«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Пайғамбарымызға деген адалдық



Pdf көрінісі
бет4/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Пайғамбарымызға деген адалдық 
Пайғамбарымыздың материалдық және рухани мұраларына иелік жасау – 
адалдықтың ең негізгі сипаты. Сахабаларымыз Оның қасиетті ісіне иелік жасаумен 
қатар қалдырған әрбір ізін де киелі аманат ретінде бағалап, оны ӛз жандарындай 
сақтап, қорғаған. Бір тал шашы, бір тал сақалы, тырнақтары, жалпы Оған қатысты 
барлық нәрсені асқан мұқияттылықпен сақтаған. Кейбір сахабалар ӛздеріндегі осындай 
бағалы заттарды арттарында қалдырып кетуге қимай қайтыс болған кездерінде Одан 
бір бӛлшек нәрсе болсын деп ӛздерімен бірге алып кеткен. Сонда да қасиетті 
аманаттардың біразы біздің кезімізге дейін жеткен. Құран мен сүннет ақылымыз бен 
рухымызға дәрмен болумен қатар бұл аманаттар кӛзімізге де шипа.
Аллаһ расулының сүннетін ұстану, материалдық-рухани аманаттарын қадірлеп 
еске алып зерттеу мәселесінде ХазіретАбдуллаһ Бин Омардің (радиаллаһу анхума) 
алатын орны айрықша. ХазіретАбдуллаһ - пайғамбарымызға деген сүйіспеншілікті 
ӛмірінің мақсаты етіп алған ерекше сахаба. Ол пайғамбарымыздан қалған естеліктерге 
ӛте құмар болған. Аллаһ расулының тірі кезінде жасаған барлық әрекеттеріне еліктеп, 
4
Ресул Екремнин 
ӛ
рнек ахлакы, терж.Хайреддин Караман, 37-б. 
5
Хусейн Алг
ү
л, Пей
ғ
амберимизин Шемаили Ахла
қ
у
ә
адабы, Ышык йайынлары, Стамбул 



Оның жүрген жолдарымен жүріп, Сол секілді тамақ жейтін. Тіпті, пайғамбарымыз 
кӛлеңкелеген ағаштардың астында отырып, шӛлдемесін деп оларды суарып тұратын.
Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін Ибн Омар Оны есіне алған сайын 
сағынышпен кӛзіне жас алатын. Асым Ибн Мұхаммед пайғамбарымыздың қай кезде 
аты айтылса Абдуллаһ Ибн Омардің егіліп жылайтынын айтатын. 
ХазіретАбдуллаһ Ибн Омар (радиаллаһу анхума) пайғамбарымызға деген 
сағыныш сезіммен Одан қалған естеліктерді қатты құрметтейтін. Пайғамбарымыздың 
мінберіндегі аяғымен басқан жерлерін қолымен сүртіп, сосын қолымен кӛзіп сүртетін.
Аллаһ расулы намаз оқыған жерлерде намаз оқуға кӛп кӛңіл бӛлетін. Мекке 
жеңісінде пайғамбарымыз Қағбаның ішінде намаз оқып шыққаннан кейін сахабалар 
ішке кіруге жүгіреді, ХазіретАбдуллаһ Ибн Омар алғашқы болып ішке кіріп, кіре сала 
ХазіретБіләлден пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) қай жерге намаз 
оқығанын сұраған. Ибн Омар Мәдина маңындағы ауылдарды аралап жүріп 
Муауияұлдарының мекеніне соғып, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
ауылдағы мешіттің қай жерінде намаз оқығанын сұрап алатын болған
6
.
Аллаһ расулы қалдырған аманаттарға иелік жасау, оларды құрметтеу, 
пайғамбарымызға жиі-жиі салауат айту – Оған деген адалдықтың негізгі шарттары. 
Сахабаларымыз да, ата-бабаларымыз да осындай адалдық танытып, біздің қалай әрекет 
жасауымыз керектігі жӛнінде біздерге жол кӛрсетіп кеткен.
Адалдық пен туралық - іс адамының ең маңызды сипаттарының бірі. 
М.Фетхуллаһ Гүлен Хожаефенди мұны мынадай ӛлең жолдарымен береді: 
Ӛлең бар
7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет