Жалпы геология емтихан сұрақтары


Жердің келесі қабаты — мантия



бет17/19
Дата26.09.2022
өлшемі69,33 Kb.
#40405
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жердің келесі қабаты — мантия. Мантия жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді. Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды. Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Жер қыртысы деп - литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антрактида. Мұхиттардың саны 4: Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік мұзды мұхиттары.
86. Аморфты және кристалды минералдар, олардың қасиеттері.
87.Аллювий шөгінділері, олардың қалыптасуы, ерекшеліктері.
Аллювий (Аллювий шөгінді) — өзен мен жылғалардағы ұдайы немесе уақытша тасқынның нөтижесінде пайда болатын әр түрлі қиыршық тастардың, құм мен балшықтың шөгіндісі. Аллювий, аллювийлік шөгінділер – тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер.
Аллювий— аллювийлі шөгінділер:
• өзен аңғарларында су ағындары әрекетінен түзілетін шөгінділер. Өзен шөгінділері малтатас, қиыршықтас, құм, саздардан тұрады. Өзен жайылмасына, жағаларына, әсіресе сағаларына жиналады. Тау өзендерінің аллювийі жөне жазық өзендерінің аллювийі деп жіктеледі, шөгу жағдайына байланысты — арналық, жайылмалық жөне өзбойлық фацияларымен сипатталады;
88. Жердің сыртқы қабығы (атмосфера, гидросфера, биосфера), оның құрамы, ерекшеліктері.
Жердің газды сферасы. Құрамында 78,08% азот; 20,95%; оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмір қышқыл газы бар, ал қалған 0,04% неон, гелий, су буы, шаң және басқа заттардан құралған. Атмосфераның жоғарғы шекарасы әлі анықталмаған.

1.Атмосфера бірнеше қабатшаларға бөлінеді: тропосфера – 8-15 км биіктікке дейін, стратосфера – 8-15 ден 100 км-ге дейін және одан әрі мезосфера, термосфера, экзосфера, йоносфера


2.Гидросфера - Жердің үзілмелі су қабығы. Ол жер бетінің 70,8% -ін алып жатыр. Құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және мұз жамылғылары жатады. В.И. Вернадскийдің мәліметтері бойынша мұхит суларының көлемі 1370 млн. км3, құрлық сулары – 4 млн. км3, материк мұздары – 16-20 млн. км3, ыза сулары – 400 млн. км3–ін құрайды. Гидросфераның құрамында көп мөлшерде оттегімен (О2) сутегі (Н) (96,69%), натриймен хлор (3%) бар. Сонымен қатар, Жердің басқа геосфераларының әсерінен суда Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық элементтер бар, бірақ олар өте аз мөлшерде кездеседі.


3. Биосфера - Жердің тірі ағзалар қоныстанған қабаты.Академик Вернадский В.И. биосфераны өмір аймағы деп атаған. Әр деңгейде ол атмосферада, гидросферада және жер қыртысында орналасады. Тірі ағзалардың таралған төменгі шегі қысыммен және температурамен анықталады. Құрғақ жерде тірі организмдер 3-4км тереңдікке дейін байқалады. Ал мұхитта әр түрлі фауна 11000км тереңдікте де табылған. Атмосфераның 8-10км биіктігінде де организмдер кездеседі.


89. Эндогенді және экзогенді құбылымдар, олардың бір-біріне қарым-қатынасы және әсерлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет