Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет44/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169
Ph.G.H.Gell и R.Coombs жіктеулері бойынша науқаста аллергиялық реакцияның қандай түрі дамыды? Бұл аллергиялық реакция жоғары сезімталдықтың қандай түріне жатады. Жауаптарды негіздеңіз.

  • Аллергиялық реакцияның осы түрінің патогенезін ұсыныңыз.

  • Егер бастан кешкен жай-күйінен кейін алғашқы тәулік ішінде аллерген ағзаға қайта түссе, осы аллергиялық реакцияның клиникалық көрінісі,қайта пайда бола ма? Жауапты дәлелдеңіз.

    1. Жауабы:


    Науқаста аллергиялық серпілістің бірінші түрі – аллергиялық серпілістің анафилаксиялық ( реагиндік) I түрі дамыған, бұл серпілістер бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрі-дәрмектерге, тағамдық заттарға,жәндіктер шағуы) дамиды. Олар IgE антиденелерінің ағзасындағы өнімнің айқын өсуімен сипатталады
    Науқаста анықталған аллергия жоғары сезімталдықтың Жедел дамитын түріне жатады,себебі организім сезімталдығын көтерген аллерген организімге қайталап түскенсоң оған жауап 1-2 минуттың ішіндедамиды,яғни бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минуттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің гуморалдық жүйесі арқылы дамиды деп есептеледі.
    2. Патогенез - бұл серпілістер бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрі-дәрмектерге, тағамдық заттарға) дамиды. Иммундық серпілістер сатысында аллерген мен макрофагтардың әсерленуінен Тх2 жасушалары интерлейкин-4 өндіріп, В-жасушаларын әсерлендіреді. Осыдан олар плазмалық жасушаларға айналып, ІgЕ немесе ІgG4 өндіріп шығарады. Бұл иммундық глобулиндерді аллергиялық антиденелер немесе реагиндер дейді. Олар Fс бөлшегімен лаброциттердің және қан базофилдерінің сыртына жабысады. Адамда лаброциттер теріде, шырышты қабықтарда, тегіс салалы ет жасушаларында көптеп орналасады. Сондықтан ІgЕ осы тіндерге жақсы жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол иммундық Е-глобулиннің Ғав-бөлшегімен байланысып, лаброциттердің түйіршіктерін сыртына шығаруына әкеледі.ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда талшықтардың жиырылуларынан лаброциттердің түйіршіксізденуі болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет