«жалпы химия» курсын қашықТЫҚтан оқыту үшін moodle платформасын тиімді пайдалану шарттарын анықтау


 Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде курспен жұмыс жасау



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата09.06.2022
өлшемі0,86 Mb.
#36602
1   2   3   4   5   6   7
2. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде курспен жұмыс жасау 
нұсқаулығы 
Қазіргі заманғы цифрлық технологиялар бүкіл әлемдегі жоғары оқу 
орындары мен басқа да білім беру мекемелерін дамыту үшін жаңа құралдар 
ұсынады. Бұл жоғары оқу орындарының жұмыс істеу шарттарының, олардың
жұмысын ұйымдастыруға және пайдаланылатын білім беру 
технологияларына көптеген дәстүрлі тәсілдерді қайта қарау және дамыту 
қажеттілігін туындататын жаһандық өзгерістерге алып келеді.[17] 
Қашықтықтан оқытуды тиімді жүзеге асырып, сапалы білім беру үшін 
қолжетімді әрі оңтайлы бағдарламалық платформалар таңдау маңызды. 
Қазіргі таңда әлемдік деңгейде Learning Management Systems (LMS), яғни 
білім беруді басқару жүйесі (БББЖ) бар. АҚШ жоғары оқу орындарының 
зерттеуі бойынша БББЖ ең танымалдары: Blackboard Learn, Moodle, 
Desire2Learn және Canvas. Black­board Learn платформасын 35,8% 
америкалық университеттер пайдаланады, қалған платформаларды мәселен, 
Moodle – 19,7%, Desire2Learn – 9,5% және Canvas – 9% қашықтан оқытуға 
қолданады. Қашықтан оқыту курстарына қатысатын студенттер саны 
бойынша Blackboard Learn платформасы көшбасшы (барлық студенттердің 
44,6%-ы), студенттердің 16,5% Moodle платформасын, 12,9%-ы Canvas 
жүйесін таңдаса, 12,6%-ы Desire2Learn платформасында қашықтан 
оқиды.[19] 
Жоғарыдағы әлемдік статистикаға көз жүгіртсек, көш бастап тұрған 
платформаның бірі – Moodle. Атауына аббревиатура алынған және ол 
Modular Object-Oriented Dynamic Learning Environment түрінде жіктеледі 
(модульдік объектіге-бағытталған динамикалық оқу орталығы). Moodle – 
еркін түсіну мүмкіндігіне ие ашық бағдарламалық тегін құрал. Бүкіл әлемде, 
оның ішінде Ресейде кеңінен танымал. Толығымен орыс тіліне аударылған 
және біздің елімізде 1000 астам инсталляциялары бар. 
 
 
Сайттар 
184,101 
Форум жазбалары 
665,000,000 
Курстар 
39,000,000 
Ресурстар 
329,000,000 
Пайдаланушылар 
300,000,000 
Викторина сұрақтары 
5,758,000,000 
Елдер 
241 


 1-кесте. Moodle платформасының статистикалық дерегі. 
Курстың сыртқы көрінісі. Курстың сыртқы көрінісі екі бөлікке бөлінуі 
мүмкін: блоктар және курстың негізгі мазмұны.
Блок - жүйенің жекелеген функционалды элементтері, курспен және 
оқытушылармен оқушыларға белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 
Блоктың жиынтығын қолданып, әрбір мұғалім өзіне ұнайтын орынды 
ұйымдастыра алады. Сондықтан, әр курстағы блоктың саны мен тәртібі 
өзгеше болуы мүмкін. Блоктарды оң немесе сол жаққа орналастыруға 
болады. 
Курстың негізгі мазмұны бөлімдерге бөлінеді (тақырыптар). Курстың 
бөлімі - курстың ресурстары мен элементтерінен тұратын оқу-жаттығу 
фрагменті. Курс нөлдік секциядан және тақырыптық бөлімдерден тұрады. 
Нөлдік бөлім әдетте жалпы курсқа қатысты жалпы ресурстар мен курс 
элементтерін қамтиды: курс сипаттамасы, форумдар, чаттар, жиынтық 
сынақтар мен тапсырмалар, жалпы глоссарий және т.б. Ол әрқашан 
тақырыптық бөлімдерден жоғары орналасқан. Тақырыптық бөлімдер оқу 
курсының жеке тақырыптары болып табылады. 
Тақырыптарды оқып үйренуді оқытушы анықтайды. Ағымдағы бөлік 
түспен бөлектеледі. 
Тақырыптық бөлімдер тақырыпқа ие (тақырып атауы) және ресурстар 
мен курс элементтерімен толтырылады. Курста ресурстардың ерікті көлемі 
(веб-беттер, файлдарға сілтемелер, каталогтар) және курс элементтерінің 
ерікті саны (дәрістер, сауалнамалар, тесттер, тапсырмалар және т.б.) болуы 
мүмкін. 
Курстың ресурстары.Курста бірнеше типті ресурстар болуы мүмкін. 
Курстың ресурстары тақырыпты зерттеуге қажетті материалдарға 
сілтемелерді қамтиды. 
Курстың негізгі ресурстары: 
Мәтін беті 
• Веб-бет 
• Файлға және веб-бетке сілтеме 
Файл каталогына сілтеме 
Moodle кез-келген электрондық мазмұнды көрсетеді: MS Office 
файлдары (Word, PowerPoint, т.б.), мультимедиалық файлдар (бейне, флэш 
және т.б.). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет