Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
 

 
дене температурасының 
төмендеуi. 
Гибернация
(лат. hibernus- қысқы, суық) 
– 
физикалық әсер және наркоз арқылы 
дене температурасын жасанды түрде төмендету. 
Гипертермия немесе қызып кету 
(гр. hyper- жоғары, үстем, termia- 
температура) –
 
қоршаған ортаға жылуды беруді қиындататын немесе жылудың 
сырттан көбірек түсуін ынталандыратын сыртқы ықпалдардың әсерінен дене 
температурасының жоғарылауы. 
Жылулық соққы- 
сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты 
әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел 
қызып кетуi.
Күн соққысы- 
жалаң басқа жылы күн сәулелерiнiң ұзақ уақыт әсер етуiнен 
болатын жедел қызып кету.
 
Жиырылу (контрактильдi) арқылы термогенез – 
бұлшық еттердiң жиырылуы 
және тонусы өсуiнен жылу өндірілуінің жоғарылауы. 
Жиырылусыз өтетiн (контрактильдi емес) термогенез –
тотығу-тотықсыздану 
процестерiнiң белсендiрiлуiнен организмде жылу өндірілуінің жоғарылауы. 
Кинетоздар 
(гр. kinesis- қимыл+os-ауру, дерт) – организмге ұзақ уақыт iшiнде 
әсер ететiн өзгермелi жылдамдықтан туатын қозғалыс аурулары.
Кавитация
(ағылш. cavity- қуыс)- жасушаларда өте майда қуыстардың тез арада 
пайда болуынан, кейiн олардың кенеттен жабылып калуынан пайда болған соққы 
толқыны тiндердi зақымдау салдарынан “жарылу эффектiсiнің” дамуы. 
Гипокинезия 
(гр. hypo- төмен, аз+kinesis- қимыл) – тiршiлiк жағдайларымен 
байланысты қозғалыс белсендiлiгiнiң төмендеуi, шектелуi. 
Гиподинамия 
(гр. hypo- төмен, аз+dynamis- күш) – қозғалыс белсендiлiгiнiң 
жетiспеушiлiгi. 
Сәуле ауруы- 
организмдi сырттан 1 Гр және одан жоғары дозамен бiркелкi түрде 
сәулеленуден дамитын ауру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет