Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1 2

ТАҚЫРЫБЫ: «Гипоксия» 
 
Гипоксия 
(грек. hypo- төмен, + лат. oxygenium - оттегі) - тіндердің оттегімен 
қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен немесе оның тіндермен толық 
пайдаланылуының бұзылуынан дамитын типтік патологиялық процесс.
Гипоксемия 
(грек. hypo- төмен, + лат. oxygenium +греч. haima- қан)- қан 
құрамында оттегі мөлшерінің төмендеуі. 
Гипокапния 
(грек. hypo- төмен, + kapnos- түтін)- қан құрамында көміртегі 
қос тотығының төмендеуі. 
Гиперкапния 
(грек. hyper- жоғары, + kapnos-түтін) - қан құрамында 
көміртегі қос тотығының жоғарылауы. 
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксия 
– тыныс алатын ауада оттегінің 
парциалды қысымының төмендеуінен болатын гипоксияның түрі.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксияның гипобариялық формасы -
жоғары биіктіктерде атмосфералық қысым төмендеген (гипобария) кезде, дем 
алатын ауада оттегінің үлестік қысымы азаюынан дамитын экзогенді 
гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гипокапния тән.
 
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксияның нормабариялық формасы

атмосфералық қысым (нормобария) қалыпты деңгейде болғанына қарамастан, 
дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы төмендеуінен дамитын экзогенді 
гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гиперкапния тән.
 
Тыныстық (респираторлық) гипоксия
- сыртық тыныс алу ағзаларының 
бұзылыстары кезінде дамитын эндогендік гипоксияның түрі. Бұған артериялық 
гипоксемия мен гиперкапния тән.
 
Гемдік (қандық) гипоксия
- қан жүйесінің бұзылыстарында дамитын 
эндогендік гипоксияның түрі (қанда эритроциттер санының азаюы және белсенді 
гемоглобиннің төмендеуі). Бұған артериялық гипоксемия, қанның оттегіге 
сиымдылығының төмендеуі тән.
 
Циркуляциялық (жүрек-тамырлық) гипоксия
- қанайналым жүйесінің
бұзылыстарының салдарынан дамитын эндогенді гипоксияның түрі. Оттегінің 
құрамы бойынша артерия-веналық айырмашылықтың жоғарылауы тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет