Жалпы геология емтихан сұрақтары



бет18/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Эндогендік Процестер – Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т.б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар, вулканизм процестері , тау жыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады.


Экзогендік процестер, сыртқы процестер – Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, , геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т.б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықта физика және химия үгілу, гипергенез, су айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады.
90. Төрттік дәуір шөгінділері. Лөс, оның құрамы және қасиеттері.
91. Метаморфты тау жыныстары. Құрамы және құрылымы.
Метаморфты тау жыныстары – шөгінді және магмалы тау жыныстарының жер қойнауында үлкен қысым мен жоғары температураның әсерінен қайта кристалдануы, яғни метаморфизмге түсуінің арқасында пайда болады.
Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды.
Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және метасоматоздық болады.
92. Үгілу және оның бедер түзудегі маңызы.
Үгілу — жер бетінде немесе оған жақын маңдағы температура ауытқуларынан, атмосфераның судың және организмдердің химиялық және механикалық әсерінен таужыныстардың бұзылуы мен химиялық өзгеріске ұшырау процесі. Ү. физикалық (механикалық), химиялық және органикалық болып үш топқа бөлінеді. Физикалық үгілуде ауа температурасының күрт өзгеруі мен ылғалдың араласуынан таужыныстар шытынап жарылып, ұсақ кесекгерге бөлінеді, бірақ құрамы өзгермейді. Химиялық Ү. кезінде химиялық реакциялардың жүруінен таужыныстардың құрамы өзгеріске ұшырап, жаңа минералдар қалыптасады (мыс., дала шпаты каолинге айналады). Органикалық үгілуде де бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, мүктер және т.б. организмдердің әсерінен болады. Олар таужыныстардың қуыстарында, жарықшаларында өніп-өсу барысында түрлі ерітінді заттар бөліп шығарады. Ү. нәтижесінде жер бедерінің түрлі бітімдері қалыптасады.
93. Эллювий және үгілу қабығы. Үгілудің сатылық және аймақтық ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет