Қызықты химия есептері


-есеп Оттегінің артық мөлшерінде катализатор қатысында (қ.ж.) 56 см3 жағымсыз иісті А



бет27/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
45-есеп
Оттегінің артық мөлшерінде катализатор қатысында (қ.ж.) 56 см3 жағымсыз иісті А газын жақты. Қалған оттекпен әрекеттескен реакция өнімін 50 см3 суға жіберді. Алынған ерітіндіге бейтарап реакция жүргенше 50 см3 лакмус қосып, оның үстіне 0,1 моль/л натрий гидроксиді ерітіндісі құйылды. Сонан ерітіндіні буландырды нәтижесінде құрамында 32,4% натрий бар, сусыз тұзы Б алынды. Анықтаңдар:
А және Б қандай заттар сәйкес келеді?
Б затын 600 К температурада қыздырғанда, есептің шешімінде қандай өзгеріс болады?
Құрамында массалық үлесі 34,6% натрий болатын тұзды алуға бола ма? В затын анықтап, аталған реакция теңдеулерін жазыңдар.


45-есептің шешуі:
Жағымсыз иісті газдарды жаққан кездегі жану өнімін суға еріткен кезде – H2S және PH3 қышқылдары түзіледі.
Оттегінде жану реакциясы:
2PH3 + 4O2 = P2O5 + 3H2O
2H2S + 4 O2 = 2SO3 + 2H2O
Жану реакциясындағы өнімінің сумен әрекеттесуі:
P2O5 + 3H2O = 2H3PO4
SO3 + H2O = H2SO4
Олай болса, А – күкіртсутек немесе фосфин.
Газдың моль саны: 0,056/22,4 = 2,510-3 (моль).
Сілтінің моль саны: 0,10,05 = 510-3 (моль).
Қышқыл мен сілтінің мөлшерінің қатынасы 1 : 2.
Бейтараптану реакциясы:
2NaOH + H2SO4 = Na2SO4 + 2H2O
2NaOH + H3PO4 = Na2HPO4 + 2H2O.
HPO4- - өте әлсіз қышқыл, соған байланысты натрий гидрофосфатының ерітіндісі бейтарап ортадай дерлік орта (әлсіз сілтілік) реакция береді. Натрий сульфатындағы натрийдің массалық үлесі 46/142 = 0,324 тең, натрий гидрофосфатында – 46/142 = 0,324 тең болады, яғни Б заты – сульфат немесе натрий гидрофосфаты болып табылады. 600 К температураға дейін қыздырғанда Na2SO4 тұрақты, ал Na2HPO4 натрий пирофосфатын түзеді:
2Na2HPO4 = Na4P2O7 + H2O.
Пирофосфаттағы натрийдің массалық үлесі 92/266 = 0,346 тең болады. Осыдан екінші жағдайда: А – PH3, Б – Na2HPO4, B – Na4P2O7 болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет