Жалпы бөлік 1-БӨлім. ҚЫлмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы


-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары



бет46/231
Дата12.08.2023
өлшемі357,49 Kb.
#105205
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   231
Байланысты:
ҚР ҚК

92-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары


Осы Кодекстiң 91-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнің баптарында көзделген жаңа іс-әрекеттердi жасауының алдын алу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаттары болып табылады.

93-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерi


1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мынадай түрлерiн:
1) амбулаториялық мәжбүрлеп байқауды және психиатрда емдеуді;
2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;
3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;
4) интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді;
5) химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеуді және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын емдеуді тағайындауы мүмкін.
2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн сотталған, бiрақ есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.
3. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға сот жаза мерзімін өтегеніне қарай бостандығынан айыру орындарынан босату кезінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселені шешеді.
Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет