туберкулиндік түрі)- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық
серпілістертердің төртінші түрі. Сәйкес аллергенмен антиген- спецификалық
рецепторлар арқылы әрекеттесетін Т лимфоциттердің қатысуымен дамиды.
Мысалы: аллергиялық жанамалы дерматит, туберкулез кезіндегі туберкулинді
сынама, трансплантаттың ажырау реакциясы.
Идиосинкразия (грек. iduos – өзіндік, өзінікі synkrasis - араласу) – кейбір
тағамдар мен дәрі-дәрмектерге туа біткен патологиялық жоғары сезімталдық.
Парааллергия –
көрінісі мен әсер етуі спецификалық аллергияға ұқсас, бірақ
иммунологиялық сатысының және антиген-антидене реакциясының болмауымен
сипатталатын бейспецификалық аллергиялық реакциялар жиынтығы; нәруыздық
аллергендер құрылымы жағынан (сенсибилизациялаушы, шешуші) ұқсас
болғанымен, айырмашылықтары бар.
Гетероаллергия – бір заттекті енгізген жағдайда басқа заттекке бағытталған
организмнің жалған аллергиялық серпілісі әдетте, антигендік емес әсерлер
(мысалы, тоңу, ысу, интоксикация).
Гипосенсибилизация –организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі.
Праустниц-Кюстнер серпілісі - реагиндерді анықтау үшін қолданылатын
терінің енжарлы
сенсибилизация реакциясы. Сынаманы орындау үшін аурудың,
мысалы бронх демікпесімен ауыратын адамның 0,05-0,1 мл сары суын дені сау
адамның терісінің астына енгізеді. 1 тәуліктен соң, сол жерге аллерген егеді. Егер
гиперемия, қышу, ісіну дамыса, онда реакция оң деп саналады.