«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық



Pdf көрінісі
бет7/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127
Ҧят деген не? 
Ұят тартыну, ұялу, намысты қорғау мағыналарына келеді. Ұят - адамдың барлық 
мәселеде шегін біліп, одан аспауы, Аллаһтан бастап адамдар алдында ӛз жағдайын 
сақтауы деген сӛз.
9
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Фасылдан фасыла, 1\113 



Ұят - адамды адам ететін ӛмірлік бір қасиет. Ұят - адамның рухани әшекейі
Аллаһтың құлынан кӛргісі келетін ең әдемі нәрсесі. Сонымен қатар, ұят - Аллаһтың 
адамнан кӛргісі келмеген әр түрлі жаман мінезден аулақ тұруы.
Раббымыз Құран Кәрімде ұятсыздықтың барлық түрін харам еткенін айтады
10

Пайғамбарымыз да (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Әр діннің бір мінезі бар. Исламның 
мінезі ұят»
11
деп, бұл сезімнің мұсылманның ӛмірінде алатын орнының маңыздылығын 
кӛрсеткен.
Тӛменде берілетін хадис осы маңыздылықты дәлелдейтін сипатқа ие. 
Сахабалардан ХазіретАбдуллаһ Ибн Омардің (радиаллаһу анх) жеткізуі бойынша 
пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бауырына қатты ұялмау керектігі 
туралы айтып тұрған бір адамға кезігіп, оған былай деген: «Тиме оған. Ӛйткені, ұят 
иманнан»
12
. Тағы бір хадисте «Иман жетпістен астам бӛлімге бӛлінеді. Ең үстіңгі 
дәрежесі «Лә иләһә илләллаһ» деу. Ең тӛменгі дәрежесі ӛтіп бара жатқандарға зиян 
келтіретін нәрселерді жолдан алып тастау. Ұят та иманның бір бӛлігі»
13

Ғалымдарымыз бұл хадисті былай түсіндірген: 
«Жаратылыстан келген бір сезім болғанына қарамастан ұят бұл хадисте кейіннен 
қол жеткізілетін иманның бір бӛлігі ретінде берілген. Ӛйткені, ұяты бар адам сол 
арқылы күнәлардан алыстайды. Міне, бұл жерде ұят адам мен күнәлардың арасына 
кіріп, оны күнә іс істеуден тыятын иманның бір қызметін атқарған болады. Хадисте 
ұяттың иманның бір бӛлшегі екені айтылған. Ӛйткені, иман нәтижеде Аллаһтың 
бұйрықтарына бағыну және тыйымдарынан сақтану түрінде сыртқа кӛрініс береді. 
Міне, ұят осылайша иманның бір бӛлшегіндей болады»
14

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм): «Аллаһ Тағаладан қажетінше 
ұялыңдар» деп бұйырған және ӛзінен: 
«Иа расулуллаһ! Аллаһтан қалай қажетінше ұялуға болады?» деп сұрағандарға 
былай деп жауап берген: 
«Кім басын және басындағы мүшелерді, қарнын және қарнына қатысты 
мүшелерді қорғап, дүниелік ӛмірдің әсемдігіне алданбай, ӛлімді ұмытпаса ол адам 
Аллаһ Тағаладан қажетінше ұялған болып саналады»
15
.
Бұл хадистегі бастың қорғалуы адамның сезімі мен түсінігінің жақсы бағытта 
қолданылуы болып табылады. Бастағы басқа ағзалардың қорғалуы болса кӛзді 
харамнан аулақ ұстау, жаман сӛздерді естуден сақтану, ауызды харамнан қорғау және 
ӛтірік сӛйлемеумен жүзеге асады. Қарынның қорғалуы харам жеуден сақтану арқылы 
болады. «Қарынға қатысты мүшені қорғаудағы мақсат хадис ғалымдарының ойынша 
зинақорлық жасаудан сақтану. Осы мүшелердің барлығын қорғау Аллаһ алдында 
ұялудың шарты болып табылады.
Дүние мен ақыреттің бақытына қол жеткізуді қалаған адам әдепті және ұятты 
болуы тиіс. Әдепсіз, ұятсыз адамнан жақсылық күту мүмкін емес. Ұят пен иман бір-
бірін толықтырады, бірі кетсе екіншісі де кетеді. 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Ұят жақсылықтан басқа ештеңе 
әкелмейді»
16
деген, сонымен қатар «Ұяттың барлық түрі де жақсылық»
17
деп мәселенің 
маңызын ашып кӛрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет