§12. Молекулалық физика және термодинамика бөлімі
бойынша тест сұрақтары
1. Менделеев – Клапейрон теңдеуін көрсетіңіз:
A) ; B) p = nkT; C) ; D) P = IU; E) ;
2. Қалыпты жағдайда (p0 105 Па) идеал газ V0 1 м3 көлемді алып тұр. Газды изотермиялық түрде p 5,0 МПа қысымға дейін қысса оның көлемі қалай өзгереді:
A) 0,02 м3; B) 0,03 м3; C) 0,01 м3; D) 0,04 м3; E) 0,05 м3.
3. Идеал газдың молекуласының орташа энергиясы 6,4·10–21 Дж. Газдың қысымы 4 мПа. Бірлік көлемге келетін газдың молекула санын табыңыз:
A) 21023 см2; B) 9,381017 м–3; C) 6,251015 м–3; D) 105 м–3; E) 21018 м–3.
4. Идеал газдың температурасы Т1 300 К болғанда, қысымы p1 104 Па, ал температурасы Т2 150 К болғанда p2 қысымы қандай болады:
A) 2 кПа; B) 3 кПа; C) 4 кПа; D) 5 кПа; E) 6 кПа.
5. Көлемі V = 1 м3 баллонға Т = 640 К температурада массасы m = 1 кг оттегі (M = 32 г/моль) орналастырылған. Баллондағы қысымды табыңыз (R =
= 8,31 Дж/(моль·К)):
A) 166 кПа; B) 98 кПа; C) 124 кПа; D) 192 кПа; E) 150 кПа.
6. Оттегінің (M = 32 г/моль) 1 киломолінің массасын анықтаңыз:
A) 18 кг; B) 24 кг; C) 12 кг; D) 32 кг; E) 36 кг.
7. Массасы m = 0,03 кг (R = 8,31 Дж/(моль·К)), көлемі V = 0,02 м2, қысымы p = 2·105 Па болатын аммиактың NH3 (М = 17 г/моль) температурасын анықтаңыз:
A) 100 К; B) 273 К; C) 160 К; D) 180 К; E) 140 К.
8. Егер меншікті балқу жылуы 1,3·105 Дж\кг болса, 4 кг ақ шойынның кристалдық құрылысын бұзу үшін қанша энергия жұмсау керек:
A) 520 кДж; B) 480 кДж; C) 560 кДж; D) 600 кДж; E) 400 кДж.
9. 5·105 Дж жылу мөлшерімен балқу температурасында алынған қанша қорғасынды балқытуға болады? Қорғасынның меншікті балқу жылуы 2,5·104 Дж/кг:
A) 10 кг; B) 15 кг; C) 20 кг; D) 25 кг; E) 30 кг.
10. 1 мм3 судағы молекуланың санын табыңыз. Судың тығыздығы 1 г/см3, ал молярлық массасы 18 г/моль. (NA = 6,021023 моль–1):
A) 251019; B) 3,31019; C) 2,51020; D) 3,31020; E) 3,31021.
11. Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 100 °С, егер суды герметикалық жабық ыдыста қыздырса қайнау температурасы қалай өзгереді:
A) Өседі; B) Өзгермейді; C) Азаяды;
D) Қайнамайды; E) Ыдыс жарылып кетеді.
12. Төмендегі теңдеудің қайсысы күй теңдеуіне жатпайды:
A) ; B) ; C) ; D) ; E) .
13. Гей – Люссак заңы қай жерде дұрыс жазылмаған:
A) , p = const; B) , V = const; C) pV = const, T = const;
D) , p = const; E) , V = const.
14. Абсолют температураның өлшем бірлігін көрсетіңіз:
A) Кельвин; B) Паскаль; C) Джоуль; D) кг/м3; E) кг/моль.
15. Барометрлік формуланы көрсетіңіз:
A) ; B) ; C) p = nkT; D) ; E) pV = const.
16. Молекуланың ең ықтимал жылдамдығын көрсетіңіз:
A) ; B) ; C) ; D) ; E) .
17. Изобаралық процестің шартын көрсетіңіз:
A) p = const; B) V = const; C) T = const; D) dQ = 0; E) dS = 0.
18. Изохоралық процестің шартын көрсетіңіз:
A) p = const; B) V = const; C) T = const; D) dQ = 0; E) dS = 0.
19. Идеал газдың абсолют температурасын 4 есе ұлғайтқанда молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгереді:
A) 2 есе азаяды; B) өзгермейді; C) 4 есе өседі; D) 2 есе өседі; E) 4 есе азаяды.
20. Абсолют температурасы бірдей болған жағдайда сутегі (М = 2 г/моль) және оттегі (М = 32 г/моль) молекулалардың орташа квадраттық жылдамдықтарының қатынастары қандай:
A) 0,125; B) 0,25; C) 1; D) 4; E) 16.
21. Термодинамиканың 1-ші заңын сипаттайтын формуланы көрсетіңіз:
A) Q = cmt; B) Q = A; C) Q = U + A; D) Q = Ivt; E) Q = CU.
22. Айналмалы процесс нәтижесінде газ A = 1 Дж жұмыс істейді және суытқышқа Q = 4,2 Дж мөлшерде жылу береді. Циклдың ПӘГ-ін табыңыз:
A) 0,192; B) 0,195; C) 0,200; D) 0,205; E) 0,210.
23. Температуралары Т1 500 К және Т2 300 К идеал газдың Карно циклының ПӘГ-ін табыңыз.
A) 100 %; B) 166 %; C) 60 %; D) 40 %; E) 20 %.
24. Температурадан тәуелсіз жылу сиымдылығы С 20 Дж/К бар дене t1 100 °С-дан t2 20 °С-қа дейін суиды. Дененің жылу мөлшерін табыңыз:
A) 9 кДж; B) –2 кДж; C) 1,6 кДж; D) –1,6 кДж; E) 0,4 кДж.
25. Газ Карно циклын жасайды. Суытқыштың абсолют температурасынан қыздырғыштың абсолют температурасы 4 есе үлкен. Циклдың ПӘГ-ін анықтаңыз:
A) 80 %; B) 75 %; C) 70 %; D) 65 %; E) 60 %.
26. Қыздырғыштың температурасы 200 °С, ал суытқыштың температурасы 11 °С. Жылу двигателінің ПӘГ-ін анықтаңыз:
A) 30 %; B) 35 %; C) 40 %; D) 45 %; E) 50 %.
27. 3 л суды 100 °С температурада буға айналдыру үшін қанша энергия керек? Меншікті булану жылуы 2,3·106 Дж/кг. Судың тығыздығы 103 кг/м3:
A) 6,0 МДж; B) 6,4 МДж; C) 6,6 МДж; D) 6,9 МДж; E) 7,2 МДж.
28. 1 кДж жылу әсерінен 10 °С температураға дейін судың қанша массасын қыздыруға болады? Судың меншікті жылу сиымдылығы 4,2·103 Дж/(кг·К):
A) 36 г; B) 18 г; C) 12 г; D) 24 г; E) 1 кг.
29. 110 г алюминийді 94 °С температураға қыздыру үшін 9,1 кДж жылу керек. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығын табыңыз:
A) 1300 Дж/(кгК); B) 1520 Дж/(кгК); C) 470 Дж/(кгК);
D) 880 Дж/(кгК); E) 1150 Дж/(кгК).
30. Берілген температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 %. Егер қаныққан су буларының тығыздығы 9,310–3 кг/м3 болса, абсолют ылғалдылығы қандай:
A) 3,210–3 кг/м3; B) 5,610–3 кг/м3; C) 4,210–3 кг/м3;
D) 5,010–3 кг/м3; E) 2,810–3 кг/м3.
31. 1 атомды идеал газ адиабаталық түрде 8 есе ұлғаяды. Қысымы қанша есе өзгергенін табыңыз:
A) 8; B) 1/8; C) 32; D) 1/32; E) 1/16.
32. Изохоралық процесте элементар жұмыс неге тең:
A) dA = –dU; B) dA = dQ; C) dA = 0; D) dA = Vdp; E) dA = –dQ.
33. Қыздырғыштың температурасы 727 °С, ал суытқыштың температурасы 27 °С болса, Карно циклының ПӘГ-ін анықтаңыз:
A) 87 %; B) 70 %; C) 75 %; D) 65 %; E) 67 %.
34. Қалыпты жағдайда 2 атомды молекуланың қанша i еркіндік дәрежесі бар:
A) 2; B) 3; C) 4; D) 5; E) 6.
35. Егер концентрация өзгермеген жағдайда абсолют температурасы 3 есе өссе, идеал газдың қысымын қалай өсіруге болады:
A) 9 есе; B) 6 есе; C) 3 есе; D) 1,5 есе; E) өзгермейді.
36. Карно теоремасын көрсетіңіз:
A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .
37. Фиктің диффузия заңын көрсетіңіз:
A) η = Dρ; B) ; C) ; D) ; E) .
38. Бір мольді газ үшін нақты газдардың Ван-дер-Ваальс күй теңдеуін көрсетіңіз:
A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .
39. Қисықтық бетпен берілген қысым, Лаплас теңдеуімен сипатталады:
A) ; B) ; C) ;
D) ; E) .
40. Термодинамиканың бірінші бастамасы, ол:
A) Статистикалық жүйелер үшін энергияның сақталу заңы;
B) Абсолют қара дене үшін сәулелену заңы;
C) Екінші ретті фазалық көшуді сипаттайтын заң;
D) Кинематикалық процестерді сипаттайтын заң;
E) Бірінші ретті фазалық көшулер теориясы.
41. Джоуль – Томсон эффектісі:
A) Газдың ұлғаюы кезіндегі температураның өсуі;
B) Екінші ретті фазалық көшу кезінде жүзеге асады;
C) Термодинамиканың екінші бастамасы бұзылған кездегі кванттық эффект;
D) Бірінші ретті фазалық көшулерде жүзеге асады;
E) Фазалық көшулерде жүзеге асады.
42. Жұмыстың өлшем бірлігін көрсетіңіз:
A) Кельвин; B) Паскаль; C) Джоуль; D) кг/м3; E) кг/моль.
43. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігін көрсетіңіз:
A) Кельвин; B) Паскаль; C) Джоуль; D) кг/м3; E) кг/моль.
44. Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші бастамасын көрсетіңіз:
A) dQ = cpmdT; B) dQ = dU; C) Cp = CV + R; D) dQ = dA; E) dA = –dU.
45. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың 1-ші бастамасын көрсетіңіз:
A) dQ = cpmdT; B) dQ = dU; C) Cp = CV + R; D) dQ = dA; E) dA = –dU.
46. Политропты процестің теңдеуін көрсетіңіз:
A) pV = const; B) pVn = const; C) p = const; D) V = const; E) T = const.
47. Идеал газдың ішкі энергиясының формуласын көрсетіңіз:
A) ; B) U = pV; C) ; D) ; E) ;
48. Майер теңдеуін көрсетіңіз:
A) CV = iR/2; B) Cp = CV + R; C) CV = Cp + R; D) CV = 3R; E) CV = 2iR.
49. Азотты N2 (M = 28 г/моль) идеал газ деп есептеп, изохоралық процесс үшін меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз? (R = 8,31 Дж/(моль·К)):
A) 890 Дж/(кг·К); B) 1187 Дж/(кг·К); C) 1039 Дж/(кг·К);
D) 445 Дж/(кг·К); E) 742 Дж/(кг·К).
50. Карно циклын жасаған идеал газ үшін, қыздырғыштан алған 70 % жылу мөлшерін суытқышқа береді. Циклдің ПӘГ-ін табыңыз:
A) 70 %; B) 60 %; C) 50 %; D) 40 %; E) 30 %.
Достарыңызбен бөлісу: |