Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


А раб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет62/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   305
А раб тілді ислам философиясы
65
Ибн Сина үшін нағыз сопы дегеніміз кім? Ол - метафизикалық білім- 
ді іздеуші, элемнің құдіретті сүлулығына тұтқындалған, мэңгі бақытты із- 
деуші адам. Сонымен қатар бақыт деп ол Тозақ қорқынышынан аулақ және 
жұмақ бағынан үміткер Жаратушыға деген қүтптар махаббат дэрежесіне жетуді 
айтады. «Ол Ақиқатты түйсіне алатын Ақиқатпен және барлық заттармен бақыт- 
ты... Ол қуанышқа кенелген және махаббатына жетуші секілді ғашық... Ол өлім 
алдындағы қорқыныштан аулақ... Сопьшардың экстатикалық тіршілігі - олардың 
құдіреггі әлеммен танысуы. Философтың пайымынша, ол құдіретті ақиқатты 
жасырын түйсіну деңгейіне жеткен, бірақ өзінің нэпсісін тьпо арқылы емес, кері- 
сінше, интеллектуалды мүмкіндігін жетілдіру арқылы жеткен. «Құдаймен бірігу» 
(«и’ттихад») немесе Құдай болмысындағы абсолютті жойылып кету («әл-фана’ 
эл-махд») мәселесіне қатыстыны ол мойындамайды, философ өзін «хулюли» 
(физикалық денелерде Құдайдың инкарнациясын мойындау») емес, керісінше
«и’щраки» («иллюминат», яғни рухани ашылуға экелетін интеллектуалды гно- 
зис деп санады). Ибн Сина жоғарғы адамгершілік құндылықтарының тәжірибелік 
жүзеге асуына шақырды, мэселен, тануға деген махаббат, жекелей алғанда, фқ- 
лософияға, себебі олар мэңгі бақытқа жеткізетін білім құралы болып табылады. 
Өзін эгоизмнен тазарта алмаған жэне нәпсісінің шеңберінен шыға алмаған ғалым 
бақытсыз болып табылады, ол өзінің табиғи мүқтаждыктарынан зардап шегеді 
жэне соның салдарынан жануарлық деңгейге дейін тұсіп кетеді. Дегенмен оларға 
о дүниеде дайындалып қойылған жазалаулар, олар үшін тазаруға жэне мәңгі күді- 
ретгі қасиеттілікке әкеледі, өйткені олардың білімге деген қүштарлығы олардың 
рухын жоғары етті. Тозақтың мэңгі азабына түскен рухтар да баршылық, олар 
жетілудің жолдарын біле тура оларды өмірінде қолданбаған, орындамаған «же- 
тілмеген рухтар» болып табылады. Тілті болмыстың ақиқаттығын мойындамаған 
рухтар олардан да көп азапқа тартылатын болады. Парасаты әлсіз адамдар жеті- 
лудің жолдарын білмегендіктен және сол білмегендігі үшін Жаратушы алдында 
толықтай жауапкершіліктен босатылатын болады24.
Йбн Сина ислам әлемінің жэне бүкіл элемнің ірі ғалымдарының бірі болды. 
Оның латын тіліне аударылған медициналық «Канон» трактаты Еуропаның ме- 
дициналық университеттерінде XVII ғасырға дейін оқытылып келгендігі оның 
айғағы; тек оның трактаттары ғана бірінші рет латын тіліне аударылды жэне 
еуропалықтарға ибн Рушд, антика философиялық дәстүрімен танысуға ықпал 
етті25. Ол аспан денелерінің динамизмі жайлы Э. Торричелли (1608-1647) тәжі- 
рибесінен бірнеше ғасыр бұрын айтты, өзінің «Шипагерлік» кітабында ауа жэ­
не су қысымының бар екендігін көрсетті, ол әлемде тұңғыш рет жер сілкінісін 
Жер ядросындағы материя қыртыстарымен түсіндірді. Сонымен қатар ғалым 
И.П. Павловтан бүрын «шартты рефлексті» ашқан, түс көруді адямның жасы­
рын қанағаттануы екендігін атақты психиатр 3. Фрейдтен (1856-1939) бүрын 
айтып кеткен.
Ол Бірінші Ұстазды тек талдаушы ғана емес, ол эл-Фараби секілді антика 
рационалистік философия дэстүрін ислам сенімінің постулаттарымен байланыс- 
тырғысы келді; сонымен қатар ол Екінші Ұстаздың жольш соқыр сенімдей
24Абдо аш-Шимали, 388-390-6.
25 Аш-Шимали, 394-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет