Жалпы ережелер робототехникадан «Төлеби ауданына 90 жыл»


«РОБОТТАРДЫҢ АРҚАН ТАРТЫСЫ»



бет18/19
Дата03.04.2023
өлшемі285,16 Kb.
#78730
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
«РОБОТТАРДЫҢ АРҚАН ТАРТЫСЫ»
ЖАРЫСЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ

Бұл жарыс қазақтың ұлттық «Арқан тартыс» ойынына қарап негізделген. Яғни адам орнына роботтар арқан тартысады. Қатысушылар қарсылас роботты өзіне қарай тартып кететін күші бар дербес робот дайындауы қажет. Роботтар артқа жүріп бір-бірін арқанмен тартуы қажет.







  1. 1. Жарыстың шарттары

1.1. Жарыс екі робот арасында өткізіледі. Жарыстың мақсаты - қарсылас роботты арқанмен тартып ортадағы қызыл сызықтан өткізу.
1.2. Егер роботтың кез-келген бөлігі қызыл сызықтың шетінен басатын болса, ұтылған болып есептеледі
1.3. Егер арқан тартыс уақыты аяқталғаннан кейін ешбір робот қызыл сызықты баспаған болса, қызыл сызыққа жақын робот жеңілген болып есептеледі.
1.4. Егер жоғарыда көрсетілген әдістермен жеңімпаз анықталмаған жағдайда, жарыс төрешісі кері ойнау немесе жеңімпазды жариялау шешімін қабылдай алады.
1.5. Старт командасы берілгеннен сон роботтар 5 секунд уақыттан сон іске қосылуы керек. Осы уақыт ішінде роботты іске қосқан оқушылар роботтар қасынан алшақ кетуі тиіс

  1. 2.Робот

2.1. Жарыстың барлық уақытында: Робот өлшемі 250х250х250 мм-ден, салмағы 1кг-нан аспауы керек.
2.2. Роботтың артқы бөлігінде арқанды байлайтын орын болуы керек.
2.3.Раундтар арасында роботтын конструкциясын және робот бағдарламасын өзгертуге болады.
Жарысқа кез келген (қолдан жасалғанда) робот қатыса алады.

  1. 3. Жарысты өткізу.

3.1. Жарыс екі қатысушы роботтың ең күштісін анықтайды. Жекпе-жек 30 секундтық 3 айқастан тұрады. Айқастар қатарынан өткізіледі.
3.2. Жарыс кем дегенде екі раундтан тұрады (нақты санын ұйымдастыру комитеті анықтайды).
  1. Төрелік


    1. Ұйымдастыру комитеті егер бұл өзгерістер командалардың біріне артықшылық бермесе, жарыс ережелеріне өзгерістер енгізуге құқылы.

    2. Бақылау және қорытындылау ережеге сәйкес төрешілер тобы жүзеге асырады.

    3. Төрешілер барлық жарыс кезеңдерінде барлық өкілеттіктерге толық ие болады. Барлық қатысушылар олардың шешімдеріне бағынулары керек.

    4. Төреші дау-дамай жағдайларын анықтау үшін қосымша әрекет мүмкіндіктерін белгілей алады.

    5. Төрешінің шешімі бойынша ережелерді нақтылау үшін кезеңдер тоқтатыла тұруы мүмкін.

    6. Егер төрешіге қатысты қандай да бір қарсылықтар орын алса, топ жетекшісі Ұйымдастыру комитетіндегі төрешілердің шешіміне ағымдағы раундтан кейін 10 минуттан кешіктірмей жазбаша түрде шағымдануға құқылы.

    7. Егер робот 10 секунд бойы қозғала алмаса, төреші өз қалауы бойынша әрекет мүмкіндігін тоқтатуы мүмкін.

    8. Ескерту жасауға әкелетін ереже бұзушылықтардың тізбесі:

  • егер сайыс кезінде команда мүшелерінің бірі, оператордан басқа, роботқа қол тигізсе;

  • егер командадан біреу сайыс кезінде қарсыласының роботына қолын тигізсе. Қарсыластың роботына қол тигізген команда қатысушысы ескерту алады.

    1. Егер команда бірінші рет ескерту алса, сол кезең қайта ойнатылады. Команда екінші рет ескерту алған кезде, команданың сол кезеңдегі ұпайлары жойылады, яғни 0 ұпай және

максималды 3 минут беріледі. Ағымдағы кезең қайтала ойналмайды. Жарыс кезінде 3 ескерту алған команда жарыстың барлық кезеңінен шеттетіледі.



    1. Команданы жарыстың барлық кезеңдерінен жедел түрде шеттетуге әкеліп соғатын ереже бұзушылықтардың тізімі:

  • егер біреу жарыс кезінде өз командасының роботын қашықтан басқарса немесе қарсыластарының роботына қасақана кедергі келтірсе.

    1. Қатысушылардың төрешілер кеңесімен қарым-қатынасы жарыстың өту барысында ең төменгі деңгейде сақталуы керек және мүмкіндігінше заңсыз жағдайларды жою үшін реттелетін өзара іс-қимылмен шектелуі керек.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет