Issn 1728-8657 хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата06.03.2017
өлшемі1,66 Mb.
#7791
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Резюме 

          В статье говорится о значении книжной иллюстрации как средства энкультурации учащихся 

начальной  школы.  Иллюстрация  является  неотъемлемой  частью  педагогического  процесса,  она 

знакомит 

ребят  с традициями, обычаями, культурой своего народа.  

 

Түйін 

          Бұл  мақалда  кiтап  иллюстрациясының  энкультурациядың  құралы  бастауыш  мектептiң 

оқушыларының мәнi туралы айтылады. Иллюстрация педагогикалық процесстiң ажырамас бӛлiгi 

болып  табылады,  ол 

дәстүрлерiмен,  салттармен,  жӛн-жоралғылармен,  ӛзінің  халқының 

мәдениетімен балалар таныстырады. 



Summary 

           This  article  talks  of  importance  of  book  illustration  as  a  mean  of  elementary  school  students' 

enculturation.  Iluustration  is  an  essential  part  of  the  educational  process,  it  introduces  children  to  the 

customs, traditions and culture of their nation. 



 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӚНЕРІНІҢ ТАБИҒИ, ТАРИХИ ДАМУ ЖОЛЫНЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Бакаиев Р.С.- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркем сурет 

факультетінің «Академиялық сурет және АПОӘ» кафедрасының аға оқытушысы 

 

Ӛткенге  кӛз  салсақ,  қай  ғасырда  да  философтар,  ойшылдар,  педагогтар  мен  социологтар 

ұлттық ӛнердің  пайда болу табиғатын ашуға аз кӛңіл бӛлмеген. Атап айтқанда, олар жеке адамның  

ӛнерге,  қоғамға,  табиғатқа  деген  қатынасын  қарастырды.  Ал,  бейнелеу  ӛнері  қоғамның, 

мәдениеттің,  жалпы  ӛнердің  дамуына  әсер  ететін  жандандырушы  фактор,  әрі  ӛте  қажетті  кӛз 

болып  табылады.  Әр  кездері  қоғамда  ұлттық  ӛнер  мен  мәдениеттің  дамуына  байланысты 

адамдардың  бейнелеу ӛнеріне деген  оң кӛзқарасы артып отырды. 

Ӛнертану  ғылымы  саласында  ―ұлттық  ӛнер‖  бағытының  тарихи  ерекшеліктерінің  

қалыптасуының    мәні  зор.  Мысалы,  айналадағы  ортаны  танып-білудегі    әсерін  орта  ғасырдағы 

Шығыс  ойшылдары  да  зерттеп,  дамыта  отырып   қалыптастырудың  мәніне  назар  аударған.  Олар: 

Әбунасыр Ибн Мухаммед Әл-Фараби (870-950 ж.), Әбуғали Ибн-Сина (980-1037 ж.) т.б. жастарды 

ұжымда  тәрбиелеп,  олардың  білімге,  ӛнерге  қызығушылығын  қалыптастырудың  жолдарын 

қарастырды. Орта ғасырдың ойшылы Әл-Фараби – дидактика, оқыту теориясы мен білім берудің 

психологиялық  негізін  қамтитын  мәселелерге  кӛңіл  бӛлді.  Кӛрнекті  философ  Әбуғали  Ибн-Сина 

жастарды тәрбиелеуде ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік тәрбиені тұтас пайдаланудың, оларды 

ұлттық  ӛнер  кәсібіне  үйретудің  маңыздылығын  баса  айтқан.  Оның  дидактикалық  принциптері 

былайша  құрылды:  жастардың  қабілеті  мен  бейімділігін  ескере  отырып  оқытса,  «...  егер  баланы 

ұжымда  оқытса,  ол  онда  зерікпей,  қайта  оқытып  жатқан  пәнге  қызығушылығы  пайда  болып, 

басқалардан қалып кетпеуге тырысып, жарысқа түседі» - деген болатын.[1] 

     Қазақ  халқының  материалдық  мәдениетіне,  кәсібіне,  ұлттық  ӛнеріне  қатысты  деректерді  ХІХ 

ғасырда  жазылған  Ш.Уәлихановтың,  А.И.Левшиннің,  Ә.Диваевтың,  Х.Қостанаевтың  т.б. 

еңбектерінен  кездестіреміз.  Ш.Уәлихановтың  эстетикалық  кӛзқарасы  қоғамдық-саяси  және 

философиялық кӛзқарастармен тығыз байланысты болды. Ӛзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ 

халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне 

баса  кӛңіл  бӛледі.  Сӛйтіп,  ӛз  халқының  ауызекі    әдебиеті,  әсемдік  танымы,  кӛзқарасы  арқылы 

эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.[2] 

     Сол  секілді,  қазақтың  біртуар  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  халықтың  кӛркем  шығарма 

туындыларын ӛте жоғары бағалап, ӛнердегі және ӛмірдегі барлық әдемі нәрселердің құндылығын 

түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептеген. Ы.Алтынсарин ӛзінің 

педагогикалық еңбектерінде, тек білімділікке ғана емес, мектеп мәдениетілікке де үндейді. Қазақ 

қыздарына  арналған  тұңғыш  әйелдер  сәнді  қол  ӛнері  мектебінің  ұйымдастыруы  да 

Ы.Алтынсариннің қажырлы еңбегі болып табылады. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық 

кӛзқараспен  тығыз  байланысты.  Ол:  «Мектеп  қазақ  халқының  арасында  жаңаша  мектеп 

мәдениеттінде ӛмір сүрудің – жаңа әдет-ғұрып, тәртіп, тазалық, қолӛнер мен ӛнердің үлгісі болуы 

қажет,»  -  деп  атап  кӛрсетті.[3]  Абай  Құнанбаевтың  эстетикалық  кӛзқарастарын  кӛптеген  қазақ 

ақын-жазушылары  мен  ӛнер  зерттеушілері  (М.Әуезов,  С.Мұқанов,  М.Сильченко,  А.Жұбанов, 

М.Қаратаев,  З.Ахметов,  Б.Ерзакович  және  т.б.)  ӛздерінің  еңбектерінде  жан-жақты  қарастырған. 

Абай  ӛзінің  педагогикалық  идеялары  мен  эстетикалық,  кӛркемдік  тұрғысында  тәрбиелеу  ой-

тұжырымдарын ербіте келіп, 27-ші қара сӛзіне былай деп атап айтады: «Сократ пен Аристотельдің 

пікірлері:  «Әуелі  кӛзді  кӛрсін  деп  беріпті,  егер  кӛз  жоқ  болса,  дүниедегі  кӛрікті  нәрселердің 

кӛркінен  қайтіп  ләззат  алар  едік...  Құлақ  болмаса  қаңғыр,  не  дүңгір  дауыс,  жақсы  үн,  күй,  ән  – 

ешбірінен ләззат алмас едік». Осы ойды Абай қырық үшінші қара сӛзінде ары қарай толықтырады. 

«Ол  хабарлардың  ұнамдысы  –  ұнамды  қалыппен,  ұнамсызы  –  ұнамсыз  қалыппен,  әрнешік  ӛз 

суретімен кӛңілге түседі... Жан қуатыменен адам хасия қылған ӛнерлері де күнде тексерсең күнде 

асады.  Кӛп  заманнан  тексермесең,  тауып  алған  ӛнердің  жоғалғандығын  және  ӛзіңнің  ол 

мезгілдерден  бір  басқа  адам  боп  кеткендігін  білмей  қаласың».–  деп  [4]  Абай  мұнда  адамның 

кӛркемдік  шығармашылығының  негізінде  эстетикалық  сезімді  жатқызады.  Абай  ӛзінің 

шығармаларында  эстетикалық  түсініктерге,  әсемдік,  сұлулық,  талғам  және  т.б.  эстетикалық 

категорияларға  арнайы  талдау  жасамағанымен  оның  ӛлеңдерінде  осы  түсініктерді  қамтитын 

мазмұнды шумақтар аз емес. 



     ХХ ғасырдың басындағы тӛңкерістен кейінгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықта 

қазақ  зерттеушілері  тарапынан  ұлттық  ӛнерге  байланысты  тарихи-этнографиялық,  ӛнертану, 

мәдениеттану  тұрғысынан  жазылған  еңбектер  де  аз  емес.  Атап  айтқанда,  энциклопедист  ғалым 

Ә.Х.Марғұлан,  Э.А.Масанов,  И.В.Захарова,  Р.Д.Ходжаева,  Т.Бәсенов,  С.Мұқанов,  М.С.Мұқанов, 

С.Қасиманов,  Х.Арғынбаев,  Ӛ.Жәнібеков,  Ә.Тәжімұратов,  Н.А.Оразбаева,  Б.Сарыбаев, 

Д.Шоқпарұлы,  Ж.Бабалықов,  А.Сейдімбеков,  О.Бейсенбекұлы,  М.Нығмет,  Б.Кәмалашұлы, 

А.Нәлібаев,  Қ.Ахметжановтың  т.б.  еңбектерінен  этностың  рухани  –  материалдық  мәдениетіне 

қатысты  құнды  деректерді  кездестіруге  болады.  Дегенмен,  солардың  ішіндегі  елеулісі 

Ә.Х.Марғұлан,  М.С.Мұқанов,  Х.Арғынбаев,  С.Қасиманов,  Ә.Тәжімұратов,  Ӛ.Жәнібеков, 

Қ.С.Ахметжановтың еңбектері болып табылады. 

   Қазақ  халқының  материалдық  мәдениеті,  ұлттық  ӛнері  жӛнінде  жазылған  жоғарыдағы 

зерттеушілердің еңбектерінде айтылған ой-пікірлер, деректер, қарастырылған мәселелер осы күнге 

дейін ӛзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. 

    Зерттеуші  халқымыздың  әр  дәуірдегі  материалдық  және  рухани  мұрасын  ӛз  бойына  сақтаған 

этномәдениеттің  әр  түрлі  қырларын  (тарихи-әдеби,  этнографиялық,  археологиялық,  ӛнертану, 

мәдениеттану  т.б.)  зерттеу  жұмыстарының  Ш.Уәлиханов  жазбаларынан  басталып,  Ә.Марғұлан, 

М.Әуезов,  Ә.Қоңыратбаев,  Ә.Қайдаров,  Ғ.Мұсабаев,  Ғ.Айдаров,  Е.Жанпейісов,  Х.Арғынбаев, 

К.Байпақов,  К.Ақышев,  А.Сейдімбеков,  Ӛ.Жәнібеков,  С.Қасиманов,  Н.Уәлиев,  Т.Байжанов  т.б. 

еңбектерінде ӛз жалғасын тауып, жан-жақты қарастырылған. 

Қазақтың арғы ата-тектерінің бірі – сақ мәдениетінің негізгі арқауы жануарлар стилі екендігі 

ғылымда  әлдеқашан  дәлелденген.  Олардың  пайда  болу  себептерінің  құпиясы  әлі  толық  ашылып 

біте қойған жоқ, алайда бұл стильдің тотемдік-магиялық таным-түсініктерден шығатыны даусыз. 

Жануарлар  стилі  әшекей  заттармен  шектеліп  қалмай,  негізінен  әр  адамның  әлеуметтік  орнының 

символы  түрінде  де  орын  алып,  қоғамдық  иерархиялық  сатыға  тығыз  байланысты  болды. 

Сондықтан  да  олар  басқа  мәдени  ортада  түсінік  таппай,  ӛздерінің  таңбалық,  мағыналық  ақпарат 

белгілерінен  айырылып  қалған.  Мәселен  Есік  қорғанынан  табылған  алтын  адамға  байланысты 

мәдени  ескерткіштерде  жануар  және  ӛсімдік  бейнелері  қабаттаса  сақталған.  Сақ  ӛнеріндегі 

жануарлар  стилі  тіршілікті  динамикалық  түрде  бейнелейді.  Онда  арыстан  секірейін  деп  тұрады, 

бұғының  қозғалысынан  серпіліс  байқалса,  ат  шабысы  әлемдік  үйлесімге  ұқсайды.  Адамды  және 

құдайды  аң  кейпінде  суреттеу  ӛнері  -  зооморфтық  ӛнер  -  табиғат  пен  мәдениеттің  етене 

байланысының куәсі. 

Қазақ халқының материалдық мәдениеті осы ӛлкені мекендеген ертедегі кӛшпелі тайпалар 

мәдениеті  мен  орта  ғасырларда  ӛркендеп,  отырықшы  және  қалалық  мәдениеттің  дәстүрлерін 

жалғастыру негізінде қалыптасты. Археологиялық, тарихи зерттеулердің нәтижелері ХV ғасырдан 

кейін  Қазақстан  жерінде  қалалар  құлдырап  кетті  деген  пікірді  ӛзгертіп  отыр.  Қазақстанның  әр 

түрлі аймағында құрылыс-сәулет ӛнерінің жоғары деңгейде болғанынан ХV-ХVІІІ ғасырлардағы 

Яссы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам секілді қалалар мен Орталық Қазақстандағы 

Алашахан, Домбауыл,  Жошыхан ғибадатханалары және Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстаудағы 

сәулет ескерткіштері куә бола алады. Мұндай сәулет ескерткіштері – халықтық мәдениеттің озық 

үлгілері.  Онда  жарасымдылық,  үйлесімдік  пен  тұтастықтың  қайталанбас  нұсқалары  сақталған. 

Ислам дінінің әсеріне қарамастан (онда тірі жанды суретке түсіруге тыйым салынған) сақтардың 

жануарлар  стилінен  басталатын  ою-ӛрнектеріндегі  жануарлар  мен  аң-құстардың  –  тіршілік 

иелерінің нобайы жоғалып кетпей, халық қолӛнерінде сақталып, бүгінгі күнге келіп жетті. 

Қазақ ұлттық ӛнерінің бірнеше саласы бар. Атап айтқанда олар: үйшілік ӛнері, ағаш ұсталығы, 

балташылық  ӛнері,  темір  ұсталығы,  қырғышылық,  жиһаз  жасау  ӛнері,  ершілік  ӛнері,  ӛрімшілік 

ӛнері,  зергерлік  ӛнері,  тері  ӛңдеушілік,  ысшылық  ӛнері,  етікшілік  ӛнері,  сүйек  пен  мүйіз  ұқсату 

ӛнері,  тігіншілік  ӛнері,  ою-ӛрнек  ӛнері,  тас  ӛңдеу-тамшылық  ӛнері,  құрылыс-сәулет  ӛнері, 

кілемшілік  ӛнері, кестешілік  ӛнері,  бояушылық ӛнері, ши  тоқу,  киіз  басу ӛнері.  Бұдан басқа  осы 

қолӛнері  түрлерінің  кейбіреулері  ӛз  ішінде  сараланып,  арбашы,  сандықшы,  керегеші,  уықшы, 

шаңырақшы, тоқымашы, түр  салушы, кӛнші, қамшыгер, домбырашы,  пішуші,  бӛрікші  т.б.  кәсіп-

ӛнер атаулары пайда болған. 

Сол  кездері  ұлттық  мәдениет  пен  ӛнердің    қалыптасуына  ерекше  ықпал  еткен  факторлардың 

бірі – географиялық орта, басқаша айтқанда, табиғат немесе қоршаған орта. Зерттеушілер табиғат 

пен  адамның  байланысынан  этностың  ӛмір  салты  мен  ұлттық  психологиялық  ерекшелігі  де 

қалыптасатынын анықтайды. Қоршаған ортаның адамға, одан ұлтқа қалай әсер ететінін олардың 

түр-келбеті,  бет  пішінінің  құрылысы,  шашының  түсі,  кӛзінің  ерекшеліктерінен,  сонымен  бірге 

олардың  тұратын  үйінен,  киімінен,  еңбек  құралдарынан,  тамағынан  т.б.  кӛруге  болатындығы 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



кӛптеген  зерттеулерден  мәлім.  Мұндай  ерекшеліктер  сол  ұлттың  рухани  мәдениетінің 

қалыптасуына ӛз ықпалын тигізеді. 

Әр  түрлі  табиғат  аймақтарында  тұратына  адамдар,  ӛзі  тұрған  жердің  табиғатына  икемделіп, 

сол  аймаққа  лайықты  шаруашылықпен,  кәсіппен  айналысады  да,  осы  негізгі  ата  кәсіп  – 

шаруашылық  түрі  олардың  мекен-жайына,  киім  үлгісіне,  тамағына  т.б.  әсер  етеді.  Адамдардың 

табиғатқа  иекемделуі  материалдық  ӛндіріспен  ғана  байланысты  емес,  ол  адамдардың  ой-ӛрісіне 

әсер  етеді.  Осының  нәтижесінде  әр  ұлттың  ӛзіне  лайық  менталитеті,  ӛзіне  тән  ұлттық  тәрбиесі, 

мәдениеті, әлеуметтік қатынастар, еңбектің түрлері, оған байланысты салт-дәстүрлер мен наным-

сенімдер т.б. қалыптасады. Мәселен, қазақ халқы кӛшпелі ӛмір салтын ХХ ғасырға дейін басынан 

ӛткізді. Ӛйткені қазақтар үшін тіршілік кӛзі ӛзі ғұмыр кешкен кең даламен тамырлас болды. Қазақ 

даласының  табиғи-географиялық  бітімі  ерте  кезден-ақ  үш  түрлі  шаруашылық-мәдени  аймақтың 

саралануына ықпал еткен. Олар мыналар. 1) Батыс және  Орталық Қазақстанның қуаң даласы; 2) 

Шығыс  Қазақстан  мен  Оңтүстік  Шығыс  аймағы;  3)  Оңтүстік  Қазақстандағы  Сыр,  Шу,  Талас, 

Келес, Арыс ӛзендерінің құнарлы алқаптары. 

Осындай  географиялық  ортаға  байланысты  қазақтардың  негізгі  шаруашылығы  мал 

шаруашылығы  және  сулы  жерлерде  егін  шаруашылығы  болды.  Бұл  туралы  мәдениеттанушы 

А.Сейдімбек  ―…технократтық  ӛмір  салт  бел  алғанға  дейін  бұл  далада  игілік  атаулыны  тек  қана 

малдың  тұяғымен  жасауға  болатын  еді.  Қысы  қатты,  жазы  ыстық  байтақ  дала,  суы  тұщы,  шӛбі 

шүйгін иен дала, тек малдың тісіне ере білсең ғана құт мекен болған. Күн кӛрістің басқа жолын 

таңдау тылсым табиғатқа адамдардың кіріптар қалпында қалумен пара-пар болды. Кӛне заманның 

ӛзінде-ақ бұл далада отырықшы елді мекендер болған, егін егіп, металл ӛндіру де таңсық емес еді, 

алайда, металл ӛндіру, егіс егу күнкӛрістің негізгі тірегі болмағандықтан, мұндай әрекеттің аужайы 

тірлік  емес,  тырбаныс  сияқты  болатын.  Кӛкжиекке  сұғына  жол  шегіп,  оң-солын  тани  бастаған 

ұрпақ кӛшпелі ғұмырға біржола ден қойды. Сӛйтіп, Ұлы Дала кӛшпелілердің тіршілік тірегі ғана 

емес, рухани әлеміне де айналды‖,  - деп жазады. [1, 78]. 

Ұлттық  ӛнердің    шығу  тарихы,  оның  дамып  қалыптасуы  кӛне  замандағы  ӛмір  сүру  қажетін 

қамтамасыз  еткен  аңшылық,  малшылық,  егіншілік  кәсіптерінің  шығуымен  тығыз  байланысты. 

Қолӛнері  ежелгі  заманда  түрлі  шаруашылық  түрлеріне  құрал-сайман,  мал  ӛнімдері  мен  жабайы 

аңдар терілерінен, ӛсімдіктерден, тастар мен металдан сан алуан тұрмыстық бұйымдар жасаудан 

бастап  шығармашылықты  қажет  ететін  зергерлік,  үйшілік  т.б.  осы  тәрізді  нағыз  ӛнер  түріне 

айналғанға дейін ұзақ даму жолынан ӛтті. Ұлттық ӛнерінің қай саласында болмасын ӛнім ӛндіруге 

қазақ жерінің табиғи байлықтары пайдаланылды. Ӛнім ӛндіру барысында табиғи құбылыстар мен 

жергілікті жердің табиғат жағдайы, уақыт, маусым, адамдардың тұрмыс күйі, әлеуметтік жағдайы 

мен  қоғамдағы  орны  т.б.  мұқият  ескеріліп  отырды.  Соның  нәтижесінде  шындық  болмыс,  ғалам, 

дүние туралы, қоғам туралы білімдер жиынтығы, тәжірибе жиынтығы пайда болды.  

Ұлттық  ӛнері  рухани  мәдениетпен  тығыз  байланысты.  Қазақтың  салт-дәстүрлері,  наным-

сенімдері,  тыйымдары,  ырымдары  рухани  мәдениетімізді  бейнелейтін  болса,  олардың  күнделікті 

тұрмыста  қолӛнер  бұйымдарына,  материалдық  мәдениетке  қатысты  тұстары  аз  емес.  Наным-

сенімдер,  тыйымдар  және  ―салт-дәстүрлер  жай  қолданбалы  нәрсе  емес,  я  науқандық,  мерекелік 

кӛрнекі  құрал  емес.  Ол  –  ұлтты  рухтандырып,  оның  ішкі,  сыртқы  келбетін  ӛрнектеп  кӛрсетіп 

тұратын  сипаттарының  бірі.  Ал  осындай  рухани  дүниесі,  сонымен  сабақтас  қалыптасқан 

материалдық  дүниесі  мен  тұрмыс  күйі  әркімнің  жеке  басының  жағдайына  байланысты, 

тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан жалпыхалықтық құбылыс. [2, 5]. 

Ұлттық  ӛнер бұйымдары  тұрмыстық,  шаруашылық,  әскери  т.б.  қажеттіліктерді  ӛтеумен  бірге 

қоғамның  әлеуметтік  жіктелісін  кӛрсететін,  реттеушілік  яки  эстетикалық  т.б.  қызмет  атқаратын 

болса, оған қатысты салт-дәстүрлер, наным-сенімдер мен тыйымдар жас ұрпақтың ұлттық таным 

кӛкжиегін  кеңейтіп,  еңбекке,  адамгершілікке,  ӛскен  ортасын,  отанын  сүюге,  тазалыққа, 

тӛзімділікке т.б. тәрбиелеу қызметін атқарған. 

Қазақ  ұлттық  ӛнері  Қазақстан  жерін  мекендеген  ертедегі  кӛшпелі,  жартылай  кӛшпелі, 

отырықшы тайпалардың аңшылық, малшылық, егіншілік, саятшылық кәсіптерінің шығып-дамуы, 

ӛзара қарым-қатынасы негізінде пайда болып, даму барысында шығармашылықты қажет ететін, ӛз 

ішінде түрлі салаларға бӛлінетін кәсіп, ӛнер түріне айналған. 

Ұлттық ӛнер түрлері – қазақ топырағында дүниеге келген, ұлттық ерекшелікті бойына сақтаған 

нағыз қазақы, байырғы  ӛнер. Халық  арасынан  шыққан  шеберлер  ӛз жеріміздің  табиғи  байлығын 

ӛңдеуді  игеріп,  оларды  тиімді  пайдалана  отырып  теріден,  ағаштан,  сүйектен,  мүйізден,  тас  пен 


құмнан,  саздан,  темірден  шаруашылық  және  тұрмыстық  құрал-жабдықтарын,  сонымен  бірге 

оларды  асыл  тастармен,  алтынмен,  күміспен  әшекейлеуді  және  асыл  металдар  мен  тастардың 

ӛзінен  зергерлік  әшекейлер  жасауды  жоғары  дәрежеде  меңгеріп,  кӛпшіліктің  сұранысын, 

шаруашылық,  тұрмыстық  қажетін  қанағаттандырып  отырған.  Ӛнер  иелері  тапсырыспен  жұмыс 

істеген. Сондықтан алыс шетелдерден әкелінген заттар күнделікті тұрмыста сирек кездескен. 

Қазақ  ұлттық  ӛнері    мен  мәдениеті  ежелгі  замандардан  Қазақстан  жерін  мекендеген,  қазақ 

халқының  қалыптасуына  негіз  болған  тайпалардың  материалдық  мәдениетін,  тұрмыс-салтын, 

кәсіп түрлері мен олардың даму деңгейін сипаттайды. Қазақ  ұлттық ӛнерінің мыңдаған жылдық 

тарихы бар. Мысал ретінде солардың кейбіреулерінің даму тарихына тоқталып ӛтпекпіз.  

Археологиялық  деректер  бойынша  адамзат  баласының  ең  алғашқы  құрал-саймандары  тастан 

жасалған.  Ғылымда  ―тас  дәуірі‖  дейтін  шартты  атаудың  пайда  болуы  осы  кӛне  замандағы  тас 

құралдарға  байланысты.  Тас  дәуірінде  тастан  құрал,  қару-жарақ  жасау  адам  қоғамындағы  ірі 

жаңалық болды. Тас дәуірінің ӛзінде мал ӛсірумен егін егу бір-бірімен байланысты болған. Шығыс 

Қазақстан  аймағынан  табылған  орақтар,  егіншілік  мәдениетінің  болғанын  айғақтаумен  бірге 

қолӛнерінің де ежелгі даму сатысынан хабар береді. [3, 115]. 

Ұлттық ӛнердің әрбір саласының ӛзіндік қалыптасу ерекшеліктері, даму тарихы бар. Мәселен, 

ең  ежелгі  кәсіптердің  бірі  аңшылық  кәсібі  болған  десек,  киім-кешек  дайындау  ісінің  дамуы  осы 

кәсіпке  байланысты  болды.  Ауланған  аңдардың  етін  ғана  пайдаланып  қоймай,  терісінен  киім-

кешек әзірлеп, сүйектері мен мүйіздерінен ұсақ-түйек бұйымдар жасау қалыптаса бастайды. келі-

келсаптар  мен  түйгіштер  онда  Адамдардың  талғамына  орай  қасқыр,  түлкі,  бұлғын, сусар  секілді 

аңдардың асыл терілерінен киім кию дағдысы да тұрмыс салтына енеді. Аңшылық кәсібінің қанат 

жаюы негізінде жабайы аңдарды қолға үйрету әдісі ӛрістейді. Бұл істе әйелдердің еңбегі ӛте зор 

болады. Ӛйткені жабайы аңдарды қолға үйрету тәсілін алғаш жүзеге асырған әйелдер еді. Бұл әдіс 

дами  келе  бірте-бірте  аңдардың  ғана  емес,  құстардың  да  қырағы,  алғыр  түрлерін  қолға  ұстап, 

баптауға  кӛндірілген.  Бұл  әдіс  аңшылық  әрекетінің  салтында  жаңа  бір  ӛзгеше  сипатты 

қалыптастырады.  Сол  қыран  құстардың  жәрдемімен  қасқыр,  түлкі  сияқты  аңдарды  аулайтын 

болады. [4, 61]. 

Ұлттық ӛнерімен айналысатын адамдардың жыныстық (гендерлік) белгісіне қарай ер адамдар 

айналысатын  (еркектерге  тән  іс)  және  әйелдер  айналысатын  (әйелдерге  тән  іс)  қолӛнері  деп 

бӛлінеді. Мысалы, ағаш, тас, балшық, сүйек, мүйіз, металл, теріні ӛңдеп, солардан түрлі бұйымдар 

жасаумен ер адамдар айналысты. Ал ӛрмек тоқу, ши орау, кесте тігу, сырмақ сыру, оюлау, киім тігу 

сияқты  жұмыстарды  әйелдер  атқарды.  Бірақ  қазақ  тұрмысында  мұндай  еңбек  бӛлінісі  әрдайым 

қатаң сақталып отырған жоқ. Айталық, ер адамдар киім тігу, киім пішу, арқан есу, тері ыстау т.б. 

жұмыстарынан шет қалған жоқ. Сол сияқты зергерлікпен, негізінде, ер адамдар айналысқанымен, 

сирек  болса  да  әйелдер  арасынан  шыққан  зергерлер  де  болған.  Кӛбінесе  зергерлік  ӛнерімен 

зергердің  әйелдері  айналысқан.  Егер  зергер  дүниеден  қайтып,  оның  жолын  қуатын  ер  баласы 

болмаса,  оның  қызметін  әйелі  атқаратын  болған.  Тігіншілікпен  әйелдер  де,  еркектер  де 

айналысқан. Киіз басу, тері илеу, ши тартуды т.б. еркектер мен әйелдер бірлесіп істеген болатын.  

   Қорыта  келе,  қазақ  халқының  болашағы  -  қазақ  жастарының    тәрбиесінің  ұлттық  болуын, 

жанының,  ділінің,  тілінің  тазалығын,  жалпы  оның  білім  мазмұнының    ұлттық  мәнімен,  оның 

ұлттық рухымен бірлікте болуын қалап, "ұлттық ӛнер", "ұлттық рухани мәдениет", "ұлттық сана-

сезім",  "ұлттық  мінез-құлық",  "ұлттық  қайрат-жігер"  арқылы  дамыту  қажет.  Ұлттық  ӛнердi  ӛз 

дәрежесiнде  игере  бiлудiң  маңызы  болашақ  ұрпақты  ӛзiне  ғана  тән  ұлттық  ӛнер  сипатын  сақтап 

қалуға  негiз  болатындығы  сӛзсiз.  "Ӛз  ұлттық  ӛнерін,  мәдениетін,  тілін,  дінін,  ескерткiштерiн 

сақтай  бiлмеген  елдiң  ұлттық  танымы  мен  сана  сезiмi  күңгiрт  тартады.  Ондай  халық  ерiк-күшi 

жағынан  да,  рухани  жағынан  да  әлжуаз  болады.  Сыртқы  күштердiң  әсер  ықпалына  талғаммен 

қарай алмайды, оп-оңай жетегiне ерiп жүре бередi. Ұлт үшiн қасiреттiң зоры - белгiлi-бiр кезеңде 

ғұмыр  кешкен  ұрпақтың  тоқмейiлсуi,  ӛзi  ӛсiп-ӛнген  тамырдан  кiндiгiн  үзуi,  ғасырлар  бойы 

тырнақтап жинаған ұлттық ӛнер мен рухани тәжiрибеге сырт беруi" болып табылады.. 

     Сондықтан  да,  болашақ    суретші-ұстаздарға  ұлттық  бейнелеу  ӛнері  бойынша  білім  мен 

эстетикалық тәрбие берудің алатын орны ерекше. Ӛйткені халқымыздың ӛнерін, мәдениетін, салт-

дәстүрін  жалғастырушы  осы  келешек  жастардың    білімі  мен  тәрбиесіне,  мәдениетіне  тікелей 

байланысты.  Бүгінде  кең  ӛріс  ала  бастаған  білім  беруді  ізгілендіру  бағыты,  ең  алдымен,  жалпы 

адамзаттық, ұлттық  құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді. Бұл орайда бейнелеу 

ӛнері    пәні  ӛзінің  ӛзектілігімен  ерекшеленеді.        Эстетикалық  тұрғыдан  дамымаған  адам  ӛзін 

қоршаған ортадан тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған 

нәрселерді ғана кӛре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті кӛре алмайды, ӛзінің ой елегінен ӛткізе 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі» сериясы, 

№2 (31) 2012 ж.

 

 



алмаса, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, 

бүлдіріп  кететінін  байқаймыз,  ол  эстетикалық  түсінігінің  таяздығы  және  дұрыс  қалыптаспағаны 

деп  білеміз.   Басына қиын  іс  түскенде  ол  адам  әрқашан  сасқалақтап, қандай  шешім қабылдарын 

білмей  дал  болады.  Осындай  құндылықтардың  болашақта  қолданыстан  шығып  қалмасы  үшін 

жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет. 

 

1.



 

Әлемдік  философиялық  мұра  (мәтін).  Жиырма  томдық.  4Т.:  Әл  –  Фараби  мен  Ибн  Сина 

философиясы.А.:

Жазушы


 ,2005-568 Б. 

2.

 



Ш.Уәлиханов. Таңдамалы шығармалар жинағы. А: Алма-Ата, 1999.- 1- том.   

3.

 



Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары А: 1994 - 288 Б., Уәлиханов Ш. Таңдамалы. А: 2-

басылым, 1985- 560 Б. 

4.

 

Ұлттық энциклопедия, Алматы, 2002ж., 581-583беттер. 



 

Резюме 


     В данной статье рассматривается  вопросы национального изобразительного икусства. А так 

же  историческое  развития  и  природное  различие  национального  изобразительного  искусства 

казахов. 

 

Түйін  



    Аталған  мақалада  автор  ұлттық  бейнелеу  ӛнерінің  табиғи,  тарихи  даму  ерекшеліктерін 

қарастырады. Сонымен қатар ұлттық бейнелеу ӛнерінің 

кейбір кӛкейкесті мәселелеріне терең талдаулар жасалған. 

 

Summary 



      In  dannoj  stat′e  rassmatrivaetsâ  izobrazitel′nogo  ikusstva  national  publication.  And  so  the  same 

istoričeskoe for development and prirodnoe različie national izobrazitel′nogo iskusstva kaz. 

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет