Сун патшалығының саяси жүйесі Таң патшалығың соңғы жылдары орын алған Хуан Шао (黄巢) Басшылығындағы шаруалар көтерілісі Таң әулетінің іргесін шайқалтты. Шаруалар көтерілісін жаныштау барысында әр жердегі әскер окургтер өз күштерін нығайтты.
907 жылы Чжу Вэн деген сардар Таң патшалығын соңғы имераторының тақтан тайғандығын, өзін патша деп мәлімдеді. Астанысын Кайпин қаласы етіп, ел ұранын 后两王朝- деп жаң бір патшалықтың құрылғандығын жариялады. Содан кенйін Қытай жерінде Хутаң, Хужин, Хухань, Ху Чжоу (后唐, 后晋, 后汉, 后周) деген бес бірдей патшалық құрылды.
Міне, бұл қытайда 907-960 жылдары өмір сүрген бес патшалық. Бұл дәуірді Бес патшалық дәуірі деп атайды. Сонымен бірге қытайдың оңтүстігінде тоғыз жерліклікті билік мемлекет, солтүстігінде бір жергілікті билік мемлекет құрылғандықтан, оларды тарихта он мемлекет (十国) деп атайды. Яғни Қытайды «У дай, Шы го – Бес әулет он мемлекет» деп те атайтын. Бұл қытайдың бөлшектенген дәуірі болып табылады. Бұралдың саяси жүйесі Таң патшалығының саяси жүйесін жалғастыру болып табылады.
960 жылы Ху Чжоудың Чжао Куан Ин деген әскери қолбасшысы мемлекеттік төңкеріс жасап, өзін иператор деп жариялап, құрған ел атын Сун (宋 song -Сун) патшалығы деп атады. Ол содан 979 жылға дейін соғыс арқылы басқа жергілікті биліктерді – патшалықтардың көбінің көзін жойып, қытайды негізінен қайтадан бірлікке келтірді.
Бірақ солтүстіктегі күштер оған беріле қойған жоқ. Өйткені Қытайдың шығыс солтүстігіндегі Чидан (契丹 – Qidan) тайпалары Таң патшалығының соңғы жылдары қатты күшейіп, 907 жылы Иелуйабаужи (耶 律 阿保机 Ye lvi a bao ji) деген адам Чидандардың қолбасшысы болды. Ол 916 жылы чидан ру-тайпаларын толығымен өзіне бағындырып, өзін импреатор 皇帝 деп жариялады. Құрған мемлекет атын Ұлы чидан 大契丹国 деп атады, 937 жылы мемелекет атын Ұлы ляо мелекеті –大辽国деп өзгертті. Ұлы ляо мемлекетінің шарықтаған кезі - 983-1031 жылдар болды. Сун патшалығы Ляо мемлекетімен соғыстарда жеңіліп отырды. Шығыс солтүстікті өзіне бағындыра алмады.
Қытайдың қазіргі Ганьсу провинциясының шығыс мен Ниңша дүнген автономиялы ауданның солтүстік батыс өңірінде өмір сүрген Чияң тайпаларының бір бөлігі Даңчияң (Тангут) деген тайпаның басшысы Тобасыгүң деген адам Таң патшалығының Хуаң Шао көтерілісіңн басуға қатысып марапатталады. Оған Таң патшалығы Ли фамиясы мен Шияго гүң 夏国公 деген титуль сйылайды. Кейін ол тұрылған жерінің қытайдың батысы болуына байланысты оны Батыс шия – Западное Ся (西夏) деп атаған.
Сун патшасы Тайзүң 977 жылы батыс Шияны (Заподное Сяны) жою үшін оларға әскери жорық жасайды, бірақ жеңіске жете алмайды. Содан бастап Шия мемлекетімен Сун патшалығы жауласады. Ши шиялар Ляомен құдандалы одақтас болып, бірлесіп Суң патшалығына төтеп береді.
Демек, Сун патшалығы қытайды толығымен бірлікке келтіре алған жоқ...