Жалпы патофизиология


ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы этиология. Адам организміне қоршаған ортаның 
дерт туындататын факторлардың әсері» 
 
Этиология (гр. aetia- себеп+ logos- iлiм) - ауру пайда болуы және дамуының 
себептері мен жағдайлары туралы iлiм 
Этиологиялық фактор немесе ауру себебi  белгiлi бiр жағдайларда организмге 
тура әсер етiп, сол немесе басқа салдарды, яғни ауруды, тудыратын және оған 
ерекше қасиеттердi беретiн зат немесе құбылыс 
Жағдай (лат. conditio- жағдай) – ауруды өздiгiнен тудырмайтын, бiрақ оның 
пайда болуына, дамуына, аяқталуына әсер ететiн фактор, жағдай немесе олардың 
жиынтығы 
Ятрогендi аурулар (гр. iatros- дәрiгер+gennao-құру)  медицина қызметкерлерiнiң 
қателерiнен дамитын аурулар немесе дәрігердің дұрыс я қате әрекеттерінің 
нәтижесінде алдын алу, диагноз қою, емдік шараларды қолданудың қолайсыз 
салдары ретінде дамиды.
Қауiп факторы- белгiлi аурудың тура себебi бола алмайды, бiрақ пайда болу 
мүмкiндiгiн жоғарылататын фактор. 
Полиэтиология (гр. poly- көп+aetia- себеп) – бiр ауру көптеген себептермен 
шақырылуы мүмкiн деген көзқарасты мақұлдайтын этиологиядағы бағыт. 
Монокаузализм (гр. monos – біреу, жалғыз, causa – себеп) – этиологиядағы 
бағыт; осы бағытқа сәйкес, әр ауруды бір себеп қана шақырады және де организм 
осы себеппен кездескенде міндетті түрде ауру дамиды.  
Кондиционализм (лат. conditio – жағдай) – себеп туралы жоққа шығаратын және 
ауру пайда болуында жағдайлар кешендерінің маңыздылығын қолдайтын 
медицинадағы ағым. 
Этиологиялық ем – ауру себебіне қарай (жою, әлсірету арқылы) бағытталған ем. 
Гипобария (гр. hypo- төмен, аз+barys – ауыр) – төмен барометрлiк (сыртқы, 
атмосфералық) қысым 
Декомпрессия белгiлерi (лат. de- жою, бас тарту+compressio- басу, қысу) – 
газдар көлемi ұлғаюымен, сұйықтықтардың қайнау температурасы төмендеуiмен, 
тiндерде ерiген азоттың газды түрге ауысуымен және гипобариямен байланысты 
симптомдар 
Тау ауруы (morbus montanus) – жоғарғы биiкке көтерiлгенде дамитын және 
пайда болған гипоксиялық гипоксияға (атмосфералық қысым төмендеген 
жағдайда дем алатын ауада оттегiнiң парциалдық қысымының төмендеуi) 
байланысты ауру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет