|
Байланысты: терминдік сөздік ПФ-1 2Кетонурия -
зәрде кетонды денелердің болуы.
Гликоген
(грек. glykys – тәтті + gignomai - туындатушы) - глюкоза
қалдықтарынан
құралған
жоғары
молекулалы
полисахарид.
Бауырда,
бұлшықеттерде және басқа ағзаларда кездеседi.
Гликогенез
(
грек. glykys – тәтті + genesis – зарождение) - организмде
гликогеннiң биосинтезi.
Гликогенолиз (
грек. glykys – тәтті + + gignomai - туындатушы + lysis -
ыдырау,бұзылу) - гликогеннiң тiндерде глюкозаға дейiнгi ферментативтi ыдырау
процесi.
Гликолиз
(грек. glycos - тәтті + lysis -бөлшектену) - глюкозаның оттегiсіз
сүт қышқылына дейiнгi ферментативтi ыдырау процесi.
Гликонеогенез
(грек. glycos - тәтті + neos - жаңа + genesis – туындау) -
глюкозаның, гликогеннiң сүт қышқылынан, нәруыздардан немесе майлардан
түзiлу процесi.
Кори циклы-
сүт
қышқылынан глюкозаның синтезделуі.
Рэндл циклы
- «глюкозаны үнемдеуші» үшін тіндерде глюкозаның орнына
май қышқылдарының тотығуы
есебінен іске асатын цикл.
Гликогеноздар
- түрлі ағзалар мен тіндерде гликогеннің артық жиналуымен
сипатталатын тұқым қуатын аурулар тобы.
Панкреалық (абсолютті) инсулиндiк жеткiлiксiздiк-
инсулиннiң
биосинтезі мен бөлiнуінің бұзылуынан дамыған инсулин жеткiлiксiздi.
Панкреалық емес (салыстырмалы) инсулиндiк жеткiлiксiздiк
-
Лангенгарс аралшықтарындағы бета жасушалардың инсулинді түзуі және бөлуі
қалыпты жағдайда, инсулиннің катаболизмiн тездететiн немесе әсерiн тежейтiн
факторлардың пайда болуымен байланысты дамыған инсулин жеткiлiксiздiгі.
Синальбумин
– бұлшықет тіндеріне инсулиннiң антагонистi. Оның
мөлшерiнiң жоғарлауы панкреалық емес инсулин жеткiлiксiздiгiне әкелуі мүмкін.
|
|
|