Билікті орталықтандырудың экономикалық шараларын күшейтті. 582 жылы Суй Вэни патша жарлық жариялап: Жер бөлу және құнын төлеу жөнінде жаңа белгілемелер қабылдады. Мысалы, ер азаматтарға 80 му жерді (азық үшін беру, 20 му жерді мәнгілік кәсіп үшін беру, әйел адамдарға 40 му ашық – жазық жер беру. Мысалы, ер адамдар мен әйел адамдардың жылдық мемлекетке тапсыратын астығы мен матасынның мөлшері нақтылы белгілеген. Сондай-ақ маталардың түрлері бойынша олардың сандық мөлшері көрсетілген.
Тан және Сун империясының саяси жүйесі.
Таң патшалығы (618-907) – Қытайдың феодалдық қоғамының шарықтап дамыған кезеңін бастан өткізген патшалық. Сондай-ақ ол бүкіл дүниежүзінде ең дамыған араб империясымен қатар аталатын әлемдік алып империяның бірі болған.
Заманымыздың 617 жылы мемлекет көлеміндегі шаруалар көтерілісінен Суй патшалығыны шаңырағы шайқалған кезде Тайюаньның әскери қолбасшысы (留守 – Liu shou - патша сытқа немесе жорыққа шығып кетекенде уәзір ретінде астананы күзетіп қалған қолбасшы) міндетін атқарып тұрған Ли Юан (李渊Li Yuan) қол бастап Суй патшалығына қарсы шығып, Чан-ан қаласын тез басып алады да, сол жерден сытқа қарай дамиды. 617 жылы ол өзін патша деп жариялап, мемлекет ұранын Таң, жыл атын Уды деп атайды. Содан кейінгі жеті жілда Ли Юань және оның балалары жер-жерлердегі помещиктер қарулы күштерін жойып, шаруалар көтеріліс басшыларын сатып алып, бүкіл мемлекетті біртұтас өзіне бағындырды.
Ли Юань таққа отырған соң, Түңғыш ұлы Ли Жиянчыңды (李建成 –Li Jian cheng) ханзада деп бекітеді. Бірақ соғыста екінші ұлы Ли Шыминның еңбегі зор (李世民 –Li Shimin) болып, беделі жоғарлайды. Сонымен ағалы-інілі екеуі император тағына қатты таласады. 626 жылы Ли Шымин және оның кеңесшілірі бірлесіп, патша сарайының ШуанУмин қақпасында әскери төңкеріс жасап, ағасын өлтіреді, әкесі қорыққанынан император тағын Ли Шыминге береді. 628 жылы ол жыл ұранын Жингуан деп өзгертеді.
Ли Шымин билікке келгеннен кейін, Суй патшалығының тәжірибесінен ғибарат алады. Ол былай дейді: «халықты қанап, қарын тойдырыу,бейне денеңнен ет кесіп алып қарын тойдырумен бірдей. Олай болғанда қарның тояды, біріқ денең өледі, император бай болады, біріқ мемлекеті жойылады». Ол «ұрылықтың» себебі жөнінде: «салық көп, міндет ауыр, шенуник ашкөз тойымсыз болғандықтан ұрылық жасалады». Егер «аста-төк рахатпараздықты тоқтатып, жеңіл міндет беріп, аздап алық алып, таза шенеуниктерді таңдап тағайындайп, елдің жейтін тағамы мен киетін киімдерін артылтатын болсақ, ұрлық-қарлық өздігінен тиылар еді, онда қатаң жазаның не керегі бар?» дейді. Ол халықты суға, патшаны кемеге теңеп, «су қайықты көтеріп те тұра алады, аударып та жібере алады»- дейді.
Сондықтан ол уәзірлерін батылдықпен ұсыныстар беруге үндейді. Ол «жан-жақтылы тыңдасаң толық білесің, бір жақтылы тыңдасаң шатасасың» деген сөзді қатты дәріптейді. Оны бұл идеясы Таң патшалығының алғашқы жылдардағы саясатынан анық байқалады. Мысалы, оның жер бөліс жарлығында осы идея дәйектіленген. Соның нәтижесінде қытайдың әлеуметтік экономикасы айтарлықтай дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |