Цин патшалығының саяси жүйесі. Цинь династиясы Қытай тарихында бірінші рет біртұтас авсалютты феодалдық ұлы мемлекет қалыптастырған патшалық. Б.з.д. 221 жылы Цинь әулетінің патшасы Иың жың (嬴政 ying zheng) бір топ кеңесшілерін шақырып титуль белгілеуді талқылайды. Олар ежелден ешкімде болмаған, бес император жетпеген, ең құрметті болған император лауазымы «泰皇» (Tai huang) деп атауды, Көктің ұлы өзін «朕» (Zhen) деп атауды ұсынады. Бірақ ол «тай» деген жазуды алып тастап, оның орнына ең ертедегі император лауазымы «хуаң» әріпін қосады, сонымен «皇帝» деген лауазым дүниеге келеді. Ол өзін Шихуанди (始皇帝) деп атайды. Одан кейінгілер ар хуаңди, сан хуаңди деп түмен хуаңди дегенге дейін жалғаса берсін дейді. Сөйтіп қытай тарихында Хуаңди деген титул пайда болады.
Цинь династиясы үкіметінде, хуаңди – патша бүкіл мемлекеттің саяси әскери билігін қолына жинақтаған, елдің ең жоғарғы билеушісі болып табылады. Барлық саяси істер патшаның дара билеуі бойынша жүреді, барлық ұлықтар патшаның орналастыруы бойынша, жарлығын атқаруға тиісті. Сондықтан «Аспан астындағы барлық үлкен-кіші істердің барлығын патша шешеді». Патшаның еркі – айтқаны заң болып атқарылып отырған. Мемлекеттік аса маңызды істерді «патша кеңесі» ақылдасқанымен, соңғы шешімді патша өзі жасайтын, кеңесшілердің пікірі тек пайдалану үшін ғана айтылатын. Демек, патшаның қолына шоғырланған билігі феодалдық авсалютты орталықтанған билік жүйесінің түйіні болып табылады.
Цинь патшалығы қалыптастырған осындай патшаның авсалютты дара билік жүйесі – помещик таптарының шаруаларға үстемдік ету қажетіне сай келген. Сондықтан оны одан кейінгі феодалдық патшалықтар да жалғастырды.
Орталық саяси жүйесі. Цинь патшалығының Орталық үкіметін «Шао тиң» (朝廷 chao ting) деп атаған. Онда丞相 - cheng xiang, 太尉- tai wei, 御史大夫 - wei shi da fu - дейтін патшадан кейінгі ұлықтар іс жүргізеді. Олардың әр қайсысында өздерінің іс басқару органдары бар.