185
Тәрбиенің негізі – имандылық
сүріне-қабына мешітке кірді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сөйлеп жатқан жерінен тоқтап, мінберден түсіп, екеуін
көтеріп алады да, мінберге қайта шығады. Екеуін алды-
на отырғызып: «Аллаһ тағала:
«Балаларың мен дүние-
мүліктерің сендер үшін сынақ»
300
– деп қалай дұрыс
айтқан! Олардың құлап-сүрініп келе жатқанын көрген
кезде шыдай алмадым, айтып жатқан сөзімді бөліп, ба-
рып оларды құшағыма алдым», – дейді
301
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тек қана өзінің балалары
мен немерелерін ғана емес, сахабалардың да балаларын
жақсы көрген. Усама (р.а.) өзінің балалық шағындағы
бақытты сәтін былай баяндайды: «Аллаһ расулы
бір тізесіне мені, екінші тізесіне немересі Хасанды
отырғызды, сосын бізді құшағына қысып: «Уа, Жасаған
ием, бұларға рақымдылығыңды төге гөр, себебі мен де
оларға мейірімдімін», – деді»
302
.
«Баласы бар – баламен бала болсын»
303
, – деп
өсиет қалдырған Пайғамбарымыз жас сәбилерге ерек-
ше мейіріммен қараған. Кейде өзі де немелеріне ат
болып, кейде иығына мінгізіп жүріп ойнатқан. Бірде
Пайғамбарымыздың Хасан мен Хұсейінді иығына
отырғызып алып, көтеріп ойнатып жүргенін көрген
Омар (р.а.) бұған қатты сүйсініп «Әй, балақайлар, мініп
алған сәйгүліктерің қандай тамаша!» – дейді. Сон-
да Пайғамбарымыз оған «Олар да осал атқамінерлер
емес»
304
, – деп жауап береді.
300
«Тәғабун» сүресі, 15-аят.
301
Нәсәи,
Жұма, 30
302
Бухари,
Әдеп, 22.
303
Дәйләми,
Мүснәдүл-фирдауси, ІІ, 136\6.
304
Мәталибүл-алия 4/72.