оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттенді. Түркілер
Орталық Азияны жаулап алып, Қытайдан Жерорта теңiзi
елдерiне баратын Ұлы Жiбек жолының едәуір бөлігіне ие
болды. Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс
әкелді. Жiбек матасын сатып алушы негiзiнен Византия еді.
568
жылы түркі елшісі Маниах Византияға қағанаттың
елшiлiгiн басқарып барды. Император сарайы түркі
елшiлiгiн аса жоғары құрметпен қабылдады. Түркілер мен
Византия арасында парсыларға қарсы әскери сауда
келiсiмi жасалды. Керi қайтқанда Маниахпен бірге
Византия елшiсi Земарх қаған ордасына келдi.
Дереккөздерде Византия елшiлiгiнің түркілерге бірнеше рет
барғаны жайында айтылады. Византиямен тұрақты сауда
және дипломатиялық байланыстар орнағандығын VI
ғасырдағы византиялық теңгелер растайды
VI
ғасырдың 60–90-жылдарында Түрiк қағанаты iштей қуатты
және көршiлер үшiн қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерiнiң
кiрiс көзi деп бiлді. Қытайлар мұнымен келісе алмады.
Түркілерге қарсы күрес олардың басты мiндетiне айналды.
VI
ғасырдың соңы – VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюi
билiк басындағы түркі әулетiнiң өз iшiнде қырқыстың
басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келдi.
Мұның бәрi қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркiлердiң
қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы
дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді.
Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік
қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанымен қуатты
мемлекет болып қала берді.
Достарыңызбен бөлісу: |