Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата12.03.2017
өлшемі3,29 Mb.
#8959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

«ЕРКІНДІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ 
ЛИНГВО-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Э.А. ИБРАГИМОВА, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Қазіргі  таңда  концепт  мәселесін  лингво­мәдени  ерекшеліктеріне  қарай  қарастырып,  зерттеулер 
жүргізу  өзекті  мәселе  болып  саналады.  Осыған  орай  соңғы  кездері  қазақ  тіл  білімінде  когнитивтік 
лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған 
еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, 
жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр­түс, сұлулық, әсемдік, еркіндік, махаббат, 
достық, адалдық, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған. Осындай 
зерттеулердің методологиялық күрделілігі концептінің өзі мен оның мағынасының шекарасын ашуда 
жан­жақты зерттеуді қажет етуімен айқындалады [1, 9]. 
Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі – когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің 
мағынасы  адамның  ойлау  жүйесімен  қатар  қарастырылады.  Бұл  бағыттың  басты  назар  аударатын 
негізгі ұғымдары – «әлем бейнесі», «әлемнің тілдік бейнесі», «әлем моделі» немесе «когнитивтік мо­
дель». Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. 
Когнитивтік семантика – сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді 
таным моделі арқылы зерттейтін ғылым [2, 12].
ХХ ғасырдың соңғы жылдары дами бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үр­
ді сі «адам – тіл – мәдениет» және «адам – тіл – ойлау» үштігіне сүйенетін гуманитарлық зерттеулердің 
жаңа бағыттарына жол ашты. Бұған дейінгі салыстырмалы­салғастырмалы түрде жүргізілген зерттеу 
жұмыстары құрылымдық­мағыналық бағытта ғана қарастырылып келсе, бүгінгі таңда антропоцен­
трис тік бағыттағы уақыт көшінде әр түрлі тілдерді салыстыра­салғастыра зерттеу ерекше қызығушы­
лық танытуда. Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарасты­
ру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға 
ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән­мағыналарын терең түсі­

127
ну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Осындай зерттеу жұмыстарында ұлттық құндылықтар­
ға  қатысты  мәдени  деректерге  көп  көңіл  бөлініп,  тіл  тек  тұлғалық  (формалық)  жағынан  ғана  емес, 
сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени­концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын 
болды.  Тілді  ұлттың  тарихымен,  мәдениетімен,  рухани  қазынасымен,  яғни  дүниетанымымен  тығыз 
қарым­қатынаста, бірлікте алып қарастырған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып 
білуге жол ашылады [2, 4].
«Еркіндік»  концептісі  лингвистикалық  зерттеулердің  нысаны  ретінде  көптеген  ғалым­лингвист­
тердің  еңбектерінде  көрсетілді:  еркіндік  сөзі  мағынасының  әр  түрлі  тілдегі  универсалды  семан ти­
калық  элементтері  ерекшеленіп  алынды,  еркіндік  –  еріктік  және  freedom  –  liberty  синонимдік  жұп 
сөздеріне зерттеу жүргізілді, «еркіндік» концептісінің диахрондық аспектісі, сонымен қатар «еркін­
дік» мағынасын көрсету эволюциясы қарастырылды, аталмыш концептісі ұғымы «адам – тыйым көзі – 
таңдау жасаудың нормативті аумағы» құрылымы арқылы түсіндірілді. Алайда, «еркіндік» концептісі­
нің кейбір аспектілері әлі де зерттеуді қажет етеді. 
«Еркіндік» концептісі қызметінің мәдени және саяси шарттары оның мазмұнының құрылымында 
этноспецификалық  ерекшеліктерді  туындатады.  Қарастырылып  отырған  концептінің  универсалды 
және ұлттық компоненттерін зерттеу ұлтаралық қарым­қатынастың мемлекеттік деңгейде, сонымен 
қатар тұлғалық деңгейде атқаратын ролімен де маңызды. 
«Еркіндік»  концептісі  философияның  маңызды  мәселелерінің  бірі  болып  саналады,  сондықтан 
әрбір философиялық мектеп пен жеке­дара философтар оған арнайы түсіндірме береді. Философ үшін 
еркіндік, біріншіден, ерік­жігердің азаттығын білдіреді. Еркіндік ұғымына арналған анықтамалар әде­
биеттердің басым көпшілігінде әр түрлі философиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Дегенмен, аталмыш 
концептіге  лингвистикалық  зерттеу  жүргізу  айтарлықтай  құнды  талдау  болар  еді.  Философиялық 
әдебиетте еркіндік және оған жапсарлас концептілерге әр түрлі тілдердің сөздіктерінде концептілер­
дің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді табуға көмектесетін талдау жасалмаған. 
Жалпы еркіндік, азаттық, бостандық сөздерін кейбір зерттеушілер синоним сөздер қатарына жат­
қызады. Бұл – қазақтың астарлас, яғни айтылуы басқа болғанымен, мағынасы бір сөздер. Еркіндік сөзі, 
негізінен,  қасында  қадағалаушысы  (бақылаушысы,  не  тексерушісі)  жоқ  деген  мағынада  айты лады, 
ал азаттық сөзі, негізінен, бір қапаста, түрмеде, зынданда, тағы басқа жабық алаңнан жіберілу деген 
мағынаны  білдіреді,  бостандық  сөзі  аяқ­қолы  бұғауда  болып,  басы  көгенде,  не  шынжыр,  кісеннен 
босаған  адамдарға айтылады.
Еркіндік (парсыша «азад» – ерікті, еркін) – қазақша ұғымында саяси еркіндік, тәуелсіздік (әлеумет­
тік бас бостандығы немесе тәуелділіктен құтылу). Саяси еріктікті білдіретін азаттық ұғымы азамат­
тар дың өз саяси мақсат­мүдделеріне сәйкес әрекет етіп, әлеуметтік­саяси және мемлекеттік әр түрлі 
мәсе лелер жөніндегі өз көзқарастарын білдіруге; өз ұстанымдарын қорғауға; саяси оқиғаларға, барлық 
үл кенді­кішілі үкімет органдарының саяси қызметіне баға беруге; мемлекет және жергілікті өкілетті 
органдарға сайлауға және сайлануға ерікті болуға кепілдік беретін заңды құқығын танытады. 
Тәуелсіздікті білдіретін еркіндік ұғымы – жеке ұлттың, қауымның, елдің бостандығы, дербестікке 
ие болуы, яғни тәуелділіктен құтылуы. Бұл – тарихи көне дәуірлерден бері көбіне қантөгістер арқы­
лы жүзеге асып келген халқымыздың асыл мұраты. Азат халық қана әлеуметтік­экономикалық және 
мәдени даму жолына түсіп, тарих санасында қала алады (еркіндік, тәуелсіздік, бостандық). Тәуелсіз­
дік, теңдік, бостандық, еркіндік бүкіл адамзат баласының қаншама мыңдаған жылдар бойы аңсаған 
арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі. Азаттықтан айырылу адамның да, халықтың да 
табиғи  болмысына  керағар  құбылыс.  Азат  халық  қана  әлеуметтік­экономикалық  және  мәдени  даму 
жолына түсіп, тарих сахнасында еркін өмір сүре алады [3, 880]. 
Еркіндік, бостандық ұғымдары негізінде конституция атауымен ұқсас. Ата Заңда «Мемлекеттің ең 
асыл қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» қағидасы жазылған. Ел­
басымыз атап көрсеткендей, «Конституция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана міндеттілік 
емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы» [4, 9].

128
«Еркіндік» ұғымының ағылшын тіліндегі анықтамасы аталмыш концептінің негізгі атауларының 
этимологиясында  көрсетілген.  Этимологиялық  деректерге  сүйенсек,  еркіндік  концептісі  –  liberty 
ұғы мы азат, заңды некеде туылғандар дегенді білдіреді. Ал freedom өзіне деген және басқаға деген 
жақын қарым­қатынасты білдіретін этимоннан шығадыКейінірек адамдардың арасындағы жақындық 
олардың белгілі бір азат әлеуметтік ортаға жататынын білдіру үшін қолданыла бастады [5, 165]. 
Америкалық  лингво­мәдениеттің  freedom  и  liberty  концептілерінің  сөздіктердегі  мағыналарын 
талдау нәтижесінде олардың 3 негізгі мағынасын ажыратып көрсетуге болатындығы анықталды: 
1. Қалағаныңдай іс­әрекет қылуға мүмкіншілігіңнің болуы;
2. Шектеулердің болмауы;
3. Абақтыда, құлшылықта болмау.
Әр атау өзіндік мағыналарға ие болып келеді. Мысалы, freedom – мүлікке ие болу құқығы, қолда­
ну ға еркі болу; жетістігі болу – привилегия, арнайы құқығы болу; еріктік; шынайылық, ашықтық, ақ 
көңілділік;  жеңілдік,  жеңіл  ойдылық;  еркіндік,  жеңіл  қимылдау;  liberty  –  ресми  құқығының  немесе 
рұқсатының болуы; мінез­құлқындағы және бір нәрсені баяндаудағы еріктілік. 
Аталмыш концептінің тілде етістікпен берілуі төмендегі етістіктері тіркестер тобымен жүзеге аса­
ды: 
1. Бостандық алу; 
2. Азат ету; 
3. Бостандықтан айырылу; 
4. Бас бостандығынан айыру.
Еркіндік алу тіркесінің ортақ семантикасы шектеулі факторлардың бірқатарынан құтылу мағына­
сын береді: 
1. Зиянды әдеттерден: to overcome, to dispose of, to give up, to quit, to leave off, to get rid off, to eliminate, 
to extirpate.
2. Аурудан айығу: to recover, to relieve, to be cured of, to get over.
3. Заңдарды, биліктегі ережелерді орындау: to revolt, to rebel, to rise in rebellion, to mutiny, to riot, to 
instigate.
4. Міндеттерден: to desert, to get demobilized, to retire, to demob, to be discharged.
5. Киімдерден: to unwrap oneself, to unswaddle oneself.
6. Белгісіз, нақты көрсетілмеген факторлардан: to escape, to be saved from, to break out from, to throw 
off, to rid oneself of, to deliver from, to save from, to redeem.
Еркіндік алу тіркесі субьектінің азат емес жағдайынан азат болу жағдайына өтуін суреттейді, яғни 
белгілі бір тәуелділіктен арылу мағынасын білдіреді. Мұндай етістіктермен берілетін қимылдардың 
көпшілігіне дұрыс баға беріледі. 
Еркіндік беру тіркесінің тобы төмендегі берілген етістіктердің көмегімен нақтыланады:
1. Рұқсат ету: to let in (through, by), to allow, to permit, to admit.
2. Бір нәрсені ашу: to open, to unlock, to unbolt, to unbar, to reveal, to disclose, to unveil, to uncover.
3. Шектейтін факторлардан арылу: а) киім: to unwind, to uncoil, to unchain, to unshoe, to unfetter, to 
unshackle; б) міндеттер: to dismiss, to demobilize, to discharge, to fire, to demob; в) белгісіз факторлар: 
to let out, to rescue, to disentangle from, to release, to liberate, to emancipate, to relieve of, to spare, to save 
from, to remove from, to free, to vacate, to deliver from, to exempt from.
Бостандықтан айырылу мағынасындағы етістіктері тіркесі тобы төмендегі бірліктерден тұрады:
1. Бағыну етістіктері: to obey, to yield ( to, up), to submit to, to resign oneself to, to listen to.
2. Кеңістіктіктік шектеулерді жабу етістіктері: to fence oneself, to isolate oneself, to restrict, to imprison, 
to bound, to encircle, to encompass, to incarcerate, to insulate oneself, to enclose oneself, to circumscribe, to 
barricade oneself.
3. Шектеулер қою: to limit oneself to, to restrict oneself to, to confine oneself to, to constrain.

129
Бағыну етістіктері белгілі бір адамның басқа бір адамға деген тәуелділігін білдіріп, ол орындағысы 
келмейтін істі орындауға мәжбүрлігін суреттейді. Аталмыш топ етістіктерінің саны аз. Өйткені, әрбір 
тұлға өз еркімен азат жағдайдан еріксіз жағдайға ауыспайды.
Бас  бостандығынан  айыру  етістіктері  тіркесі  тобы,  керісінше,  көп  қолданыстағы  етістіктер  тір­
кесі болып саналады. Мұндай семантикадағы етістіктердің көптігі адамның бас бостандығынан айы­
рылуының  санын  және  оның  азаттығына  төніп  тұрған  үрейдің  бар  екенін  байқатады.  Бұл  топтағы 
етістіктердің әртүрлілігі еркіндіктің адам үшін бағалы екенін ашып көрсетеді: 
1. Шектеу қойылған іс әрекет етістіктері: to constrain, to constrict, to squeeze.
2. Обьектке шектеулі әсер ету етістіктері: to arrest, to bind, to tie up, to captivate.
3. Мәжбүрлеу етістіктері: to order, to compel, to tell, to force, to extort, to oblige.
4. Бағындыру етістіктері: to subdue, to conquer, to subject to, to subordinate to, to subjugate.
5. Тыйым салу етістіктері: to prohibit, to forbid, to ban, to interdict, to outlaw, to suppress.
6. Қоғамдық­саяси өмірдегі шектеулер етістіктері: to discriminate, to terrorize.
7. Жаулап алу, басып алу етістіктері: to conquer, to grab, to seize, to grasp, to occupy, to clench, to 
capture, to kidnap, to captivate, to possess.
8. Қарсыласу етістіктері: to hinder from, to detain, to arrest, to hamper, to impede, to hold back, to 
embarrass, to bother, to check, to retard, to delay.
9. Шек қоюларды айқындау етістіктері: to put (lay) restraint on, to limit to, to restrict to, to confine, to 
cut down, to constrain, to bound.
Бас  бостандығына  айыру  етістіктері  тіркесінің  мағынасы  біреуді  орындағысы  келмейтін  іске 
мәжбүрлеу немесе орындағысы келген мүмкіндіктен айыру болып саналады. 
Жоғарыда  айтылған  ойлардың  барлығы  «еркіндік»  концептісінің  өзектілігі  азаттықтан  азатсыз­
дыққа немесе ұлы еркіндіктен кіші еркіндікке өтуі жағдайында екенін байқатады [6, 157].
Америкалық лингво­мәдениетте «еркіндік» маңызды идеал және сонымен қатар басты құндылық 
болып саналады. Америка халқы үшін «еркіндік» жеке таңдауға еркі болу, кәсіпкерлікте табысқа же­
ту мен жолы болу шексіз сенімімен теңестіріледі. Аталмыш халықтың ойында қарастырылып жатқан 
концепт  төмендегі идеялар түрінде беріледі: choice, life, peace, free will, liberty, freedom of speech, free dom 
from prosecution, pride. Home, representation of the people, universal liberty, human rights, responsibility, 
independence секілді ассоциаттар американдықтардың жеке тұлғалық қасиеттерін жоғары бағалауы­
ның белгісі. Сонымен қатар «еркіндік» демократиялық, құндылықтар, әділеттілік және тәуелсіздікті 
білдіреді (democracy, independence, justice, rights, vote). Еркіндік аталмыш ел халқы үшін тыйымның 
жоқты ғы, ақша, бейбітшілік пен тыныштықты білдіреді. Қарапайым адам үшін ол, біріншіден, мін­
деттер дің жоқтығы және демалу (holidays, leisure, vacation, fun). Оған қоса американдықтар кәмелетке 
толу мен ата­аналарынан бөлек тұруды да еркіндік деп түсінеді [7, 277]. 
Сонымен «Еркіндік» концептісі маңызды тақырыптарға жатады, оның мәні еркіндік пен еріксіздік 
ұғымдарын қарама­қарсы қою болып саналады. 
Ой­санада еркіндік қажеттіліктер мен тілектердің тұлғалық жүзеге асуы ретінде түсіндіріледі. 
Қазақ  тілінде  «еркіндік»  концептісі  азаттық,  бостандық,  тәуелсіздік  ұғымдарымен  тең  мағынада 
қолданылады,  «свобода»  концептісі  үшін  кеңістіктік  компонент,  яғни  абсолюттілік  пен  шексіздік 
маңызды компоненттер болып саналады, ал ағылшын тілінде абсолюттілік пен шексіздік басты ма­
ғынаға ие бола алмайды. 
Сондықтан «еркіндік» және «freedom» концептілері 3 тілде де өзекті, бірақ оларды ортақ ұғымға 
ұқсастыруға болмайды. Ал олардың ерекшеліктерін шетел тілін оқыту мен коммуникация процесінде 
есепке алу міндетті. 
Әдебиеттер:
1. Байғұтова А.М. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты: филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 
2008. – 9 б.
17­0126

130
2. Ағабекова Б.Н. Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени 
сипаты: ф.ғ.к. дис. авторефераты. – Алматы, 2010. – 4­12 бб.
3. Айбын. Энциклопедия /Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. – 880 б. 
4. Байтілен С.А. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы // «Әділет». – 2012. – 29 тамыз.
5. Антология концептов / Под ред. В.И. Карасика, И.А. Стернина. – М.: Гнозис, 2007. – 165 с .
6. Солохина А.С. Номинативное и ассоциативное в структуре концепта «свобода» (на материале 
русского и английского языков) // Аксиологическая лингвистика: проблемы изучения культурных кон­
цептов и этносознания. – Волгоград: Колледж, 2002. – 157 с.
7Воробьев Г.Г. Американский характер: Этика – мораль – закон // Американский характер: очерки 
культуры США. – М., 1995. – 277 с.
Резюме
В  статье  дается  сравнение  лексическим  и  семантическим  особенностям  концептов  «Ер кіндік», 
«Свобода» и ««Freedom». Концепт «Freedom», которая является актуальной темой, рассматривается 
с разной точки зрения. Исследование национальной концептосферы в этом случае является одним из 
способов выяснить уникальность и универсальность разных культур.
Рассматриваются концепты «Freedom», «Liberty», «Еркіндік» и «Свобода» в американской, казах­
ской  и  русской  лингвокультурах  с  целью  выявления  специфики  образов  сознания  носителей  обеих 
культур. Анализ проводится с учетом результатов ассоциативного эксперимента. 
Summary
This  article  deals  with  the  comparison  of  lexical  and  semantical  peculiarities  of  concepts  «Еркіндік», 
«Свобода» and «Freedom». The concept «Freedom» which is defined as a significant theme is considered in 
a different way. 
The research of the national sphere of concepts in this case is considered to be one of the ways to define 
uniqueness and universality of different cultures. The article considers the concepts «Freedom», «Liberty», 
«Еркіндік» and «Свобода» in the American, Kazakh and Russian linguocultures. It aims at revealing specific 
characteristics of these ideas in the consciousness of the representatives of the two cultures. The analysis is 
made on the basis of the association experiment results. 
УДК 37.034:372.8:355.233/.237
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ 
НРАВСТВЕННЫХ КАЧЕСТВ У СТУДЕНТОВ, ОБУЧАЮЩИХСЯ
ПО ПРОГРАММЕ ВОЕННОЙ ПОДГОТОВКИ
А.М. КИМ, В.В. МОЩЕЕВ, А.В. КИМ,
Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата, 
Республика Казахстан
В Республике Казахстан по программе военной подготовки обучаются студенты военных кафедр 
и студенты специальности «Начальная военная подготовка» (далее курсанты). Развитие системы под­
готовки молодежи по программе офицеров запаса (на военных кафедрах) и бакалавров начальной во­
енной подготовки (далее вузовская военная подготовка), в которой выявляются индивидуально зна­

131
чимые особенности личности, важный резерв повышения качества подготовки будущих защитников 
Отечества.
Необходимость исследования проблем воспитания молодежи, проходящих военное обучение, обо­
снована в трудах Н.И. Алпатова, И.П. Савченко, И.А. Уварова и др.
Однако изучение литературы по данной проблеме показало, что воспитанию нравственных пред­
ставлений у будущих офицеров не уделяется должного внимания. Анализ научной литературы позво­
лил выявить следующие противоречия:
–  между  современной  отечественной  моделью  образования,  провозглашающей  гуманистические 
ценности личности, и объективно существующей на военных кафедрах вузов модели авторитарной 
педагогики;
– между сложившейся в отечественной истории системой представлений о воинской чести и досто­
инстве и недооценкой этого феномена в связи со сменой парадигмы общественного развития;
– между необходимостью актуализации процесса нравственного воспитания молодежи и существу­
ющим кризисом общества, в том числе и в нравственной сфере.
Особенности нравственного воспитания курсантов связаны с ориентацией на военную профессию и 
во многом определяются спецификой этики военнослужащего.
Студенческий возраст предоставляет наилучшие возможности для интенсивного созревания нравст­
венной личности. Это пора исканий, жизненных выборов, самопознания, утверждения идеалов. Кур­
сантов  характеризует  твердое  решение  осуществлять  свое  духовное  и  физическое  саморазвитие, 
определить жизненные цели и средства их достижения, стремиться к самоанализу, самостоятельному 
критическому мышлению и нравственной оценке своих поступков и явлений общественной жизни.
Специфика воспитания нравственных представлений у юношей обусловлена определенной внут­
ренней дисгармонией и противоречивостью в поведении. Это проявляется, с одной стороны, в глу­
боком  понимании  общественного  долга,  чести,  демонстрации  образцов  дисциплинированности,  а  с 
другой стороны, в нарушении элементарных норм человеческого общежития, демонстрации безответ­
ственности, социальной незрелости, чрезмерном стремлении к самоутверждению [1].
Нравственные возможности личности и их реализация в различных видах деятельности отражаются 
в критериях и показателях. В качестве критериев формирования нравственных понятий выступают:
а) мировоззренческий, характеризующий уровень развития нравственного сознания курсантов;
б) мотивационно­целевой, отражающий мотивационную сторону нравственных поступков и дей­
ствий курсантов, направленность их интересов и потребностей;
в) практически­результативный, отражающийся в поступках не только в учебном процессе, но и во 
внешних действиях и поступках.
Модель  воспитания  нравственных  качеств  у  курсантов  в  системе  военной  подготовки  включает 
цель и задачи (обеспечение понимания и усвоения курсантами ценностей; правил взаимодействия в 
коллективе; формирование установок, соответствующих социальным требованиям к поведению муж­
чины; стимулирование саморазвития), соответствующие каждому этапу воспитания.
В модели обозначены формы (беседы, лекции, семинары, дискуссии), методы (методы проблемного 
разрешения ситуаций, положительный пример, убеждение, включение в коллективную деятельность, 
анализ результатов деятельности,) и средства воспитания (решение задач нравственного выбора, ре­
зультатом которого является осознание собственного выбора, педагогическое взаимодействие), обес­
печивающие эффективность воспитательного процесса.
Совокупность педагогических условий, повышающих эффективность процесса воспитания молоде­
жи в системе вузовской военной подготовки, включает:
– сплочение коллектива курсантов;
– поддержание и развитие традиций «курсантского братства»;
– опору на субъективный опыт курсантов;
организацию активной деятельности курсантов;
– гражданскую позицию, педагогическую поддержку и личный пример педагога, офицера.

132
Воинская честь характеризуется, прежде всего, верностью присяге, войсковым товариществом и 
взаимопомощью, бескорыстием, требовательностью к подчиненным, сочетаемой с уважением их лич­
ного достоинства, бережным отношением к традициям, гуманным отношением к гражданскому насе­
лению, верностью данному слову, умением вести себя в обществе.
Следует  отметить,  что  основу  воинской  чести  должна  составлять  общечеловеческая  честь,  при­
сущая каждому человеку как личности. Однако среда, в которой обучаются курсанты, вырабатывает 
свою, корпоративную, честь, которая рассматривается, во­первых, как одна из целей воспитания; во­
вторых, как один из факторов развития будущего офицера, как средство его нравственного воспитания.
Нравственное  воспитание  в  кадетских  корпусах  и  военных  гимназиях  дореволюционной  России 
было направлено главным образом на формирование у воспитанников общечеловеческих ценностей. В 
военных академиях, военных и юнкерских училищах основной целью нравственного воспитания было 
дальнейшее укрепление и развитие у обучаемых общечеловеческих нравственных ценностей, форми­
рование патриотических качеств личности. Нравственное развитие личности воспитанника было од­
ной из главных задач военно­учебных заведений России [2].
Таким образом, воспитание нравственных качеств у курсантов должно быть ориентировано на до­
стижение как сугубо практических целей повседневного поведения будущих офицеров, так и перспек­
тивных  целей  нравственного  развития  личности.  Реализация  перспективных  целей  является  движе­
нием к нравственному идеалу, содержащему в себе общепринятые нравственные ценности данного 
общества и военной среды.
Важнейшим  требованием  нравственного  воспитания  должно  являться  требование  ведения  инди­
видуальной воспитательной работы. При выборе воспитательных средств и способов их применения 
должны учитываться индивидуальные особенности личности [3].
Цели, задачи, содержание, общие требования к системе нравственного воспитания, как показыва­
ют исследования, определяют и круг воспитательных средств, которые могут быть использованы для 
подготовки будущих офицеров. Эти воспитательные средства можно представить в виде нескольких 
групп:  внешние  воспитательные  средства,  воспитательные  средства,  предусмотренные  законами  и 
уставами, внутренние воспитательные средства [4].
Воспитательные средства включают личное воздействие и личный пример командира (педагога), 
воздействие  внешней  среды.  Личное  воздействие  командира  (педагога)  на  личный  состав,  как  вос­
питательное средство, должно выражаться, прежде всего, в руководстве курсантами, в его советах и 
напоминаниях.
Нравственное воспитание молодежи в системе вузовской военной подготовки – это целенаправ­
ленный  процесс  развития  нравственных  убеждений,  нравственных  качеств  и  чувств,  устойчивых  и 
привычных норм поведения, соответствующих социальным требованиям к поведению мужчины [5].
Содержание нравственного воспитания курсантов включает такие направления, как:
– осмысление нравственных понятий;
– развитие уважительного отношения к традициям и ритуалам вуза;
– поддержание связей с ветеранами, а также с представителями воинских частей;
– оказание различной гуманитарной помощи и др.
Нравственное воспитание характеризуется двусторонностью, длительностью, непрерывностью, ак­
тивностью курсантов, что выражается в развитии нравственных убеждений, нравственных качеств и 
чувств, устойчивых норм поведения, основанных на традициях воинского братства и служения Оте­
честву.
В разрабатываемой модели воспитания нравственных качеств у курсантов обосновывается система 
форм, методов, средств и условий воспитания данных качеств у молодежи в системе вузовской воен­
ной подготовки в процессе внеучебной деятельности, которая складывается из содержания выделен­
ных нравственных проблем, методических приемов постановки воспитанников в активную позицию 
при проведении мероприятий, организации обмена нравственными ценностями, положительного вли­
яния преподавателей и офицеров и их личного примера.

133
Результаты воспитания нравственных качеств молодежи в системе вузовской военной подготовки 
находят свое отражение в конкретных действиях и поступках: проявление интереса к учебе, добросо­
вестное отношение к выполнению своих обязанностей, личностные качества курсантов как будущих 
офицеров [6].
Исходя  из  вышеизложенного  можно  сделать  вывод  о  том,  что  эффективность  воспитания  нрав­
ственных качеств у курсантов зависит от междисциплинарного подхода при изучении нравственных 
понятий в образовательном процессе учебных заведений; учета особенностей нравственного воспита­
ния молодежи в системе вузовской военной подготовки; соблюдения норм, основанных на традициях 
воинского братства и служения Отечеству, адекватных кодексу чести; учета уровня сформированности 
представлений о чести и достоинстве у курсантов; совокупности педагогических условий, обеспечи­
вающих целостность процесса нравственного воспитания молодежи в системе вузовской военной под­
готовки.
Литература:
1. Сманов И.С., Павловский А.Л., Муталиев Д.К. Военная педагогика: Учебное пособие. – Шым­
кент, 2005. – 136 с.
2. Бакштановский В.И., Сагомонов Ю.В. Введение в теорию управления нравственно­воспитатель­
ной деятельностью. – Томск, 1986. – 466 с.
3.  Барабанщиков  А.В.,  Давыдов  В.П.,  Феденко  Н.Ф.  Основы  военной  психологии  и  педагогики: 
Учебное пособие. – М., 1988. – 269 с.
4. Бублик Л.А. Основы военно­патриотического воспитания: Учебное пособие. – М., 1988. – 190 с.
5. Указ Президента Республики Казахстан «О мероприятиях по совершенствованию системы во­
енного образования» от 2003 г.
6. Закон Республики Казахстан «О воинской службе и статусе военнослужащих» от 16 февраля 2012 
года.
Түйіндеме
Бұл мақалада жоғары оқу орындары студенттерінің әдепті сипаттарын тәрбиелеудің мәселесі қа­
растырылады. Әдептің сипаттарын қалыптастыру бойынша тәрбие жұмысының модельдері, түрлері 
және әдістері ұсынылады. Әдептің сипаттарын тәрбиелеудің педагогикалық негіздері мазмұндалады.
Summary
This article deals with the questions of training, pedagogical basis training, models, forms and methods of 
education works in forming moral qualities for the students of high school.
УДК 37.034:372.8:355.233/. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет