Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет65/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Тиран — 1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, катал, мейірімсіз билеуші; 3) кысымшы, езуші адам.
Толеранттық басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.
Тоталитаризм әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бакылауға алынған мемлекетгік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мүндай тәртіпте өндіріс, экономика, бұкаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі жөне т.б. тегіс бақыланады. Азаматтардың, конституциялық үйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық - полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық партиялар — саяси жүйенің басқа элементтерін (құрамдас бөліктерін) өзіне бағындыруға тырысқан партиялар. Олар идеологияланған, қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.
Төртінші билік — қазіргі өмірдегі ақпарат құралдарының алар орнына баға беріп, бейнелеп айту. Шынында да, өмірдін, демократияланып жатқан дәуірінде, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды толық пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамнын, ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде акпарат құралдарының бүгінгі танда биліктің үш тармағынан кейінгі орынды алуы даусыз.
Төтенше жағдай — мемлекет бойынша немесе оның жекелеген өңірінде ерекше жағдайларға байланысты нактылы мерзімге орнатылған тәртіп. Мұндай жағдай соғыс кезінде, мемлекеттік төңкеріс, стихиялық апат және т.т. шағында жарияланады. Бұл кезенде азаматтардың құқықтары шектеледі.

Триумвират — саяси және әскери үш қайраткерден тұратын одақ.
Тұғырнама — белгілі бір мәселе жөнінде саяси партияның, қоғамдық ұйымның, топтың, қоғам қайраткерінің көзкарастарының жүйесі, іс-қимылы, талабы. Бағдарламаға қарағанда оның ауқымы тар келеді.
Тұжырымдама — 1) белгілі бір мәселеге, кұбылысқа көзқарастардың жүйесі; 2) ғылыми еңбек, шығарманың және т.с.с. негізгі қағидалары. Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, ресми құжаттарында жәнет.т. көрініс береді.
Тұлға — қоғамдық өмірдің нактылы-тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет