–
дене температурасының
төмендеуi.
Гибернация (лат. hibernus- қысқы, суық)
– физикалық әсер және наркоз арқылы
дене температурасын жасанды түрде төмендету.
Гипертермия немесе қызып кету (гр. hyper- жоғары, үстем, termia-
температура) –
қоршаған ортаға жылуды беруді қиындататын немесе жылудың
сырттан көбірек түсуін ынталандыратын сыртқы ықпалдардың әсерінен дене
температурасының жоғарылауы.
Жылулық соққы- сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты
әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел
қызып кетуi.
Күн соққысы- жалаң басқа жылы күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен
болатын жедел қызып кету.
Жиырылу (контрактильдi) арқылы термогенез – бұлшық еттердiң жиырылуы
және тонусы өсуiнен жылу өндірілуінің жоғарылауы.
Жиырылусыз өтетiн (контрактильдi емес) термогенез – тотығу-тотықсыздану
процестерiнiң белсендiрiлуiнен организмде жылу өндірілуінің жоғарылауы.
Кинетоздар (гр. kinesis- қимыл+os-ауру, дерт) – организмге ұзақ уақыт iшiнде
әсер ететiн өзгермелi жылдамдықтан туатын қозғалыс аурулары.
Кавитация (ағылш. cavity- қуыс)- жасушаларда өте майда қуыстардың тез арада
пайда болуынан, кейiн олардың кенеттен жабылып калуынан пайда болған соққы
толқыны тiндердi зақымдау салдарынан “жарылу эффектiсiнің” дамуы.
Гипокинезия (гр. hypo- төмен, аз+kinesis- қимыл) – тiршiлiк жағдайларымен
байланысты қозғалыс белсендiлiгiнiң төмендеуi, шектелуi.
Гиподинамия (гр. hypo- төмен, аз+dynamis- күш) – қозғалыс белсендiлiгiнiң
жетiспеушiлiгi.
Сәуле ауруы- организмдi сырттан 1 Гр және одан жоғары дозамен бiркелкi түрде
сәулеленуден дамитын ауру.