«Жалпы химиялық технология» пәні бойынша сұрақтар



бет26/34
Дата15.03.2023
өлшемі1,6 Mb.
#74668
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
«Æàëïû õèìèÿëû? òåõíîëîãèÿ» ï?í³ áîéûíøà ñ?ðà?òàð

Автотермиялық пиролиз. Бұл үдерісті парциалдық тотықтыру, толық емес жану немесе термототықтырғыш пиролиз деп те атайды. Бұл әдіс метанның немесе басқа көмірсутектік шикізаттың оттекті жеткіліксіз бергенде ішкі жандыру есебінен қыздыруға негізделген.
Ацетилен қанықпаған қосылыс, сондықтан ол химиялық реакцияларға тез түседі. Сол себептен оның туындылары жəне қосындылары өндірісте, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Егер бұрын ацетиленді негізінен автогендік пісіруге қолданса, қазіргі кезде оның 50%-нан артығын химиялық өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.
Ацетиленнен алынатын негізгі өнімдер мономерлер (хлорлы винил, винилацетат, акрилонитрил, винилацетилен, винил эфирлері) болып табылады. Олар пластикалық массалар, синтездік талшықтар және каучуктер өндіру үшін шикізат болады; көптеген оттек құрамды өнімдерді (спирттер, күрделі эфирлер, қышқылдар, кетондар) алу үшін пайдаланатын ацетальдегид; еріткіш ретінде қолданылатын хлортуындылар (хлорэтилендер).



  1. ЖМҚ туралы жалпы мәліметтер: ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы.

Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиетті бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Бір немесе бірнеше типті құраушы буындары еселеніп тізбектеліп жалғанған молекуланы полимер деп атаймыз. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді. И.Берцелиус 1833 ж. “полимерия” терминін ғылымға енгізген.
Алғашқы синтетикалық полимерлер 1838 (поливинилиденхлорид) және 1839 (полистирол) жылдары алынған.

Химиялық табиғатына байланысты: органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып тағы бөлінеді. Органикалық полимерлер көміртегінен, сутектен, оттектен, күкірттен және азоттан тұрады.
Бейорганикалық – кремний, алюминий, стронций, германий т.б. элементтерінен тұрады және оларда органикалық қосымша тізбектер болмайды.
Элементорганкалық полимерлердің негізгі тізбегінің табиғаты бейорганикалық болады да, қосалқы тізбегінің табиғаты органикалық болады, немесе керісінше.
Құраушы буындардың санына байланысты: гомополимерлер, сополимер.
Құрамына және құрылымына қарай карботізбекті, гетеротізбекті, бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді

  • Карботізбекті ЖМҚ негізгі тізбегі тек қана көміртек атомдарынан тұрады. Мысалы, полиэтилен, полистирол т.б.

  • Гетеротізбекті ЖМҚ негізгі тізбегі С атомынан басқа оттегі, азот, кремний т.б элемент атомдары кіреді. Мысалы, полиэфир, полиамид, мочевина, белоктар т.б.

  • Бейорганикалық ЖМҚ тізбегінде С атомы болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет