Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық қосылыстар жəне т.б пайдаланылады. Гидратация жылдамдығы олефиндердің құрылысына жəне көміртек тізбегінің ұзындығына байланысты. Тармақталған көміртек тізбекті олефиндердің гидраттау жылдамдығы жоғары болады. Олефиндердің көміртек тізбегі қысқа болған сайын гидраттау үрдісі қиын жүреді. Этиленді гидраттау қайтымды жəне жылу бөліп жүретін үрдіс. Бұл үрдіс бу жəне сұйық фазада өтеді:
CH2 = CH2 + H2O = CH3-CH2OH + Q .
Ле-Шателье принципі бойынша спирттің шығымы қысымның артуымен, температураның төмендеуімен артады.
Жанама гидратация
Орташа температурада реакция қайтымсыз, бірақ қыздырғанда тепе-теңдік солға ығысады. Үрдістің оптималды температурасы 70-80˚С. Этил жəне диэтилсульфаттың гидролизі келесі теңдеумен жүреді:
C2H5OSO3H + H2O = C2H5OH + H2SO4
(C2H5O)SO2 + 2H2O = 2C2H5OH + H2SO4
Бұдан басқа диэтил эфир, ацетальдегид түзіледі жəне этиленнің полимерленуі байқалады. Гидролиз кезінде температура 100-110˚С, қысым 1МПа шамасында болу керек. Гидролиз уақыты, шамамен, 30 минут. Бір тонна спирт алу үшін абсорбцияға 2 т күкірт қышқылын, содан соң, 4 тонна 50%-ды сұйытылған күкірт қышқылымен буландыру керек. Мұндай қышқылдың көп жұмсалуы өндірісті қиындатады жəне қымбаттатады. Бұл əдіспен 1 т этиленнен 1,2 т этанол жəне 100 кг этил эфирі алынады. Тазаланған этил спиртінің концентрациясы 95-96% болады.
Фармакологиялық қасиеттері Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ерітіндісінің тері жабындыларына әсерінен кейін тіндер ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлық әрекеті туындайды. Спирттің теріні иіту әсері оның сезімталдығы мен тер бөлінуін азайтып, ауыруын басуға және қышынуын тоқтатуға ықпал етеді.
Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.
Қолданылуы Медициналық практикада этил спирті негізінен сүртінуге, компресстерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады.
- хирургтың қолын, операция жасалатын аумақты, медициналық құралдарды тазалап-өңдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа – мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен теріге жағады. Компресс жасайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- теріні, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарын тітіркендіру және күйдіру
- резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін
- ОЖЖ бәсеңдету
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық