін білдіретін. Осы орайда Айша анамыз (р.а.) тілге
тиек еткен мына бір әңгіме өте мәнді.
«Бірде маған бір әйел қайыр сұрай келді. Қасына
ертіп алған екі қызы бар екен. Менде бары бір тал құрма
еді. Әлгі әйел мен берген құрманы екі бөліп, екі қызының
аузына тосты. Өзіне ештеңе қалдырмады. Олар кетіп
қалғаннан кейін Пайғамбарымыз келді. Мен болған
жайтты әңгімелеп бергенімде, «Кім өмірде қыздарымен
сыналса, қыздарына жақсы қараған жағдайда қыздары
ата-анасын тозақтан сақтайды»
309
, – деп еді.
Әркез отбасында балаларды бір-бірінен алаламауға
шақырып: «Балаларыңды бөліп-жармай, теңдей
305
Хаким, әл-Мүстәдрак, ІІ, 284.
306
Дәйләми, Мүснәдүл-фирдаус, 3\а.
307
Әбу Дәуіт, Тәрәжжүл; 21.
308
Ибн Мажа, Әдәб, 3; Тирмизи, Бирр, 13.
309
Бұхари, Зекет, 10.
187
Тәрбиенің негізі – имандылық
көріңдер»
310
, «Бала алдындағы ата-ана міндеттеріңнің
бірі – оларды алаламау»
311
, – дейтін.
Бірде бір кісі Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
қасында отырған кезінде, жанына ұлы келеді. Әлгі
кісі ұлының бетінен сүйіп, оны алдына отырғызады.
Сәлден кейін қызы келеді. Қызын да шақырып, алды-
на отырғызады. Бірақ оның бетінен сүймейді. Бұны
байқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Екеуін теңдей
көрмейсің бе?!» – деп ескерту жасайды
312
. Осы тәрізді
бірқатар хадистерді талдай келе, мұсылман ғұламалары
«балаларға сыйлық бергенде ғана емес, еркелетіп,
бетінен сүйген кезде де оларды алаламауға көңіл бөлу
керек»
313
деген қорытынды жасаған.
Осы тұрғыда мына бір оқиға да ерекше мәнді.
Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) әкесі бір күні:
−
Уа, Аллаһтың елшісі, өзге балаларым да бар.
Бірақ, Нұғманым бір төбе. Рұқсат етсеңіз, дүние-
мүлкімнің көбірек бөлігін Нұғманға бергім келеді, – де-
генде, Пайғамбарымыз:
– Өзге ұлдарыңа да сол мөлшерде бердің бе? – деп
сұрады. Бәшир:
– Жоқ, – деді.
Аллаһ елшісі басқаларына да ескерткісі келгендей
көтеріңкі дауыспен:
– Аллаһтан қорқыңдар, балаларға әділ қараңдар! –
деді.
Артынша Бәширге бұрылып:
– Сен әлде бар балаларыңның өзіңе бірдей құрмет
көрсетуін қаламайсың ба? – деп сұрады. Ол:
310
Әбу Дәуіт, (3544. Х.).
311
Мүснәд, 4/269.
312
Мәжмауз-зәуаид, 8/156.
313
Тирмизи, Ахкам, 30 (1387 х.)
188
Ислам және өнеге
– Жоқ, қалаймын ғой, – деп күмілжігенде, – Енде-
ше, бұлай жасаушы болма!
314
– деп қатаң ескерткен еді.
Кейде балалармен әзілдескенді ұнататын. Хасанды
еркелетіп «лұқа»
315
(бұзық), Әнасты «Зүл-Ұзұнайн»
316
(қос құлақты), ал кішкене бауырын «Әбу Ұмайр»
317
деп атаған. Махмұд ибн Рәби бес жастар шамасын-
да Пайғамбарымыздың өзімен су бүркіп ойнағанын
айтқан
318
. Бұл оның Ансарлық сахабалардың балалары-
мен әр түрлі әзілдесіп ойнағанынан туған
319
.
Баланы жақсы көретіндігін әр түрлі жағдайлармен
көрсетіп отыратын. Мекке-Мәдинаға келген кезінде ал-
дынан жүгіріп шыққан балаларды көлігіне мінгестіріп
алатын. Ибн Аббас риуаятында Меккеге келген кезінде
өзін күтіп жүгіріп шыққан Абдулмұтталиб әулетінің
балаларының бірін алдына, бірін артына мінгестіріп
алғандығы айтылады
320
.
Баланың тентектігіне ашуланбай, сабырлылық
танытқан. «Бала кішкене кезінде бұзық болса, бұл оның
өскенде ақылды болатындығының белгісі»
321
, – дейтін.
Баланың физикалық жетілуіне де көңіл бөлетін.
«Топырақ – баланың көктемі»
322
, – деп, апақ-сапаққа
қалмай, баланың күн жарықта ойнағанын құп көрген
323
.
Тамақтан бұрын және тамақтан кейін қол жуу, оң
314
Бұхари, Һиба, 12-13; Нәсаи, Нухл, 1; Тирмизи, Ахкам, 30; Ибн
Мажа, Һиба, 1; Тайалиси, 1/280.
315
Мүснәд, 2/532. Әдәбүл-мүфрәд, 404 (1183. х.)
316
Әбу Дәуіт, Әдеп, 92 (4/301, 5002. х.)
317
Тирмизи, Бирр 57 (6/206, 1990 х.)
318
Бұхари, Илм 18 (1/29).
319
Ибн Хажар, Фәтхул-бари, 1/182.
320
Бұхари, Ұмра, 13/(3/9).
321
Фәйзул-қадир, 4/310.
322
Фәйзул-қадир, 3. 281.
323
Шәрху Мүслим, 13/186.
189
Тәрбиенің негізі – имандылық
қолмен жеу, «бисмилламен» бастау, өз алдынан жеу де-
ген секілді тамақтанудың әдебін, бұған қоса тән мен жан
тазалығын үйретумен қатар, ер балаларға күрес, садақ
ату, жүгіру, суда жүзуді игертуге шақырған. Жыныстық
тәрбиені де назардан тыс қалдырмай, «Он жасқа
толғанда қыз бен ұлдың төсегін бөлек салыңдар»
324
, –
деген.
Бала оң-солды ажырата бастағаннан бастап, оны
ибалыққа, имандылыққа тәрбиелеп, ненің күнә, ненің
сауап екенін үйрету, мешітке үйір етіп, Аллаһты,
Пайғамбарды танытуға, Құранды үйретуге, 7-10 жа-
старынан бастап намаз оқу
325
секілді мұсылмандық
міндеттерді орындауға баулу да сүннетте негізге
алынған.
Қорыта келгенде, өз өмірінде Мұхаммед
Пайғамбарымыз (с.а.с.) балаларға қатты көңіл бөліп,
тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қараған. Бала-
ны тәрбиелеу үшін мейірімділік танытуға, жақсы
көруге, ақылмен еркелетуге, көңіл бөліп ойнатуға,
адал несібемен бағып-қағуға, ұл-қыз деп алаламауға,
ешқашан алдамауға, берген уәдені орындауға шақырған.
Әр қылығына түсіністікпен қарап, жынысына сай
тәрбие беруге көңіл аудартқан. Денесін шымырлыққа
шынықтырумен қатар жастайынан иман негіздерін
сіңіруге назар аудартқан. Ата-ана ретінде отбасында
жақсы өнеге көрсетіп, баланы жастайынан тазалыққа,
адамгершілікке, мұсылмандық әдептілікке баулуды
үлгі еткен.
324
Әбу Дәуіт, Салат, 25.
325
Әбу Дәуіт, Салат, 25.
190
Достарыңызбен бөлісу: |