Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

Патологиялық реакция (гр. pathos-ауру, re- керi+ actio- әсер, ықпал) –патогендік 
факторлардың әсеріне жауап ретiнде дамитын биологиялық мәнсіз, сәйкессіз, 
қыска мерзiмдi, элементарлы, әдеттегiдей емес реакция. 
Патологиялық процесс– ауру туындататын ықпалдың бүліндіргіш әсеріне, 
заңды түрде пайда болатын реакциялардың жиынтығы.
Патологиялык жағдай – организм үшін кері биологиялық мәні қалыптан тыс 
тұрақты ауытқу; ол өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары.
Симптом (гр. symptoma- түйісу, белгі) – аурудың, патологиялық процестің, 
жағдайдың, реакцияның немесе синдромның белгісі. 
Синдром (sindrumes – бірге жүгіретін) – бірыңғай патогенезімен (симптомдардың 
кешені) бірлескен симптомдардың жиынтығы. 
Ауру ағымының айқын емес түрі – аурудың атипиялық ағымының мысалы; 
айқын емес симптомдармен сипатталады. 
Аурудың абортивтi (лат. abortus – түсік) ағымы– аурудың атипиялық 
ағымының мысалы; қысқарған ағымымен, ауыртпалық көрiнiстерi тез арада 
жойылуымен, кенеттен сауығуымен сипатталады. 
Рецидив (лат. reсidivus-қайталану) – аурудың клиникалық көріністерінің уақытша 
жоғалуынан кейінгі қайталануы немесе көріністерінің күшеюі. 
Ремиссия (лат. remissio- әлсiреу, азаю) – аурудың ары қарай дамуы баяулауынан 
немесе тоқтауынан, жарым-жартылай кері дамуынан науқас жағдайының 
уақытша жақсаруы. 
Асқыну– организмде бар ауруға басқа патологиялық процестің, аурудың 
қосылуы. Ол негізгі аурудың ерекшеліктерімен байланысты немесе өткізген емдік 
шаралардың күтпеген салдарлары ретінде пайда болады.
Аурудың өршуі – көрiнiп тұрған симптомдардың күшеюiмен немесе 
жаңаларының пайда болуымен сипатталатын созылмалы ауру ағымының сатысы. 
Латенттi ағым (лат. latēns (latentis) – жасырын, көрінбейтін) – сыртқы көзбен 
қарағанда көрiнбейтiн ауру ағымы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет