Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет1/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАЛПЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ӘГП КАФЕДРАСЫ


Саясаттану пәнінен дәрістер.

КӨКШЕТАУ – 2019 ж.




КІРІСПЕ.
Еліміз егемендігін алғаннан кейін әлеуметтік өмірдің барлық салалары өзгерді. Жоғары оқу орындарында өркениетті елдерде оқытылып жүрген біздің бүгінгі заманымыздың талабына сай келетін іргелі ғылымдар енгізіле басталды. Саясаттану –солардың ішінде ерекше орын алды. Саясаттану қоғамдағы саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірде алатын орнын, құқықтары мен бостандықтарын дұрыс білуге бағыт-бағдар береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық –саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат- мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.Саясаттану адамдарға саяси қажеттіктерін мемлекет тарапынанда іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау- жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды. Мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты.
Бұл пәннің мақсаты – студенттерге саяси институттардың, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге көмектесу. Адамдардың саяси санасын қалыптастыру, адамзат дамуының баламалы даму жолдары бар екендігін түсіндіру, демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін бойларына сіңіру.
Адамдардың саясатқа қатысуы өзінен-өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көруде аз.
Саяси әдебиетті оқу барысында оқырман қауым осы саладағы түрлі терминдерді кездестіреді. Сондықтан әр жерден іздемес үшін кітаптың соңында саяси терминдердің қысқаша сөздігі берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет