39
өркен» үйірмелері, «Жас дәурен» домбырашылар үйірмесі, «Дебат» клубтары
жұмыс жасап келеді. Мұндай үйірме мен клубтардың ұйымдастырылған
сыныптан тыс жұмыстар оқушы қабілеті мен дарынын ұштаудың негізгі алаңы.
Білім алушылардың дарынын дамыту олардың қабілеттілігін ғана
арттырмайды, болашақ өмірге дайындап, мамандық таңдауына да әсер етеді.
Мектебімізде сонымен қатар дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылған. Олар -
интелектуалдық, спорттық, өзін-өзі басқарушылық, ұйымдастырушылық,
көркемөнерпаздық. Осы аталған бағыт бойынша тоқталатын болсақ, ақыл-ой,
тіл, интелектілік жағынан дарындылармен жұмыс білім алушыларды ойлауға,
есте сақтау қабілеттерін арттыруға, сөйлеу өнеріне, ғылыми тұрғыда ізденуге,
жадын дамытуға, пікір таласып ойталқыға түсуге, көркем сөйлеуге үйретеді.
Осы негізде ғылыми жобалар жұмысы бойынша екі білім алушымыздың
республикалық байқауға жұмыстары ұсынылып, бір білім алушымыз жүлдегер
атанып, республикалық дарынды оқушылар тізімімен жинаққа енді. «Жас
биолог» бағыты бойынша магниттік мектептер арасындағы «Кәдеге асырайық!»
тақырыбында тұрмыстық қалдықтардан «Мүсіндер жасау» сайысында жүлделі
үшінші орынды иеленді. «Абай-Шәкәрім», «Мұқағали» оқулары бойынша да
оқушыларымыз аудандық жүлдеден құр алақан емес. Мектепте оқушылардың
өзін-өзі басқаруы бағытында құрылған «Жалын» қоғамдық ұйымының өзіндік
орны бар. Ұйым мүшелерінің өзара өзіндік бөлінген және айыны бір рет
мектепшілік шара өткізіліп тұрады. Ұрпақ тәрбиесі - болашақ қоғам тәрбиесі.
мамандыққа көзқарас, негізінен оқыту-тәрбиелеу ісінің сипатымен анықталады.
Сонымен, кәсіби білім береуде еңбек нарығының нақты сұранысына
бейімделіп, еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болу
керек. Үйірмелердің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлттық
ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Бастауыш мектеп» №11, 2003
2. «Қазақстан мектебі» № 1, 2007
3. «Ұлан» № 27, 2022
Достарыңызбен бөлісу: